Илемдеу жылдамдығы реттелмелі (реверсті) орнақтардың қуаты.
Блюмингтер, слябингтер, қалыңтабақты және басқа да бірқапасты орнақтар реверсті режімге келтірілетін тұрақты ток қозғалтқышымен айналысқа келтіріледі. Реверске келтіру процесі қозғалтқыштың айналу жиілігін кең аралықта бірқалыпты реттеу арқылы іске асырылады. Сондықтан қозғалтқыштың қуатын анықтау үшін барлық пішіндер үшін (барлық өтпелер үшін) жүктеме диаграммасын тұрғызу қажеть (Сурет 5.2).
Диаграммаға сәйкес тілкемді илемдеудегі толық уақыт үзіліс, екпін алу, орнықты жылдамдық және тежелу кезеңдерінен тұрады. Әдетте металдың пішінбіліктермен қарпылуы қозғалтқыштың екпін алу кезеңінде жүзеге асады, ал пішінбіліктерден шығуы қозғалтқыштың тежелуі кезінде орын алады.
Екпін алу (үдеу) және тежелу кезеңінде қозғалтқыш жүктемесі статикалық және динамикалық моменттерден құралады:
Сурет 5.2 - Реверсті илемдеу орнақтарында (блюмингте, слябингте және т.б.) илемдеу кезіндегі басты электрқозғалтқыштың жылдамдық және жүктеме диаграммасы.
1) Пішінбіліктерде илемделетін металл болмағанда жетектің екпін алуы мен тежелуі
; (5.20)
; (5.21)
мұндағы mDi2 – барлық айналмалы бөлшектердің келтірілген сермелік моменті;
Mбж – пішінбіліктер металсыз төмен мәнді тұрақты жылдамдықпен айналу, яғни өтпелер аралығындағы үзіліс кезіндегі орнақтың бос жүріс моменті
(5.22)
мұндағы miq - жетек тізбегіндегі айналмалы бөлшектің біреуінің массасының мойынтірекке түсіретін жүктемесі;
mi, di – сол бөлшектің мойынтірегіндегі үйкеліс коэффициенті мен үйкеліс диаметрі.
Әдетте бос жүріс моменті қозғалтқыштың номинальды моментінің 2-ден 5%-не дейінгі шаманы құрайды.
dω/dt – бұрыштық үдеу, блюмингтер мен слябингтерде мынадай мәнге ие болады:
- екпін алу кезінде - 3,8-8 1/с2 ;
- тежелу кезінде - 4-10 1/с2
2) Пішінбіліктерде илемделетін металл салынып жетектің екпін алуы кезінде
; (5.23)
мұндағы mD2i - құймакесек массасын ескеретін келтірілген сермелік момент.
3) Тұрақты жылдамдықпен илемдеу кезінде
(5.24)
4) Жетектің тежелуі кезінде (металмен)
, (5.25)
мұндағы mD2i 2 = mD2i 4
Жүктемелік диаграмма барлық өтпелер үшін тұрғызылады (әрбір өтпеде жүктемелік диаграмманың барлық бөліктері есептеледі).
Қозғалтқыштың номинальды моменті екі жағдайға байланысты анықталады: үлкен жүктемемен жұмыс істеу жағдайында қозғалтқыш якорінің орамасынан үлкен мәнді ток өткенде қозғалтқышты қызып кетуден сақтау; қозғалтқыштың мүмкін боларлық қысқа мерзімдік асқын жүктелуге ұшыратпау. Қозғалтқыш якоріндегі ток шамасының моментке пропорционалдығын біле отырып, ток бойынша тексеруді момент бойынша тексеруге ауыстыруға болады.
1) Момент бойынша қызып кетуге тексеру бір тілкемді толық илемдеп шығу кезеңіндегі (пішінбіліктер арқылы металдың барлық өтпелерінде) орташа квадратты (эквивалентті) моментті анықтаудан тұрады, ол мына формуламен анықталады:
; (5.26)
немесе
; (5.27)
мұндағы tц - бір құймакесекті илемдеу циклының уақыты.
2) Асқын жүктелуге тексеру:
Мmax /K £ Mн (5.28)
мұндағы Mmax – жүктеме диаграммасы бойынша анықталатын қозғалтқыштың максимал моменті (мысалы, М2);
K – асқын жүктеу коэффициенті К = 2,5 ÷ 2,75.
Сонымен, екі жағдайда да қозғалтқыштың номинальды моменті қызып кету мен асқын жүктелу моментінен асқын жүктелу коэффициентіне (К) тең шамаға артық болуы керек.
Әдебиеттер:нег. 1 [38-44], 3 [45-55]; қос. 5 [4-22].
Бақылау сұрақтары:
1. Илемдеу орнағының қозғалтқышының бұраушы моменті қандай моменттерден құралады?
2. Реверсті және реверссіз қозғалтқыштардың қуатын анықтаудың қандай ерекшеліктері бар?
3. Қозғалтқыш білігіне келтірілген илемдеу моментідегеніміз не?
4. Жетектің пайдалы әсер коэффициенті қалай анықталады?
5. Динамикалық момент қай кезде пайда болады?
6. Сермер моменті дегеніміз не?
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1232;