Дәріс. Әртүрлі орнақтардың жұмыс қапастарының қысқаша сипаттамасы

Блюмингтер. Мысал ретінде блюминг 1500 (УЗТМ конструкциясы) орнағының жұмыс қапасын қарастырамыз. Жұмыс қапасы тақталы екі тұғырдан, жастықшалы пішінбіліктерден және мойынтіректерден, пішінбіліктерді орнату және теңдестіру құрылғыларынан тұрады.

Әрқайсысы 125 т тартатын құйма тұғырлар екі тақтаға орнатылған, арты екі көлденең қаңқаға тіреледі. Тақта мен қаңқаның ортаңғы бөлігі фундаментке сүйенеді. Әрбір тақта фундаментке сегіз бұрандамамен, ал маңдайшамен болат сыналар арқылы бекітілген. Тұғырдың табаны алынып –салынбалы, жинастыру кезінде бұрандаманың көмегімен тақтаға бекітіледі. Тақталар астыңғы және үстіңгі жағынын өзара тартпа бұрандамалармен бекітілген. Бұл бұрандамалар да ыстық кезінде тартылады.

Жұмыс пішінбіліктерінің диаметрі 1500 мм, бөшкенің ұзұндығы 3550 мм, қайраудан кейінгі бөшкекенің ең кіші диаметрі 1380 мм, пішінбіліктер хромникельді болаттан σв =800 МПа жасалады.

Пішінбіліктер тұтас баспақты табақты мойынтіректерде орнатылған, мойынша диаметрі мен ұзындығы 850 мм. Пішінбілік мойын құрама майлау үшін үздіксіз беріліп тұрған фильтрлі су мен сәт сайын берілетін қою май пайдаланылады.

Тұғыр терезесіне бағыттаушы тақтайша бекітіледі, сол арқылы жоғары біліп жастықшалары орын ауыстырады. Төменгі пішінбілік жастықшалары қозғалмайтындай болып бекітілген. Пішінбіліктерді қайтақайрудан өткізген соң тұрақты белгілеу кезінде илемдеу сызығын сақтау үшін олардың астына астар төселеді.

Үстіңгі пішінбілік жастықшаларынан осьтік күштерді қабылдап алу үшін әрбір тұғыр сыртына гидроцилиндрлер арқылы жылжытылатын ауыр тақтайшалар бекітіледі. Астыңғы пішінбілік жастықшаларының осьтік күшін бүйірлік тақтайшалар қабылдайды.

Астыңғы пішінбілікті ауыстырған кезде жастықшалы тақтайша орнынан қозғалады, сондықтан бұрандамаға арналған тесік сопақ болып жасалған. Үстіңгі және астыңғы жастықшалы пішінбіліктерінің комплекті ауысуы арнайы құрылығы көмегімен жүзеге асады. Бұған дейінгі блюмингтерге қарағанда бұл блюминг қапасының үстіңгі пішінбіліктері жастықшаларымен гидравликалық құрылғы көмегімен теңдестірледі.

 

Сурет 19.1 - Блюминг 1500 жұмыс қапасы

Диаметрі 560 мм, адымы 32х2=64 (бұранданың бұрамалық көтерілу сызығының бұрышы α=2006") басқыш бұрамалар әрқайсысының қуаттылығы 640 кВт (750/1600 айн/мин, ПВ=100%) вертикальды фланецті тұрақты ток электрқозғалтқышымен цилиндрлі тістегеріш арқылы жетектеледі. Фланецті электрқозғалтқыштарды суытуға арналған ауа ауаөткізгіштер жұмыс қапастарының үстіндегі алаңдар мен баспалдақтарға орнатылған металл конструкцияларда орнатылады.

Жұмыс қапасының екі жанынан қуаттылығы 135 кВт-қа тең тұрақты токты электрқозғалтқышпен жабдықталған дара жетекті тұғырлы роликтер орнатылған.

Жұмыс қапасының жалпы массасы (алаңша мен баспалдақ металлконструкциясын есептемегенде) 900 тоннаны құрайды.

Орағышы бар суықтай илемдейтін реверсті қапас. Ені 1500 мм және қалыңдығы 0,5 мм жұқа табақты илемдеуге арналған, 500/1400х1700 орағышы бар суықтай илемдейтін реверсті қапастың ерекшелігін қарастырамыз.

жұмыстық қапас әрқайсының массасы 98т, қатаңдығы жағары екі болат құйма тұғырдан; жастығы бар пішінбіліктерден, жоғарғы пішінбіліктерді гидравликалық теңдестіргішпен, басқыш механизмнен, жайпақ өткізгіш үстелден, орағыш атанағының консольды білігінің бұрушы тіреуішшіпен және басқыш құрылғы алаңынан тұрады.

Тұғырлар тақтайға орнатылып өзара маңдайшамен жалғастырылған. Жұмыс пішінбіліктері төртқатарлы конусты мойынтіректерде (260/400х255 мм) айналады. Осы орнақтағы жастықтар аралығындағы гидравликалық цилиндрлер (диаметрі 120 мм, қысым 10МПа) жоғарғы пішінбілікті теңдестіру үшін ғана есептелмеген, сонымен бірге жоғарғы жұмыс және тіреу пішінбіліктерінің мойынтіректердегі саңылауды таңдау үшін де есептелген. Тіреу пішінбіліктері диаметрі 900 мм суйық үйкелесті мойынтіректерге (СҮМ-900) қондырылған.

 

Сурет 19.2 - Орағышы бар 500/1400х1700 суықтай илемдеу реверсті қапасының сұлбасы

 

Жоғарғы тіреу пішінбілігін жастығымен қоса теңдестіруді тұғырлар аралығындағы жоғарғы маңдайшаға орналасқан гидравликалық цилиндр (d = 350 мм, жүрісі 350 мм) арқылы іске асырылады. Орнақтың жұмыс істеп тұрған кезінде цилиндрдегі сұйықтық қысымы 10 МПа; тіреу пішінбіліктерін жастығымен қосқандағы жиынтығын ауыстыру кезінде(массасы 110т) май қысымы 20 МПа дейін жоғарылайды (көтеру күші 1836 кн).

Жұмыс пішінбіліктері қуаттылығы 4000/3600/2700, n=145-240/320 айн/мин ПБК 215/95 типті тұрақты тоқты электрқозғалтқышымен максималды бурау моментін (0,4 мн.м) беретін тістегеріштік қапас әмбебап айналдырық арқылы жетектеледі. Илемдеу кезіндегі пішінбілікке түсетін ең үлкен күш 18 МН.

Диаметрі 440 мм, бұранда адымы 10 мм басқыш бұрамалар глобоидты редуктор арқылы екі электрқозғалтқыштан (электрмагнитті муфта арқылы бір-бірімен қосылған) айналыс алады; бұрамалардың қозғалыс жылдамдығы 0,25 мм/с.

Пішінбіліктердің екі жағынан жазық өткізгіш үстел орнатылған, олар пішінбіліктерге тілкемнің алдыңғы ұшын түзу бағыттап беру үшін және илемдеу кезінде артқы жағына керіліс туғызу үшін (тілкем орағыштағы орамдықтан толық тарқатылып болғанда) қоданылады.

Илемделген орамдықты орағыш атанағынан шығарып алған кезде тіреуіш кронштейн гидравликалық цилиндр көмегімен шетке қарай қайтарылады. Қапастың жалпы массасы 402 т.

Үздіксіз сымтарту орнағының жұмыс қапастары. Түсті металдар мен болаттан сым илемдеуге сымтарту орнағының тазалай өңдеу қапастары желісінде әрбір жұмыс қапасында катанка бір илемделеді. Илемдеу жылдамдығы 10-40 м/с жетек қуаттылығы 100-600 кВт болған кезде пішінбіліктерге түсетін күш шамасы көп емес (30-50 кН).

Катанка пішінінің дәлдігі жоғары болуын қамтамасыз ету үшін екі пішінбіліктің (үстіңгі және астыңғы) шеңберлік жылдамдықтары синхронды болуы қажет. Синхронды айналуды қамтамасыз етудің тиімді тәсілінің бірі электрқозғалтқыштан берілетін айналыстың пішінбіліктің біреуіне ғана берілуі; металды илемдеу барысында екінші пішінбіліктің айналу жылдамдығы әрқашан жетекші пішінбілік жылдамдығына тең болады. Металдың пішінбіліктермен қарпылу жағдайын жақсарту үшін екінші пішінбілік шағын қосымша қозғалтқыш арқылы айналдырылады (қуаты 5÷10 кВт, айналу жылдамдығы 1000-4000 айн/мин).

 

Сурет 19.3 - Үздіксіз сымтарту 250 орнағының жұмыс қапасының сұлбасы

 

Сонымен, бос жүріс кезінде (металдың қарпылуына дейін) екі пішінбілікте жетекті болады. Металл пішінбіліктермен қарпылғаннан кейін негізгі деформация жұмысын қуаттылығы үлкен бас қозғалтқышпен жетектелетін пішінбіліктің біреу ғана атқарады; екінші қозғалтқыш бұл кезде қозғалтқыштық немесе генераторлық режімде жұмыс істейді. Пішінбіліктер суйық үйкелестімойынтірекке қондырылған үстіңгі пішінбілік жастығында серіппелі теңдестіргіш қолданылады. Орнақ тұғыры үстіңгі және астыңғы маңдайшалардан және басты электроқозғалткышты бекітетін ернемектен тұратын болат моноблок болып жасалған.

Астыңғы пішінбілік жастықтары тұғырға бүйірлік тақтайшамен орнықтырылған; үстіңгі пішінбілік жастықтары рычагты-жұдырықшалы механизм мен қапастың жоғары жағындағы көлденең бұрамалы тартпа көмегімен осьтік бағытта реттеле алады. Басқыш бұрамалар вертикаль ернемекті қозғалтқыштармен червякты беріліс арқылы айналдырылады: бұрамалардың қозғалу жылдамдығы 0,1-0,2 м/с.

Жұмыс қапасы қорап тәрізді тақтайға бекітілген; пішінбіліктер мөлшерлегішін (калибр) илемдеу осьі бойынша орналыстыру үшін жұмыс қапасы червякты-бұрамалы механизм көмегімен тақтай бағыттауыштары бойымен жылжытылады.

Пішінбіліктерді ауыстыру ауыстырылатын жинақтан қапасқа тұтастай жүргізіледі.

Әдебиеттер:нег. 1 [140-147], 2 [314-350], 4 [210-298]; қос. 2 [191-260].

Бақылау сұрақтары:

1. Жаншығыш және сортты орнақтардың жұмыс қапастарының атқаратын міндеті мен қысқаша сипаттамасы. Құрылымдық ерекшеліктері.

2. Суықтай илемдеуге арналған орауышы бар реверсті илемдеу қапасының құрылым мен қысқаша сипатамасы қандай?

3. Астыңғы пішінбілігі жетекті жұмыс қапастарының құрылымдық ерекшеліктері неде?

4. Көппішінбілікті жұмыс қапастарының сипаттамасы.

5. Блюминг 1500 жұмыс қапасының құрылымы.








Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1530;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.