Дәріс. Құймакесек тасығыштар
Илемдеу температурасына дейін қыздырылған құймакесектер қыздырғыш құдықтардан қысқыш кран арқылы құймакесек тасығыштарға беріледі, олар құймакесектерді блюминг немесе слябингтердің қабылдаушы рольгангтарына жеткізіліп, олардың роликтеріне жатқызылады. Содан соң құймакесектер рольгангпен орнақтың жұмыс қапасына беріледі.
Қазіргі кезде құймакесекті берудің екі түрі кеңінен тараған-қайықшалы және айнымалы.
1. Қайықшалы құймакесекті беру көбінесе құдықтар екі паралелль пролеттарда орналасқанда қолданылады. құдықтың әр қатарының бойымен құймакесек тасығыш жүріп отыратын болады.
Сурет 13.1 - Қайықшалы құймакесекті беру сұлбасы
Құймакесек төрт жүріс дөңгелегіне (диаметрі 1050 мм) орнатылған салмақты қана болып жасалған. Ілінісуді жақсарту үшін барлық төрт дөңгелегі де жетекті (сурет 7.6.).
Дөңгелектер жетегі арбашаның екі жанынан екі артқы осьтің ар жағында орналасқан. Жетек екі электрқозғалтқыш (N=100кВт, n= 475/950 айн/мин), тісті муфта және червякты редуктор арқылы жүзеге асырылады. Қозғалтқыштар арнайы желдеткіштермен суытылады. Домалау мойынтіректері құймакесек тасығыштың өзінде орналасқан дербес станциядан қою маймен майланады (3-4 сағ. кейін).
Арбаша қаңқасының алдыңғы бөлігінде, екі цапфаға массасы 15 т салмақты құйма бесікше орнатылған. Бесікшенің бұрылуы және құймакесектің аударылуы бұлғақты-қосиінді беріліс арқылы жүзеге асырылады. Оның жетегі жеке электрқозғалтқышпен жұмыс істейді (N=60 кВт, n=540 айн/мин). Сонымен қатар бесікшенің аударылуы гидроцилиндр көмегімен де жүргізілуі мүмкін.
Бесікше цапфасының диаметрі 320 мм. Бесікшенің алдында қаңқаға диаметрлері 475 мм рольгангтың екі ролигі орналасқан. Олар цилиндрлі шестернялар (i=10,3) арқылы электрқозғалтқыш (N=34кВт, n= 620 айн/мин) көмегімен жетектеледі. Роликтердің шеңберлі жылдамдығы 1,5 м/с. қозғалтқыштардың қоректенуі арбаша жолының бойында орнатылған троллейлі жетекпен жүзеге асырылады.
1-құймакесек тасығыш; 2-электрқозғалтқыш; 3-бесікше, 4-бұлғақ; 5-қосиін; 6-рельсті жол; 7-құймакесек дөңгелегі; 8-таяныш; 9-қабылдауыш рольганг роликтері; 10-құймакесек тасығыш роликтері; 11-құймакесек.
Сурет 13.2 - Қайықшалы құймакесек беру кезіндегі құймакесек тасығыш сұлбасы
Массасы 35т құймакесек қыздырғыш құдық камерасынан қысқыш кран көмегімен суырылып алынып, жантайтылған күйінде құймакесек тасығыш бесікшесіне орналастырылады. Содан кейін құймакесек тасығыш орнақтың қабылдаушы рольгангіне қарай жылжиды.
Рольгангке жақындағанда құймакесек тасығыш жылдамдығы автоматты түрде төмендейді; таянышқа тірелгенде шеткі ажыратқыш іске қосылып құймакесек тасығыш тоқтайды. Осы сәтте бесікшені бұру механизмінің, алдыңғы роликтердің және қабылдаушы рольганг жетектерінің қозғалтқыштары іске қосылады. Құймакесек роликтерге ақырын түсіріліп, сонан соң қабылдаушы рольганг арқылы ары қарай тасымалданады.
Көрші пролеттағы құймакесекті беру рельс бойымен қозғалатын арбаша көмегімен жүзеге асырылады.
II. Қазіргі заманғы жаншығыш орнақтарда УЗТМ ұсынған құймакесекті айналмалы беру әдісі қолданылады, мұнда айналмалы тұйық жолмен төрт құймакесек тасығыш үздіксіз қозғалыста болады (Сурет 13.3). Қыздырылған құймакесек қысқыш кран көмегімен құймакесек тасығыш қаңқасына горизонталь қалпында орналастыралады. Құймакесекті осы қалпында, рельсті жолдың бұрылған жерінде арнайы итергіштер көмегімен құймакесек тасығыш қаңқасынан итеріліп, қабылдаушы рольганг роликтеріне беріледі.
Құймакесек тасығыш серіппелі амортизаторлары бар массасы 30 т дейінгі құймакесектерге арналған горизонталь платформа орналасқан массасы 43 т өздігінен жүретін арбаша болып жасалған. Мұндай құймакесек тасығыштың құймакесекті аударуға арналған тік бесікшесі болмайды, құймакесек қысқыш кран арқылы платформаның көлденең шығырларына (брус) арбаша қаңқасын бойлай горизонталь орналастыралады.
1-құдықтар; 2-құймакесек тасығыш; 3-айналмалы жол; 4-көпірлі кран; 5-құймакесекті итергіш; 6-қабылдаушы рольганг; 7-жұмыс қапасы; 8-қосымша рельс жолы.
Сурет 13.3 - Айналмалы құймакесек беру сұлбасы
1-пісіріліп жасалған платформа; 2-тақтай; 3,6-амортизаторлар; 4,5-роликті мойынтіректер; 7-редуктор; 8-ток қабылдағыш; 9-жүрісті арбаша; 10-дөңгелек; 11-бос жүрісті жүгіршік; 12-қосымша рельс; 13-бағыттауыш роликтер; 14-электрқозғалтқыш.
Сурет 13.4 - Айналмалы құймакесек беруде қолданылатын құймакесек тасымалдағыштар
Құймакесек тасығыш платформасы роликті мойынтіректер арқылы тақтайшаға және екі жүріс арбашасына топсалы тіреледі. Арбашалардың төрт дөңгелегі (диаметрлері 950 мм) арнайы пішінді (ені 1600 мм) рельстермен жанасады. Әрбір жүріс арбашасы платформа астында орналасқан тұрақты токты электрқозғалтқышынан (N=46 кВт, n=625 айн/мин), цилиндрлі редуктордан тұратын жетекпен жабдықталған. Арбаша осьтерінің базалық арақашықтығы 2200 мм, түзу жолдағы құймакесектің максимал жылдамдығы 5,5 м/с дейін.
Қабылдаушы рольганг тұсына келгенде құймакесек тасығыш тоқтап, итергіш көмегімен платформадағы құймакесек рольганг роликтеріне түсіріледі және ары қарай жұмыс қапастарына тасымалданады.
Құймакесексіз тасығыш содан кейін дөңгелектенген жолмен кері қарай бұрылып жүре отырып, қыздырғыш құдықтарға келесі құймакесектерді қабылдауға жеткізеді. Құймакесек тасығыштың дөңгелектенген рельс жолымен өздігінен қозғалуы үшін жүріс дөңгелектерінің осінде сырт жағынан бос жүрісті жүгіршіктер (диаметрі 630 мм) орнатылған. Олар негізгі рельс жолынан жоғары орналасқан қосымша үшінші рельске тіреледі. Дөңгелектенген жол бөлігіне жақындағанда жүгіршіктер біртіндеп жоғарыланатын үшінші рельске тіреле бастайды, мұнда оң шеткі дөңгелектер аздап көтеріледі де өзінің рельсіне жанаспай өтеді. Сонымен, дөңгелектенген жол бөлігінің бойымен төмен жылдамдықпен (1-1,5 м/с) қозғалғанда, құймакесекте төрт тіреу болады: екі сол жақ жүріс дөңгелегі және екі жүгіршік. Олар жетекті дөңгелектердің рельс бойында тайғанақтауын болдырмайды. Құймакесек тасығышты дөңгелектетіп рельс жолымен қозғалуын бағыттау төрт жұп бағыттауыш роликтермен қамтамасыз етіледі.
Электрқозғалтқыштардың қоректенуі құймакесек жолының бойында орналасқан троллей сымдарынан ток алғыштар көмегімен жүзеге асырылады. Ауыр құймакесектерді (40 т дейін) илемдеуге арналған слябингтерде құдықтардан тік қалыпта суырылып алынатын құймакесектерді горизонталь арбашаларға орналастыру қиын. Сондықтан мұнда вертикаль бесікшесі бар күнделі құймакесек тасығыштар қолданылады, оларда құймакесекті аудару гидроцилиндр көмегімен (Р=20 МПа, d=140 мм, жүрісі=325 мм) жүзеге асырылады. Бесікшені бастапқы қалпына келтіру гидроцилиндр көмегімен (d=380 мм, жүріс 980 мм, Р=12,5 МПа, қайтарылу уақыты 90с) іске асырылады.
Құймакесектің жалпы массасы 110т, оның ішінде қаңқасы 44т, екі арбаша-38т, бесікше - 17,6т. Құймакесек тасығыштар қажетті жылдамдықпен жылжу үшін олар белгілі бір екпінмен қозғалуы керек. Құймакесегі бар құймакесек тасығыш екпін алғанда инерция күші туындайды.
(13.1)
мұндағы m-құймакесегі бар құймакесек тасығыш массасы;
G-құймакесегі бар құймакесек тасығыш салмағы;
J-үдеу;
Т=Qμ - жанасу күші.
Құймакесек тасығыштың қозғалуы үшін Т>I немесе Qμ>I болуы қажет.
мұндағы Q-құймакесегі бар құймакесек тасығыш салмағының жүктемесі;
G-құймакесек тасығыш салмағы;
μ-үйкеліс коэффициенті.
(13.2)
(13.3)
болғанда j=2м/с 2 ; өйткені μ=0,2, g=9,8м/с 2 J≤ 2м/с 2.
Әдебиеттер:нег. 1 [135-139], 2 [146-154], 3 [130-139]; қос. 2 [139-152].
Бақылау сұрақтары:
1. Құймакесек тасығыштардың атқаратын міндеті мен қысқаша сипаттамасы.
2. Қайықшалы құймакесек тасығыштың құрылымы мен жұмыс принципін түсіндір.
3. Құймакесекті айналмалы беру әдісі қалай жүргізіледі?
4. Айналмалы құймакесек беруде қолданылатын құймакесек тасымалдағыштардың жұмыс принципі қалай?
5. Қайықшалы құймакесекті беру қандай жағдайда қолданылады?
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1249;