Рольгангтер.
Илемделетін металдарды илемдеу орнына тасымалдау, пішінбіліктер арасына салу, және олардан қабылдапалу және көмекші машиналарға жылжыту жұмыстарын рольгангтер арқылы жүзеге асырады. Қазіргі заманғы илемдеу орнақтары металды ағынды үздіксіз өңдейтін технологиялық процестермен сипатталады. Сондықтан рольгангтардың жалпы ұзындығы орасан зор, ал массалары илемдеу орнағының механикалық жабдықтарының жалпы массасының 20-30%-не дейін жетеді.
Тағайындалған мақсатына қарай рольгангтер жұмысшы және тасымалдаушы болып бөлінеді. Жұмысшы деп тікелей жұмыс қапастарына жақын орналасып илемделетін металды пішінбіліктерге беріп және одан қабылдап алуға орналған рольгангтерді айтады, тасымалдағыш деп жұмыс қапасына дейінгі және кейін орналасып орнақтың жекелеген көмекші машиналары мен құрылғыларын жалғастырып тұрған қалған рольгангтердің бәрін айтады.
Рольгангетр роликтерінің жетегінің құрылымы бойынша топтастырылған жетекті, жеке жетекті және жетексіз роликті болып келеді. Роликтері топтастырылған жетекті болғанда рольгангтың 4-10 немесе одан да көп роликтерден тұратын бір секциясы бір электрқозғалтқыштан қозғалысқа келтіріледі. Топтастырылған жетектер тек қана қиын жағдайда жұмыс істейтін рольгангтер үшін қолданылады, мысалы, жаншығыш орнақтарының металды беру рольгангтері.
Жеке жетекті рольгангтерде секциядағы әрбір роликтің (немесе екі) жеке электрқозғалтқышы болады. Жеке жетекті рольгангтерді жасап шығару және пайдалану оңайырақ. Оларды металды тасымалдау мақсатында тасымалдағыш рольгангтерде кеңінен қолданылады, сонымен қатар жаншығыш орнақтардың жұмысшы рольгангтарының алғашқы роликтерінде қолданады.
Жетексіз бос роликті рольгангтерді тасымалдау мақсатында қолданады. Сол үшін оларды горизонтқа аздаған көлбеу бұрышпен орналастырады, металдың жылжуы оның өзінің ауырлық күшінің әсерімен іске асады, сондықтан оларды гравитациялық рольгангтер деп те атайды. Кейбір жағдайда роликтерді орналасу еңістігі тасымалдау бағытына қарама-қарсы болып келеді. Мұндай орналасудың мақсаты тасымалданатын металл жылдамдығын азайту.
Рольганг роликтері бір тұтас соғылып жасалған, құйылған немесе құбырдан жасалған болып келеді.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 929;