Жұмыс қапасының тұғырлары.

Жұмыс қапасының тұғырлары - илемдеу орнағының ең жауапты бөлшектерінің бірі болып саналады. Тұғырға пішінбілік жастықшалары және орнақ өнімділігі мен қажетті илемдеу дәлдігін қамтамасыз ететін басқа да құрылғылар мен механизмдер орнатылады. Илемдеудегі барлық күштер пішінбіліктер, жастықшалар және басқыш механизмдер арқылы тұғырға беріледі. Сондықтан тұғырды құрылымдап жасау кезінде олардың беріктігі мен қатаңдығына баса назар аударылады.

Тұғырлардың ашық және жабық типтері болады. Жабық типті тұғыр құйылып жасалған салмақты қатаң қаңқа сияқты: оның ортасына пішінбілік жастықшаларын орнатуға арналған терезе жасалған; тұғырдың төменгі жағында құйылмалары болады. Құйылмаларда тұғырды іргетас тақтасына бекітетін бұрандамаларға арналған тесіктер жасалған. Жабық типті тұғырларды олардың жоғары беріктігі мен қатаңдығына байланысты блюмингтердің, слябингтердің, ыстықтай және суықтай илемдейтін жұқатабақты орнақтардың, кейде дайындамалық және сортты орнақтардың жұмыс қапастарында қолданады.

Сурет 9.7 - Тұғырлар: а – жабық типті D<B; б- ашық типті D B.

 

Ашық типті тұғыр екі бөліктен тұрады: тұғырдың өзінен және қақпақтан. Қақпақты тұғырмен бұрандамалар немесе сыналармен бекітеді. Мұндай тұғырлардың жабық типті тұғырларға қарағанда қатаңдығы төмендеу, бірақ жасалуы арзан және пішінбіліктерді алмастыруды қақпақты ашып тікелей кранмен жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай типті тұғырлар сортты және рельсарқалықты орнақтардың қапастарында қолданылды.

Тұғыр өлшемдерін төмендегі шарттарға сәйкес анықтайды:

1) тұғыр терезесіне пішінбілік жастықшасы мен басқыш бұрама ұшын орналастыру мүмкіндігіне байланысты;

2) қажетті беріктік пен қатаңдыққа сәйкес.

Тұғырдың жоғарғы және төменгі бөліктерін маңдайша (ашық типті тұғырдың жоғарғы маңдайшасы болып тұғырдың қақпағысаналады), ал бүйіржақтағыларын тіреуіш деп атайды. Тіреуіш қималарын әдетте қоставрлы немесе тіктөртбұрышты қылып жасайды. Тіктөртбұрышты қималы тіреуішті құю оңайырақ, сондықтан мұндай қималы тіреуіштерді көбінесе төртпішінбілікті қапастарда пайдаланады.

Тұғыр тіреуіштерінің ішкі жағында тіреу пішінбіліктерінің жастықшасына арналған бағыттауыш тақтайшалар бекітілген. Мысалы, 2000 орнағы үшін (НКМЗ конструкциясы) әрбір тұғыр массасы 126 т. Тұғырдың тақтасы мен маңдайшаларымен жиналғандағы жалпы массасы 312 тоннаны құрайды. Тұғырдың жоғарғы маңдайшаларында басқыш бұраманың қола сомындарына арналған ойықтар жонылған. Тұғырды тақталарға және тақталарды іргетасқа бекітетін болттар диаметрін мына қатынас арқылы анықтайды:

d = (0,09 – 0,15)D + 10 мм,

мұндағы D – жұмыстық пішінбілік диаметрі.

Әдебиеттер:нег. 1 [87-103], 2 [96-109], 3 [85-102]; қос. 5 [37-48].

Бақылау сұрақтары:

1. Теңдестіру құрылғысын қолданудағы мақсат қандай?

2. Теңдестіру құрылғыларының қандай түрлері бар?

3. Теңгермесалмақты теңгеру құрылғысының кемшіліктері неде?

4. Гидравликалық теңгеру құрылғысының жұмыс принципі.

5. Пішінбіліктерді алмастырудың мақсаты және оның қандай тәсілдері бар?

6. Илемдеу орнақтарының жұмыстық қапастарының тұғырларының негізгі типтері және тұғырдың атақартын міндеті.








Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1404;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.