Интернетте іздеу жұмыстарындағы қателер
· Маңызды операторларды дұрыс қолданбау
· Өте жалпылама терминдер
· Омонимдер
· Тіркеу (үлкен/кіші әріптер)
· Терминдердің жақын орналасуыов
· Сәйкес емес іздеу құралы
· Қорытынды жоқ болса – орфографияны тексеріңіз
6. Клиникалық хаттамалар, анықтамасы, тәжірибеде құрастыру, қолдану және жаңартылу қағидалары. Клиникалық (медициналық) аудит туралы түсінік.
Клиникалық хаттамалар, анықтамасы, тәжірибеде құрастыру,
қолдану және жаңартылу қағидалары
Клиникалық хаттамалар – бұл медициналық мекемеде нақты дерті, анықталған синдромы әлде бір клиникалық жағдайы бар науқасқа көрсетілетін көмектің орындалу талаптарын реттейтін заңды құжат немесе – бұл айқындалған нақты клиникалық жағдайда сәйкесті ем шаралары туралы шешім қабылдауда науқас пен дәрігерге көмектесетін тұрақты өңделіп тұратын ережелер (Field & Lohr,1990).
Клиникалық хаттамалар – бұл орындауды талап ететін ереже ( басқа дәлелді себептер болмағанда).
Клиникалық хаттаманы құрастыру мақсаты – медициналық мекемеде сапалық көмек көрсету үрдісін сәйкесті ұйымдастыруды қамтемесіз ету.
Клиникалық хаттамалар шешетін жағдайлар :
1. Нақты науқастың жағдайына байланысты профилактикалық, диагностикалық, емдік және қайта қалпына келтіру шараларын қолайлы таңдау;
2. Науқас пен дәрігердің құқығын таластық және келіспеушілік жағдайды шешуде қорғау;
3. Нақты дерті, анықталған синдромы әлде бір клиникалық жағдайы бар науқасқа көрсетілетін көмектің сапасын сараптау мен бағалау және осы шараларды жақсарту жолдарын жоспарлау;
4. Медициналық көмек көлемін жоспарлау;
5. Медициналық көмек көрсетуге жұмсалатын қажетті шығынды есептеу;
6. Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмекті мемлекеттік қолдау жоспарын негіздеу.
Клиникалық хаттаманы құрастыру үрдісі - өзіміздегі және шетелде сапалық көмек көрсетуде науқасқа қолданылатын шаралар қағидаларын айқындайтын хаттамалар, клиникалық деректемелер, нұсқаулар, ғылыми басылымдар өңделуіндегі тәжірибені пайдаланып құрастырылады..
Клиникалық хаттаманы құрастыру негізін анықталған дерті (синдромы әлде бір клиникалық жағдайы) бар науқасқа қолданылатын көмектің (емханада, ауруханада және жоғары дәрежелі арнайымекемелер жағдайында) жалпы тәртібі нақты көрсетіліп жазылған бұрын пайдаланған хаттамалар құрайды.
Хаттамалар әртүрлі медициналық мекемелерде жасалатын емдік, диагностикалық үрдістердің бір бағыттылығын, медициналық көмек көрсетуде бір-бірімен байланыстығын, олардың осы талаптың орындалу жолдарындағы жеке дара ерекшіліктеріне (құрал-жабдық жағдайы, көмек көрсетудегі іс-әрекетттер реттілігі және т.б.) байланыссыз қамтемесіз етеді.
Сонымен клиникалық хатамалар әртүрлі мекемелердің көмек көрсетудегі ережесі, бірақ олардың әрқайыссы хаттамалардың қай бөлігі қандай жағдайда қолданулы керектігін өздігіненше шешуі қажет.
Медициналық мекемеде клиникалық хаттамалардың өңдеу ретттілігі:
1. Жұмысшы тобын құру (стандартизация мен ұйымдастыру бойынша топтар);
2. Жұмысшы топтың жұмыс уақытын белгілеу, хаттама мәтінін анықтау (талаптары, мазмұны);
3. Медицина мекемелері жұмысынаклиникалық хаттамаларды еңгізу;
4. Олардың қолдану тиімділігін әр клиникалық хаттамалардың өздеріне сәйкестік сапалық анықтаушылары бойынша бағалау;
Клиникалық хаттамаларды дайындау және оны еңгізу жолдарын реттеу үшін жұмысшы топ құрастырылады. Оның мүшелері:
· Бас дәрігер немесе оның емдеу және клиникалық сараптама бойынша орынбасары;
· клиникалық хаттамалардыңқолдану бағытына сәйкес бас мамандар;
· клиникалық хаттамалардың қолдану бағытына сәйкес науқастарға көмек көрсетуге қатысты медицина мекемесінің барлық бөлімшелерінің басшылары (немесе өкілдері);
· клиникалық фармаколог;
· клиникалық трансфузиолог;
· функционалдық, сәулелік, эндоскопиялық, зертханалық, морфологиялық диагностика бөлімдерінің жетекшілері;
· медициналық сақтандру мекемелерінің өкілдері;
· медицина мекеме жетекшісінің шешімі бойынша басқада мүшелер.
Жұмысшы тобының ішінде Төреағасы (бас дәрігер немесе оның емдеу және клиникалық сараптама бойынша орынбасары), оның орынбасарлары және хаттышысы. Жұмысшы тобының саны медицина мекемесінің түріне, көмек көрсету көлемі мен деңгейіне және мамандандырылуына байланысты.
Жұмыс тобы клиникалық хаттамалардың құрастырылуына, еңгізілуіне және тұрақты бақылануына жауапты. Жұмыс тобының барлық мәжілістері тіркеледі (хаттама арқылы). Клиникалық хаттамалардың құрастырылуы мен еңгізілуі жұмысшы тобы мүшелерімен жазулы, келісілген және бекітілуі қажет.
Медицина мекемесі клиникалық хаттамаласының
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 1911;