Сынылу мүмкіншілігін (градациясын) қолдану
- А– нақты мәліметтер сынақтағы шараларды қолдану қажеттілігін мақұлдайды
- В –орташа деңгейдегі дәйектеме мәліметтерісынақтағы шараларды қолдану қажеттілігін мақұлдайды
- С - сынақтағы шаралардың қолдануын немесе қолданбауынбір ауыздан шешу үшін қолдағы мәліметтер жеткіліксіз. Бірақ шешім басқа себептерге байланысты қабылдануы мүмкін.
- D- орташа деңгейдегі дәйектеме мәліметтерісынақтағы шараларды қолданбауды қажет етеді.
- Е – нақты дәйектеме мәліметтерісынақтағы шараларды қолданбауды қажет етеді.
Дәйектемелі медицинадағы сұрақтар түрлері.
Клиникалық сұрақтарды құрастыру қағидалары
Дәйектемелі медицина – бұл клиникалық зерттеулердің ең жақсы нәтижелерін белгілі бір науқасқа көмек көрсетуде таза пейілмен, тура, ойланып, мағыналы пайдалану. ДМ қолдану барысындағы шешуші кезеңдердің бірі – бұл клиникалық сұрақ құрастыру, яғни не жасау қажет? деген сұраққа жауап табу.
Әр клиницистің алдында күнделікті тұратын клиникалық
сұрақтар (мәселелер) түрлері:
· Қалыптыдан ауытқу – ауру немесе сау
· Диагноз - диагностикалық әдістің туралығы
· Жиілігі – кездесу жиілігі
· Қауыптілігі - қауып-қатер жағдайлардың әсер ету деңгейі
· Болжау – осы дерттің ақыры қандай
· Емі – емнің тиімділігі
· Алдын-алу (профилактикасы) – алдын-алу шараларының тиімділігі
· Себебі – дерттің дамуына әсер ететін жағдайлар
· Емнің бағасы (құны)
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 1717;