ДМ қолдану мүмкіншіліктері
Клиникалық эпидемиология және дәлелді негізделген медицина туралы түсінік. Дәйектемелі медицинаға кіріспе. Дәйектемелі медицинаның біздің елде және әлемде даму тарихы
Дәрігер қандайда тәжірибелі болғанымен толып жатқан әртүрлі клиникалық жағдайдайды еркін меңгере алмайды. Әрине, сарапшылардың, жоғары дәрежелі анықтамалар мен деректергеде сүйенуге болады. Бірақ, бұл әркезде нақты бола бермейді, өйткені тиімді терапиялық әдістердің тәжірибеге еңгізілуі тиімділігі нақты дәлелденген уақытынан көп уақыт өткесін пайдалануға ұсынылады (Аntman E.T., 1992). Кәзіргі уақытта биомедициналық ілімнің даму бағыты тәжірибелік медицинадағы дәрігерлерге қажетті мәліметтердің сынды бағалануы мен қатар қолданылатын қандайда болмасын іс-әрекеттер жүйелі түрде таңдалуы талапқа сай болуы керек. Дәйектемелі медицина (evidence-based medicine) - бұл науқасқа көрсетілетін көмектің тиімділігін іздеу, салыстыру және қорытындылану арқылы кеңінен таралған нақты дәйектемелерге негізделген медицина бөлігі. ДМ қағидаларын білу дәрігерге көрсетілетін көмек туралы шешім қабылдауында әсер ететін көп жағдайларды сараптау арқылы сапасын жоғарлатуға мүмкіншілік береді.
80-і жылдардың басына дейінгікөлемді жетістіктергеқарамастан әлемде «эмпирикалық» атты медицина басшы болып келді. Неге бұлай болды? Соңғы 150-200 жылдарда адамзатқа медицинаның негізін құрайтын анатомия, физиология, биохимия, биофизика, микробиология, патанатомия, патофизиология сияқты және т.б. ілімдер айтарлықтай біраз білім берді. Түптеп айтқанда адам ағзасының қалыптыдағы және дерттік жағдайдағы қызметі жан-жақты түсіндірілуі және біраз дерттердің даму жолдары анықталды, соның нәтижесінде жаңа ем тәсілдерін жасауға мүмкін болды. Осыған байланыстыұзақ уақыт бойы ғалым-дәрігерлер дертті тиімді емдеу үшін дерт және оның даму жолдары туралы теқ қана теориялық білім қажет деп білді.. Сонымен, медицинада эмпириқалық, яғни қолданудағы дертті анықтау мен емдеу тәсілдерінің тиімділігі басым жағдайда теорияға негізделген болды. Және тағы бірден-бір дәлел болып дәрігердің жеке тәжірибесі саналды. Медицина мен биология ілімдері негізінің аса дамуына қарамастан бізге адамды түптеп білу ешқашанда мүмкін емес сияқты. Әлем құбылыстары өте көп. Әр адам жеке дара болып жаратылған. Біз әртүрлі ауа райында және табиғат пен әлеуметтің әр түрлі әсерінде өмір сүреміз. Сол себептен дерт және оның даму жолдары туралы теориялық білімге ғана (кейбір жағдайда толық та емес) негізделген дертті анықтау мен емдеу тәсілдерін тиімді, қатерсіз, әр кезде нәтижелі және жалпылама қолданылатын етіп жасай алмаймыз. Теорияға сәйкес тиімді дәрілік заттар, хирургиялық операциялар мен басқада көмек түрлері күнделікті тәжірибеде мүлдем нәтижесіз, ал кейбір жағдайларда қатерлі болып табылды. Сонымен, медицинаның әрі қарай дамуына нақты тиімді диагностика мен ем тәсілдерін еңгізудің жаңа жолдарын қарастыру қажет болды. Бұл – қандайда болмасын диагностикалық пен ем тәсілдерінің теориялық тиімділігі мен қатерсіздігін тәжірибеде дәлелдеу қажетті екенін айқын көрсетті. Осылай, ХХ ғасырдың 80-90жылдар тұғырында клиникалық эпидемииология атты жаңа ілім пайда болды.
Клиникалық эпидемиология (КЭ) – бұл қандайда болмасын дерттің пайда болу мен таралу жолдарының және шынайы медициналық жағдайды зерттеу әдістерінің заңдылықтары туралы ілім, яғни шын мәнінде жаңа дерт бар ма және қолайсыз қатердің әсері қаншалықты дерттің дамуына алып келуі мүмкін.(Власов В.В., 2006). Клиникалық тәжірибеде эпидемиология зерттеуші дәрігерге науқасқа көрсетілетін әртүрлі шаралар бойынша тексеру әдістерін анықтауға көмектеседі. Бұрынғы совет елінде эпидемиология – бұл тек қана эпидемиялық үрдістерді зерттейтін ілім және жұқпалы дерттердің таралу жолдары мен оларды жою әдістерімен ғана байланысты деген көне көз қарас қалыптасқан. Шын мәніне келсек 1984 жылдан бері медицина терминдерінің энциклопедиялық сөздігінде: «эпидемиология – бұл тұрғындар арасында жұқпалы емес дерттердің таралу заңдылықтарынн статистикалық көрсеткіштерге негіздеп зерттейтін әдіс» деген екінші анықтамасы берілген.
Әлемде эпидемиология – бұл қандайда болмасын дерттердің таралу жолдары негіздері мен оларды анықтау әдістерін зерттейтін ілім деп қарайды.[4]. Кеңінен алғанда эпидемиология негізін зерттеу әдістері құрайды, яғни бұның мағынасында: «эпидемиология – бұл медицинаның пропедевтикалық пәні және шынайы медициналық үрдістердің негізін, көмектің тиімділігі мен медицинадағы зерттеу әдістерін түсіну қағидалары» [В.В.Власов, 2005].
Клиникалық эпидемиология (К) – бұл медицина тәжірибесінің негізін құрайтын, зор мағыналы көп пәнді клиникалық ғылым. Эпидемиология мамандары: «КЭ – бұл ұқсас жағдайларда клиникалық ағымын бірнеше науқастарда нақты қатаң ғылыми зерттеу арқылы анықталған дерттің ақырын әр жеке дара науқаста болжау мүмкіндігін беретін ілім деп бағалайды» (Флетчер Р., Флетчер С., Вагнер Э. 1998).
В.В.Власов (2005) КЭ қысқада, нақты және көлемді түсінігі - бұл «медицина тәсілдерінің ілімі» деп береді.
Сонымен, клиникалық эпидемиология – бұл әр түрлі зерттеу мен емдеу әдістері нақты қорытындыларын іріктейтін және бір жүйеге келтіретін ғылым (Флетчер Р. ж/е басқалар, 1998).
КЭ негізгі мақсаты - бұл дұрыс шешім қабылдаудауға мүмкіншілік беретін клиникалық бақылаулар мен мәліметтерді сараптау әдістерін еңгізу [4, с.15].
КЭнегізгі қағидасы – бұл әр клиникалық шешім қатаң түрде ғылыми негізделуі қажет. Бұл қағида «evidence-based medicine» - «дәйектемелі негізделген медицина» немесе «ғылыми дәйектемелі медицина», әлде «дәйектемелі медицина»деп аталды (әртүрлі аударма жобалары)
Алғашқы рет «еvidence-based medicine»терминді Торонто Мак Мастер Университетінің канадалық ғалымдар Тобы 1990ж. ұсынды.
Дәйектемелі медицина (ДМ) – бұл жеке науқасқа емдік әс-әрекеттерінің тиімділігі сапалы ғылыми зерттеулерде дәлелденген жағдайда ғана қолдану қағидасын сақтаумен ерекшеленетін медицина тәжірибесінің бір түрі.
ДМ – бұл науқас мүддесіне қолдануға арналған іздеу, салыстыру, қорытындылау арқылы алынған және кеңінен таралған дәйектерге негізделген медицина бөлігі. (Еvidence -Вased Мedicine Working Group, 1993).
ДМ қағидалары:
- Ғылыми мәліметтерді жинауында, сараптауында, қорытындылау мен дұрыс қолдануындағы жаңа әдіс, бағыт;
- Кәзіргі уақыттағы жетістіктерді жауапкершілікпен, түсінікті және мағыналы негізі бар шын пейілмен пайдалану, яғни жеке тәжірибе мен жүйелі шолулардан алынған (сырттан) жоғары дәрежелі дәйектемелерді біріктіріп нақты белгілі әр бір жеке науқасты емдеуге қолдануды қарастыру…(Sackett.Letal., 1996).;
ДМ қағидаларын денсаулық сақтау тәжірибесіне еңгізудегі негізгі мақсат – бұл медициналық көмек көрсету сапасын қатерсіз, тиімді, құндылығы мен басқада мағыналы жақтарынан жақсарту. (Мальцев В., ж/е басқ.., 2002).
ДМ қолдану мүмкіншіліктері
ДМқағидаларынденсаулық сақтау тәжірибесінде қолдану мүмкіншілігі мол:
- Фармакотерапияның барлық саласында нақты мәліметтерді қолдануға мүмкіншілік туғызады;
- Дәрігердің шешім қабылдауында негізделетін ішкі сезімі, кәсіптік дәрежесі, беделді сарапшылар пікірі, кеңінен тараған деректемелер мен анықтамалар сияқты субъективті жағдайлар әсерін жаңа және нақты дәлелденген мәліметтер қолдану арқылы қолайлы азайту;
- Әр нақты клиникалық жағдайда қолайлы шешімді таңдауына көмек беретін тиімді, қатерсіз және үнемді, кәзіргі уақытқа сай, сонымен қатар мемлекеттік, аймақтық популяциялық, субпопуляциялық және жеке адам деңгейінде қолдануға келетін терапиялық әдістерді өңдеуге мумкіншілік береді;
ДМ қағидаларын тәжірибеде қолданудың бір қыры - бұлмедициналық көмек сапасын көтеру бағытында дәрігерлерге арналған клиникалық хаттамалар дайындау және денсаулық сақтау саласына стандартизация жүйесін еңгізу..
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 2044;