Дәйектемелі медицинаны қолданудағы шектеулер
- Электрондық қорды пайдалана білмеу
- Шет тілді білмеу
- Кейбір дәрілік затардың болмауы мен олардың қымбаттылығы
- Дәлелдемесі толық нақты емес немесе мүлдем жоқ сирек кездесетін клиникалық жағдайлар
- Науқастардың кейбір ем және тексеру әдістер түрлерін талап етуі
- Дәрігерлердің көне (уақыт талабына сай емес) көз қарастары
Дәйектемелі медицинадағы сапалық мен сандық зерттеу әдістері. Клиникалық сынақ, анықтамасы, жіктеуі. Дәйектемелі медицинадағы статистикалық сараптау. Клиникалық сынақтар нәтижесінің дәйектілік деңгейі және ұсынылу мүмкіншілігі
Қандайда болмасын көмектік іс-әрекеттің (емдік, диагностикалық және т.б.) клиникалық тиімділік дәлелдігі басым деңгейде клиникалық сынақтардың немесе зерттеулердің ұйымдастырылуына, әдісіне және тағы осы зерттеулерден алынған мәліметтерді сараптауда қолданылатын тәсілдердің сәйкестігіне байланысты. Кәзіргі уақыттағы медицина науқасқа көрсетілетін емдік шаралар болсын немесе басқада іс-әрекеттердің тиімділігі мен қатерсіздігі туралы мәліметтердің сарапталуына қатаң талап қояды. Қандайда болмасын көмек шараларға жүргізілген клиникалық сынақтардың нәтижесін қалай бағалауға болады? Дәйектемелі медицинаның маңызды қыры – бұл клиникалық сынақтардан алынған мәліметтердің нақтылық деңгейін анықтау, яғни жүелік шолулардың негізін құрайтын қорытындылардың дәйектемелігі.
Клиникалық эпидемиологияның басты қағидасы - бұл әр клиникалық тексеріс дәлелденген ғылыми ақиқатқа негізделуі қажет, яғни дәйектемелерге негізделген медицина. Дәйектемелі медицина қағидаларына сәйкес дертті анықтауда, емдеуде және алдын-алуда теқ қана тиімділігі дұрыс ұйымдастырылған объективті, салыстырмалы зерттеулер мен дәлелденген тәсілдер қолданылуы қажет.
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 1714;