Дәйектемелі медицинананың жетістіктері мен шектеулері

Медициналық көмек көрсетубұл науқасқа жасалатын әртүрлі шаралар бойы үздіксіз шешім қабылдау үрдісі. Шаралар, іс-әрекеттер (науқастың жағдайына кірісу) – бұл күнделікті тәжірибеде дәрігердің науқасқа көмек көрсету үшін жасайтын келесі шаралары (іс-әрекеттері) – дертті анықтау (диагностика), емдеу, алдын-алу, қайта қалпына келтіру (реабилитация), бағыт беру шешімдері. Осы жағдайда әр дәрігердің, жалпы клиника жұмысының бірден-бір қағидасы - бұл дәйектемелі медицина қағидаларын міндетті түрде қолданып отыру.

ДМ негізделген тәжірибе – бұл: 1)жеке тәжірибенің; 2)сырттан, жүйелік тексерулерден алынған ең тиімді клиникалық дәйектемелердің және 3) науқас күткен нәтижелердің бірігуі. Дәйектеме ілімінің философиялық негізі медицинада 19 ғасырдың жартысынан басталады. Оған дейін, біраз ғасырлар бойы, дәрігер шешім қабылдауында өзінің жеке пікіріне немесе, жақсы дегенде, ежелгі философтар мен алхимиктардың беделіне байланысты ғасырлар бойы күмән келмеген еңбектеріне сүйенген. Сол кезде кеңінен қолданылатын тиімсіз ем тәсілдерінің көбін табиғи тұрғы ғылымның тұрақтануы жоққа шығарды. Екіншіден, соңғы ғасырларда дерттерді емдеу мен алдын-алу шараларының біразы ашылып, бақыланып, тәжірибеге еңгізілді. Бірақ, әлдеде, әртүрлі клиникалық жағдайда дәрігердің шешім қабылдауы бірнеше себептерге байланысты болып келеді. Айта кету керек, Дм әдісіне сәйкес шешім қабылдауда дәрігер кәсіпшілігінің патогенезді білуі, ішкі сезім, жеке тәжірибе және басқада қолдануға еңгізілмеген дағдылар мен негізсіз мәліметтер есепке алынбайды. ДМ тәсілі белгілі деңгейде ұқсас клиникалық көріністері бар науқастарда ем нәтижелерін дәрігердің, науқас адамның жеке дара қасиетіне, қаржыландырудың шектелегеніне және басқада жағдайларға байланыссыз қайталауға мүмкіншілік береді. Яғни, ДМ тәсілі әр қашанда шынайы жағдайдан айрықша болып отыратын медициналық тәжірибенің нақтыланған түрі.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 1447;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.