Пішінбіліктерді алмастыруға арналған механизмдер мен құрылғылар

Илемдеу орнағының жұмыс процесінде әртүрлі себептермен (пішінбіілктердің сынуы, тозуы, бір пішіннен басқа пішінге ауысу және т.б.) пішінбіліктерді алмастыру қажет болады. Пішінбіліктерді ақытылы алмастырып тұру, әсіресе жұмыс пішінбіліктерін, жоғары сапалы жұқа табақты илем алуға едәуір әсерін тигізеді. Жұқатабақты орнақтарда жұмыс пішінбіліктерін алмастыру әрбір 2-7 сағатта жүргізіледі.

Пішінбіліктерді алмастыру орнақтың тоқтап тұруымен байланысты, соның нәтижесінде орнақтың өнімділігі төмендейді. Сондықтан пішінбілікті алмастыруды неғұрлым қысқа мерзім ішінде жүргізу керек.

Мысалы, майда сортты орнақтарда кешенді алмасытруды пішінбіліктерге емес, тұтастай жұмыс қапасына жүргізеді. Ол үшін ертерек қосалқы қапастарды стендке баптап, адын-ала дайындап қояды. Қапастың ауысытрылуы кран көмегімен жүргізіледі.

Кейбір сортты орнақтардың ашық типті тұғырлы жұмыс қапасында пішінбіліктерді алмасытру жылдам жүргізіледі. Мұнда тұғыр қақпағы кранмен алынып, жаңа пішінбіліктерді жастықшасымен қондыра салады.

Оған қарағанда жабық типті тұғырлы үлкен жұмыс қапастарының пішінбіліктерін алмастыру қиынырақ. Бұл жағдайда пішінбіліктерді әртүрлі айлабұйымдар көмегімен қапастан горизонталь қалыпта шығарып кранмен көтеріп әкетеді де орнына басқасын қондырады.

Төртпішінбілікті қапастың жұмыс пішінбіліктерін алмастыру жеңілдеу, өйткені жұмыс пішінбіліктерінің жастықшасымен бірге құрайтын массасы шамалы ғана.

Жұмыс пішінбілктерін алмасытруды алмастырғыш муфта-қарсысалмағының көмегімен, С-тәрізді қапсырма немесе арнайы алмастырғыш арбаша көмегімен жүргізуге болады (Сурет 9.3 – 9.5).

1,2 – пішінбіліктер; 3 – алмастырғыш муфта

Сурет 9.3 - Алмастырғыш муфта арқылы пішінбіліктерді алмастыру:

 

Муфтаның 3 шетжақтары пішінбілік трефтерінің диаметріне сәйкес ойықтар бар. Пішінбілікті 1 ауыстырғанда муфта бір жақ шетімен жаңа піәшінбілік 1 трефіне, ал екінші жақ шетімен алмастырылатын пішінбілік 2 трефіне кигізіледі. Бұл әдіс өте қарапайым, бірақ муфта мен пішінбіліктерді айналдырып келтіру үшін өте үлкен бос кеістікті қажет етеді.

Сурет 9.4 - С-тәрізді қапсырма көмегімен пішінбіліктерді алмастыру

 

С-тәрізді алмастырғыш қапсырма көмегімен пішінбіліктерді алмастыру үшін қапсырманың жоғарғы жағында ілгек ілуге арналған құлақшалар, ал төменгі жағында пішінбілік мойыншасына арналған ойық бар. Қапсырманы қолдану кранасты жолының жеткілікті биіктігін қажет етеді.

 

Сурет 9.5 - Жұмыстық пішінбілікті алмастыруға арналған құрылғы

 

Төртпішінбілікті қапастың пішінбіліктерін алмастыруға арналған құрылғы мынадай тораптардан тұрады: 1-арбашадан; 2 – электрқозғалтқыш орнатылған күймешеден (кабельді атанағымен 7); 3 – бағыттауыштардан; 4 – платформадан; 5 – платформа аунақшаларынан. Аунақшалар көмегімен платформа негізгі арбашаға көлденең жылжи алады. Осы кезде платформаға алдын-ала орнатылған жаңа пішінбіліктер жұбы жұмыс қапасының осьіне сәйкестендіріліп, тұғыр терезесіне ендіріледі. Пішінбіліктерді алмастыруға 5 – 7 мин уақыт кетеді. Арбаша рельс бойымен 6 жұмыс қапасынан оңға қарай жылжиды және алмастырылатын пішінбіліктер жиынтығы кранмен әкетіледі. Пішінбіліктер қалақшаларын дәл келтіру үшін пішінбіліктердің айналдырықтар топсалары жағының ұшында айналдырықты бұрап, оны қажетті қалыпқа қоюға мүмкіндік беретін арнайы құрылғы бар.

 

Сурет 9.6 - Гидроцилиндр көмегімен тіреуіш пішінбіліктерді алмастыруға арналған құрылғы

Тіреуіш пішінбіліктерді алмастыру айына 1-2 рет жүргізіледі. Алмастыруды ұзын гидроцилиндр 1 көмегімен жүргізеді, оның соташығының 2 жүрісі 5-6 м. Соташық ұшы астыңғы тіреуіш пішінбілік жастықшасы қойылатын жылжымамен 3 біріктірілген.

Пішінбілік жинағы соташықпен бірге жұмыс қапасынан бүйіржақ бағытымен жылжымалы маңдайшамен 4 шығарылып кранмен әкетіледі. Пішінбіліктердің жаңа жинағы бағыттауыштарға кранмен қондырылып, тұғыр терезесіне соташық көмегімен итеріліп кіргізіледі. Пішінбіліктер жинағын алмастыру опреациясына 15-20 мин. уақыт кетеді. Цилиндрдегі сұйықтық қысымы пішінбіліктерді шығарғанда 20 МПа, ал итеріп кіргізгенде 10 МПа.








Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1258;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.