Домалау мойынтіректері

Домалау мойынтіректері табақты ыстықтай және суықтай илемдеуге арналған төртпішінбілікті қапастарда, сонымен бірге дайындамалы және сортты орнақтарда кеңінен қолданылады. Әсересе конусты роликті (екі және төрт қатарлы) мойынтіректер жиірек кездеседі, өйткені олардын өздігінен орнықтырылу қасиеті бар және өте үлкен жүктемелерге шыдайды.

Илемдеуші орнақтардың мойынтіректері үлкен жүктемелерді қабылдай алуы және габариттері пішінбілік жастығына орналастырылатындай болуы қажет. Көпшілік жағдайда төртпішінбілікті қапастарда СҮМ-ді тіреуші пішінбіліктерге орнатады, ал жұмыс пішінбіліктері өзінің габариттің кіші болуына және түсірілетін жүктеменің шамалы ғана болуына сәйкес оларға конусты роликті мойынтіректер орнатылады.

Мойынтіректі шаңнан сақтау үшін жастықта мойынтіректің екі жағынан қамтағыштар (севанитті) қою қарастырылған. Мойынтіректің жекелеген элементтерін мойынша мен тұрқыға жинастыру барысында мойынтірек бөлшектерінің орналасу ретін таңбалауына байланысты сақтау керек. Егер мойынтіректің аралық сақинасы өз орнына қондырылмаса роликтер қатарының аралығында «осьтік ойын» пайда болып, жүктеменің төрт қатарға бірдей бөлініп берілуі бұзылады.

СҮМ мойынтірегінің басты бір кемшілігі бар, ол шетмойынның (цапфаның) айналу жиілігінің өзгеруімен майлы сынаның қалыңдығы қоса өзгеріп илемнің қалыңдығына кері әсерін тигізеді (тілкемнің қалындығы біркелкі болмайды).

Өте жоғары дәлдікпен жасалатын цилиндрлі роликті мойынтіректерде мұндай кемшіліктер болмайды, сондықтан соңғы жылдары жұқа тілкемді ыстықтай және суықтай илемдейтін орнақтардың жұмыс пішінбіліктеріне ғана емес сонымен бірге тіреу пішінбіліктеріне де (СҮМ-нің орнына) цилиндрлі роликті домалау мойынтіріктерін қолдану жүзеге асырыла бастады.

Жылуды шығару және көтергіштік қабілетін арттыру мақсатында домалау мойынтіректеріне сұйық май жіберу немесе майлы тұман тәсілімен (майды ауа араластырып бүрку) майлау қажет. Майлы тұманмен майлау кезінде май шығыны қою маймен салыстырғанда 15 есеге кемиді. Майлы тұманмен майлау тәсілін сонымен қатар әмбебап айналдырықтардың топсаларын (домалау және сырғанау), жұмыс қапасы тұғырының бағыттауыш тақтайшасын, басқыш механизмнің бұрама жұбын және т.б. қолданған тиімді.

Әдебиеттер:нег. 1 [58-72], 2 [64-78], 3 [58-75]; қос. 5 [64-70].

Бақылау сұрақтары:

1. Илемдеу орнағының мойынтіректерінің ерекшелігі қандай?

2. Илемдеу орнақтарының әртүрлі мойынтірек типтеріне қысқаша сипаттама.

3. СҮМ-нің құрылымы.

4. Сырғанау мойынтіректерінің негізгі кемшіліктері қандай?

5. Сұйықтықта үйкелу мойынтіректерінің жұмыс принципі.

6. Мойынтірек торабын майлаудың қандай ерекшеліктері бар?

 








Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 2243;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.