СҮМ құрылымының ерекшеліктері
СҮМ –нің негізгі бөлшектері:
- ауыстырылмалы төлке-цапфа;
- төлке – ішпек.
Төлке-ішпек 1 Б83 таңбалы жоғары қоланы баббиттен қалындығы 3-5 мм болып құйылып жасалады. Баббитті құйманың беті кедір-бұдырлықтың 10 класы бойынша (Норт < 0,8 мкм) өңделеді және мойынтіректе жұмыс істеу барысында ол да айнадай жылтыр болып шығады.
Төлкенің номинальді ішкі диаметрі
d т = d4 + 2 СҮМ
мұндағы СҮМ – мойынтірегі радиалды сынылау: 2 СҮМ = 100 ÷ 200 мкм
Гидродинамикалық СҮМ төлке мен цапфа арасындағы сұйықтықта үйкелісті цапфаның жоғары жылдамдықпен айналуы нәтижесінде майды тартып ала отырып майлы сына қалыптастыру арқылы қамтамасыз етеді.
Майлы сынаның қысымы сыртқы жүктемені теңдестіріп тұрады. Илемдеуші орнақтың ауыспалы режімінде сұйықтықта үйкелу қамтамасыз етілмейді, мойынтіректегі үйкеліс моменті өсіп, оны пайдалану қиындайды.
Пішінбіліктің айналу жиілігін өзгерткенде майлы қабаттың қалындығы өзгеріп, соның салдарынан илемделетін тілкемнің қалындығы да өзгеріске ұшырайды.
Гидростатикалық СҮМ (майлы сынасыз). Сыртқы жүктемені теңдестіріп устау үшін майды үнемі жоғары қысыммен беріп туру қажет. Ол үшін мойынтірек қысыммен беріп туру қажет. Ол үшін мойынтірек төлкесінде арнайы қалталар орналасқан. Бірақ, жоғары қысыммен қамтамасыз ететін күрделі майлау жүйесін үздіксіз жұмыс істету іс жүзінде мүмкін емес, сондықтан мундай мойынтіректер илемдеу орнақтарында қолданылмайды.
Гидростатодинмикалық СҮМ күрделі құрастырмалы типті мойынтірекке жатады. Мойынтірекке жоғары қысыммен берілетін май тек орнақтың ауыспалы режімінде (іске қосу тежелу және төмен жылдамдықпен жұмыс істегенде) ғана жіберіледі.
Орнақ орнықты жұмыс режіміне көшкенде (жоғары жылдамдықта) жоғары қысыммен берілетін май автоматты түрде тоқтатылып, мойынтіректегі сұйық үйкеліс майлы гидродинамикалық сына арқылы жүзеге асады.
Майлы қалталар 400 доға бойынмен тар бунақ түрінде жасалған, бұл ішпектің тіреуші жұмыс бетін аса кішірейте қоймайды. Ауыспалы кезеңдерде қалталарға 50 МПа дейін қысыммен май беріледі, майдың шығыны минутына 8 литрге дейін жетеді.
Пішінбілік мойыншасы мынадай себептерге байланысты конусты болып жасалады:
1) мойынтіректің пішінбілік мойыншасынан оңай шығарып алу үшін;
2) конусты мойыншаның бөшке жағындағы қимасы цилиндрліге қарағанда беріктеу, өйткені оның диаметрі үлкенірек.
СҮМ-нің кейінгі кездері шыққан жаңа типтерінде осьтік күшті қабылдау үшін мойынша ұшына қарай шарикті немесе конусты роликті мойынтіректер орнатылады.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1016;