Дәріс . Пішінбіліктерді теңгеруге арналған құрылғылар

Илемдеу орнағының қалыпты жұмыс істеуі үшін үстіңгі пішінбілік жастықшасы басқыш бұрамаға тығыз қыспақталуы қажет, әйтпесе илемдеу кезінде динамикалық жүктемелер (соққылар) туындап, жаншу шамасын дұрыс берге мүмкіндік болмайды.

Аталған кемшіліктерді болдырмау мақсатында барлық жұмыс қапастарында үстіңгі пішінбілік пен оның жастықшасын теңдестіріп тұруға арналған анайы құрылғыны пайдалану қарастырлған. Мұндай құрылғылар арқыла үстіңгі пішінбілік жастықшасы басқыш бұрама ұшына әрдайым тығыз қыспақталып тұрады және пішінбілік мойыншасы мен басқыш сомын қосылысында саңылау болмайды.

Үстіңгі пішінбілікті теңгеру үшін теңгермесалмақты, гидравликалық және серіппелі құрылғылар қолданылады. Теңгермесалмақты теңгеру (Сурет 9.1) үстіңгі пішінбілікті үлкен биіктікке (блюмингтер мен слябингтерде 2000 мм дейін) жылжыту кезінде қолданылады. Бұл құрылғы құрылым қарапайым және пайдалану барысында сенімді. Әйтсе де мұндай құрылғылардың өзіне тән мынадай кемшіліктері бар: теңгеруші салмақтың үлкен массасының инерциясы жүйеде динамикалық жүктеме тудырады; теңгеруші салмақтары бар үлкен иінтіректерді орналастыру үшін жұмыс қапасының астындағы іргетастың жасалуын күрделілендіреді; пішінбілікті басқыш механизмге тәуелсіз жылжыту мүмкіндігінің болмауы.

1-үстіңгі пішінбілік; 2-астыңғы пішінібілік; 3-раскат; 4-басқыш бұрама; 5-жастық; 6-қарнақ; 7-жүк; 8-иінтірек.

Сурет 9.1 - Теңгермесалмақты теңгеру сұлбасы

 

Гидравликалық теңгеру (5.30 – сур.) үстіңгі пішінбіліктің көтерілу биіктігі үлкен болғанда (жаншығыш орнақтарда) және пішінбіліктер арасындағы саңылау аз болған жағдайда (төртпішінібілікті орнақтард) да қолданыла береді. Оларда теңгермесалмақты теңгергішке тән кемшіліктер болмайды, шусыз, дүрсілсіз жұмыс істейді және габариттік өлшемдері шағын, әрі орнақтың жұмыс барысында оңай басқарылады. Жұмыстық сұйықтық ретінде майлы-су эмульсиясы немесе веретенді май қолданылады (илемдеу цехының орналасу ауданына байланысты).

Бұл жүйенің кемшілігіне теңгергіш цилиндрін нәрлендіріп тұруға арналған сорғы-аккумуляторлы станция орнату қажеттігін жатқызуға болады. Бірақ көптеген илемдеу цехтарында мұндай станция гидравликалық теңдестіруші құрылғыны қолданбаса да орнатылады (басқа да технологиялық мақсаттар үшін). Сондықтан бұл кемшілік аса маңызды емес.

Гидравликалық цилиндр 1 (Сурет 9.2) жұмыстық қапастың жоғарғы жағында орналасқан және орнақ тұрқын жалғастырғыш маңдайшаға бекітіледі. Тығынжылдың 2 жоғарғы бөлігіне маңдайша 2 топсалы бекітілген, оның ұшына тартқыштар 4 ілінген. Тартқыштар үстіңгі пішінбіліктің жасастықшасымен топсалы жалғасқан. Жастықшалардың Г тәрізді құйылмалары бар, олар сонысымен көлденең арқалықтың шеткі бөліктеріне тіреледі.

1- гидравликалық цилиндр; 2- тығынжыл; 3-маңдайша; 4- тарқыштар; 5- көлденең арқалық; 6-жастықша.

Сурет 9.2 - Жоғары жақта орналасқан бір гидроцилиндр көмегімен үстіңгі тіреуіш пішінбілікті гидравликалы теңгеру:

 

Үстіңгі пішінбіліктің жылжытылуы азғантай болған жағдайда (дайындамалық, сортты, сымтартатын және табақты орнақтарда) үстіңгі пішінбілікті теңгеру үшін қарапайым серіппелі теңгергіштер қолданылады. Бұл теңгеру тәсілі әсіресе теңгерілетін бөлшектер массасы төмен болғанда тиімді.

 








Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1265;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.