Механикалық жұмыс
Жұмыс деп әсерлесуші денелердің бір-бірімен энергия алмасуының сандық өлшемін айтады.
Түзу сызықты қозғалыс кезінде күш тұрақты және орын ауыстыру бойымен бағытталған жағдайда жұмыс
күшімен оның түскен нүктесінің
орын ауыстыруының көбейтіндісіне пропорционал, яғни

мұндағы k – пропорционалдық коэффициенті, егер k=1 және
болса онда,

F – денеге түсірілген күш, S – орын ауыстыру, a - күш бағытымен орын ауыстыру арасындағы бұрыш.
Сонда жұмыс шамасы сан жағынан F – күштің, күш түсірілген нүктенің S – орын ауыстыруының және күш бағытымен орын ауыстыру арасындағы a бұрышы косинусының көбейтіндісіне тең болады. Жұмыс – скалярлық шама.
Егер күш бағыты мен орын ауыстыруының арасындағы бұрыш сүйір (
) болса, онда
.
Егер күш бағыты мен дененің орын ауыстыруының арасындағы бұрыш доғал
болса,
. Бұл жағдайда күш теріс жұмыс жасамайды, керісінше жұмыс түсірілген күшке қарсы істелінеді.
Егер күш пен орын ауыстыру арасындағы бұрыш
болса,
, яғни А=0 жұмыс жасалмайды.
Жұмыстың өлшем бірлігі – Джоуль (Дж), 1Н күштің 1м жолда жасаған жұмысы 1Дж=1Н·м
Қуат
Механизмнің уақыт бірлігінде істейтін жұмысын қуат деп атайды.

мұндағы dA – жұмыс, dt – уақыт, яғни қуат – жұмыстың уақыт бойынша алынған туындысы.
Егер қозғалтқыштың (двигательдің) жұмыс істеуі кезінде қуаты тұрақты болса, оның қозғалысы бір қалыпты болады, ендеше қуат:

күш векторының жылдамдық векторына скалярлық көбейтіндісін береді.
Қуаттың өлшем бірлігі - Ватт (Вт), 1Вт – 1с –та 1 Дж жұмыстың жасалуы, 1Вт=1Дж/с.
Дата добавления: 2015-08-08; просмотров: 5365;
