Жұмыс қапастарының жіктелуі.

Жұмыс қапасы деп металды илемдеуге арналған илемдеуші орнақтың негізгі бөлігі болып табылатын құрылғыны айтады.

Пішінбіліктердің құрылымы мен орналасуына байланысты илемдеуші орнақтардың жұмыс қапастарын алты топқа бөлуге болады:

1) екі пішінбілікті; 2) үш пішінбілікті; 3) төрт пішінбілікті; 4 ) көп пішінбілікті; 5) әмбебап;

6) арнайы құрылымды қапастар;

Екі пішінбілікті қапастар. Екі пішінбілікті қапастардың керіқимылды (реверсті) және керіқимылсыз (реверссіз) түрлері қолданылады.

Керіқимылсыз қапастар үздіксіз және сортты орнақтарда кеңінен қолданылады. Мұндай қапастарда металл бір бағытта бір мәрте ғана өте алады.

Керіқимылды қапастар пішінбіліктерінің айналу бағыты айнымалы және екі пішінбілігі де жетекті болып келеді. Мұндай қапастарда пішінбіліктердің керіқимылды әрекетінің есебінен металл қозғалу бағытын өзгертіп, бірнеше өтпеде илемделеді. Әрбір өтпе пішінбіліктерді бір-біріне жақындатумен, яғни қысыңқыраумен ұласып отырады. Мұндай типті қапастар блюмингтерде, қалыңтабақты орнақтарда және т.б.қолданылады.

 

а-керіқимылды (реверсті); б-керіқимылсыз (реверссіз)

Сурет 2.1 - Екі пішінбілікті жұмыс қапастары

Үш пішінбілікті қапастар (реверссіз-квазиреверсті). Үш пішінбілікті қапастар сортты орнақтарда кеңінен қолданылады, өйткені оларға мөлшерлердің бірнешеуін орналастыруға болады және металды үстіңгі мен ортаңғы, ортаңғы мен астыңғы пішінбіліктер аралығында илемдеуден өткізуге болады. Пішінбіліктердің бір бағыттағы айналу жылдамдығы тұрақты. Металл алдымен бір бағытта, ал содан соң кері бағытта қозғалады. Металды пішінбіліктер арасына салу үшін тербелмелі көтергіш үстел қарастырылған. Жетегіне айнымалы токты (керіқимылсыз, асихронды) қозғалтқыштарды қолданады. Мұндағы үш пішінбіліктің барлығы да жетекті болып келеді (Сурет 2.2).

а-табақты; б-сортты

Сурет 2.2 -Үш пішінбілікті қапастар

 

Табақилемдеу өндірісінде Лауттың үш пішінбілікті қапасын қолданады, оның ортаңғы пішінбілігінің диаметрі кіші және жетекті емес. Ортаңғы пішімбіліктің айналуы, оны үстіңгі және астыңғы жетекті пішінбіліктерге алма-кезек қыспақтау арқасында жүзеге асады. Қапас тербелмелі көтергіш үстелмен жабдықталған. Жұмыс өнімділігінің төмендігі мен қатаңдығының жеткіліксіздігінің салдарынан соңғы кездері Лаут қапастарын пайдаланбайтын болды.

Төрт пішінбілікті қапастар. Төрт пішінбілікті жұмыс қапасында пішінбіліктер 2.3 - суретте көрсетілгендей бірінің үстіне бірі орналасады.

Сурет 2.3 -Төртпішінбілікті қапас

 

Тіреуіш пішінбіліктердің тағайындалған міндеті: илемдеу кезінде күштерді қабылдап алу және жұмыс пішінбіліктерінің иілу шамасын азайту. Төртпішінбілікті қапастар табақты металлды (жұқа, қалың, ыстық, суық және өте жұқа) илемдеу барысында кеңінен қолданыс тапты.

Төртпішінбілікті қапастарды үздіксіз орнақтарда және керіқимылды режімде жұмыс істейтін орауышы бар орнақтарда да қолдануға болады. Деформациялануы қиын қорытпалар (трансформаторлы, динамды, таттанбайтын және т.б. ) үшін орауыштары пеште орналасқан төртпішінбілікті қапастар қолданылады.

Көппішінбілікті қапастар. Екі жұмыс және төрт тіреуіш пішінбілікті алтыпішінбілікті қапастар жұмыс қапасының жоғарғы қатаңдығын және жұмыс пішінбіліктерінің ең аз иілуін қамтамасыз етеді (Сурет 2.4). Мұндай сипат өте жұқа тілкем мен шақтамасы төмен орамдықтағы енсіз таспаны суықтай илемдеу кезінде аса қажетті болып табылады.

Сурет 2.4 -Алтыпішінбілікті қапас

 

Солай бола тұра, алты пішінбілікті қапастар өзінің қатаңдығы жағынан төртпішінбілікті қапастардан артықшылығы шамалы ғана, ал құрылымы жағынан өте күрделі, сондықтан соңғы кезде мұндай қапастарды қолдану кең өріс алмай отыр.

Қазіргі заманғы илемдеу цехтарында он екі және жиырма пішінбілікті қапастар кеңінен қолданылып жүр (Сурет 2.5).

а б

 

Сурет 2.5 -Он екі және жиырма пішінбілікті қапастар

 

Диаметрлері өте кіші жұмыс пішінбіліктерін(10-50мм) пайдалану арқасында және жұмыс қапасымен барлық пішінбіліктер жүйесінің жоғары қатаңдығының арқасында бұл қапастарда жоғары көміртекті және легірленген болаттың жұқа және өте жұқа таспасын (һ=5-10мм, в=100-1500мм) шақтамалары 1-5 мкм-ге дейінгі шамада илемдеуге болады. Илемдеу орамдық жүйемен жүргізіледі, яғни таспалар екі ұшынан орауышқа оралады.

Бұл қапастардағы жұмыс пішінбіліктері жетекті емес. Олар бірқатар жетекті пішінбіліктерге сүйенеді, ал өз кезегінде олар тіреуіш пішінбіліктерге сүйенеді. Пішінбіліктер диаметрі жұмысшыдан тіреуіш пішінбілікке қарай өсіп отырады. Мұндай қапастарда пішінбіліктер жүйесінің күрделілігі илем қалыңдығының минимал шақтамасымен анықталады.

Әмбебап қапастар. Горизонталь және вертикаль пішінбіліктермен жабдықталған қапастарды әмбебап деп атайды (Сурет 2.6). Әмбебап қапастар слябингтерде, табақты ыстықтай үздіксіз илемдейтін орнақтардың қаралай илемдеу қапастары есебінде қолданылады. Әмбебап қапастарда металл бір-біріне перпендикуляр жатқан жазықтықтарда деформацияланады. Олардың керіқимылды және керіқимылсыз әрекеттегі түрлері болады. Горизонталь топтағы пішінбіліктер екі және төртпішінбілікті (қалыңтабақты орнақтарда) болуы мүмкін.

Табақ илемдейтін әмбебап қапастардан басқа арқалық(балка) илемдейтін әмбебап қапастар да қолданылады. Олар, сөрелері параллель кең сөрелі арқалықтар (300-400мм) өндіруге таңайыдалған.

Вертикаль пішінбіліктер жетекті емес және олар горизонталь пішінбіліктермен бір жазықтықта орналасқан.

 

Сурет 2.6 - Әмбебап қапастардағы пішінбіліктердің орналасу сұлбасы:

а-слябинг; б-табақ илемдейтін қапас(эджер); в-арқалық (балка) илемдейтін қапас.

Арнайы жұмыстарға арналған қапастар. Бұл топқа кіретін қапастардың қолдану аясы тар мынадай орнақтарда қолданылады (Сурет 2.7 - 2.11): дөңгелек илемдейтін, құрсау илемдейтін, балдақ илемдейтін, шар илемдейтін және қималары айнымалы пішіндер алу үшін илемдейтін орнақтар. Құбыр өндіру және пісіру жіктері тік, шиыршықты құбырларды қорамалау мен пісіруге арналған орнақтардың қапастары ерекше топ құрады. Аталған қапастардың пішінбіліктерінің орналасуы төменгі сұлбада көрсетілген.

Сурет 2.7 -Шар илемдейтін орнақ. Сурет 2.8 -Үш пішінбілікті мерзімді

илемдеу орнағы.

Сурет 2.9 -Дөңгелек илемдейтін орнақ. Сурет 2.10 - Құрсау және балдақ

илемдейтін орнақ.

Сурет 2.11 - Қобылаушы орнақ








Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1598;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.