Металлургия зауыттарының негізгі цехтарының орналасу сұлбасы
ҚПА (ТСА) | ||||||||||||
СИЦ (ЦХП) | ||||||||||||
ББЦ (СПЦ) ҮДҚМ МНЛЗ | ҚП (НП) | ҮКО (НШС) | ||||||||||
ҚТО (ТЛС) | ||||||||||||
СИЦ (ЦХП) | ||||||||||||
ҚҚ (НК) | Слябинг | ҚП (НП) | ҮКО (НШС) | |||||||||
ҚТО (ТЛС) | ||||||||||||
ҚҚ (НК) | Блюминг | ҚП (НП) | Рельс-балкалы орнақ | Сортты орнақтар | ||||||||
Ірі сортты орнақ | ||||||||||||
ҚП (НП) | ДӨҚ (СГП) | |||||||||||
ҚҚ (НК) | Блюминг | ҮДО (НЗС) 900/700/500 | ||||||||||
ҚҚ (НК) | Блюминг | ҚП (НП) | ӘБО (УБС) 1300 | |||||||||
ҮҚДО (НТЗС) 1100 | ||||||||||||
АҚО (ССН) | ҚП (НП) | ҚИА (ТПА) | ||||||||||
ББЦ (СПЦ) – болат балқыту цехы; ҮДҚМ (МНЛЗ) – үздіксіз дайындама құю машинасы; ҚҚ (НК) – қыздыру құдықтары; ҚП (НП) – қыздыру пеші; ҮКО (НШС) – үздіксіз кеңтілкемді орнақ; ҚТО (ТЛС) – қалыңтабақты орнақ; СИЦ (ЦХП) – суықтай илемдеу цехы; ҚПА (ТСА) – құбыр пісіру арегаты; ҮДО (НЗС) – үздіксіз дайындамалық орнақ; ӘБО (УБС) – әмбебап балкалық орнақ; ҮҚДО (НТЗС) – үздіксіз құбыр дайындау орнағы; ҚИА (ТПА) – құбыр илемдеу агрегаты; АҚО (ССН) – арнайы қызметке арналған орнақ; ДӨҚ (СГП) – дайын өнім қоймасы.
Илемдеу цехтарында блюмдер мен слябдтерден алуан сортты илемдік өнімдер өндіреді: ыстықтай немесе суықтай күйде илемделген қалыңдығы мен ені әртүрлі табақты илемдер; қималары мен өлшемдері әртүрлі қарапайым пішінді (дөңгелек, квадрат, тілкем) және фасонды пішінді (рельс, балкалар, швеллер, бұрыштамалар, кезеңді қималы пішіндер, алтықырлы пішіндер) сортты илемдер; мөлшерленген сымдар мен әртүрлі қималы додалар, жоғары дәлдікті фасонды пішіндер мен майыстырылған илемдер.
Қара металлургиямен салыстырғанда түсті металдарды өніретін зауыттардың бірқатар ерекшеліктері болады, оларды қысыммен өңдеу жабдықтарының құрамына қарап білуге болады. Бұл ерекшеліктер мыналар:
1) түсті металдар өндіруге арналған зауыттар ондағы өндірілетін түсті металдың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы қорғасын, мыс, никель, молибден, вольфрам, алтын, платина, алюминий және т.б. металдарды өңдеу технологиясы, физикалық және механикалық қасиеттері әр түрлі болып келеді;
2) жоғарыда аталған және басқа түсті металдар әр жақта өндіріледі және олар таза күйінде илемдеу өндірісі үшін кеңінен қолданыс таппайды. Илемдеу өндірісі үшін бұл металдар қорытпа күйінде қолданылады;
3) түсті металдардан қорытпалар өндіру үшін таза металл өндіретін зауыттар мен комбинаттардан бөлек жеке зауыттар салады;
4) түсті металдар өңдеу зауыттарының өндіріс көлемі аз болып келеді және алуан түрлі қорытпалармен жұмыс істейді, бұл қорытпалардың физикалық және механикалық қасиеттері бір-бірлеріне мүлде ұқсамайды. Мысалы, мыс және алюминий негізіндегі қорытпалар, арнайы қорытпалар және т.б.
Түсті металлургияның осындай ерекшелігіне байланысты оның бастапқы кезде (революцияға дейін) қара металлургияға қарағанда кенжелеу дамығанын атап өтуге болады. Қазан революциясына дейінгі уақытта аса ірі зауыттар болып Кольчугинск, Выборжск (Петербург қаласы), Мәскеу металл илемдеу зауыты, Тула және т.б. зауыттар азғантай көлемде ғана өнім өндіре алды. Бірнеше қолөнер зауыттары (шеберханалар) аздаған көлемде қалайы, қорғасын, алюминий илемдеп шығарды. Илемдеу өндірісі өте тұрпайы түрде болды; пішінбіліктер жетегі ретінде бу машиналары және су диірменді дөңгелектер қолданылды.
Революциядан кейін ескі зауыттар дамытылып және жетілдіріліп қана қоймай Ступинск (Мәскеу маңында), УкрКабель (Киев) және т.б. аса ірі зауыттар салынды.
Әсіресе түсті металлургия саласы Ұлы отан соғысы кезінде және одан кейінгі жылдары жоғары қарқынмен дамыды. Қуаттылығы жоғары илемдеу жабдықтарымен жабдықталған зауыттар Кировта, Орскіде, Балқашта, Ревдеде, Артемовскіде, Ташкентте және т.б. қалаларда бой көтерді.
Соңғы уақыттарда түсті металлургия зауыттарында илемдеу жабдықтарын түбегейлі өзгерту және жетілдіру шаралары іске асырылып жатыр. Соның бір айғағы ретінде Балқаш түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу зауытында соғылған мыс қорытпаларын ыстықтай және суықтай илемдеу цехтарын айтуға болады.
Илемдеу өндірісіндегі аса ерекше жаңалықтардың бірі дайындамаларды үздіксіз құю агрегаттарының пайда болуы. Мұндай агрегаттар арқылы алынған дайындамалар ыстықтай илемдеусіз тікелей суықтай илемдеуге жіберіле алады.
Соңғы жылдары престеу жабдықтарының қуаты артып келеді, бұл түсті металдардан престеу әдісі арқылы алынатын өнім түрлерінің номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.
Сонымен, металлургия зауыттары жабдықтарының құрамын қарастыру барысында белгілі илемдік жабдықтармен ған шектеліп қалмай, сонымен бірге алуан түрлі көмекші тазартып өңдеу жабдықтарын да қарастырған жөн.
Әдебиеттер:нег.1 [3-9]
Бақылау сұрақтары:
1. Илемдеу өндірісінің металлургия саласындағы алатын орны қандай?
2. Толық циклды металлургия кәсіпорындарының құрамы қандай?
3. Қара және түсті металлургиядағы илемдеу өндірісінің ерекшелігі неде?
4. Дайындамаларды үздіксіз құю агрегаттарын пайдаланып илемдер алу ерекшелігі.
5. Илемдеу жолымен алынатын өнім түрлері және илемдеу өндірісінің болашағы.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 2075;