Гидроизоляциялық герметикалық кровильдік материалдар технологиясында қолданылатын негізгі алигомерлер, полимерлер және сополимерлер

1. Битумды полимер және дектеполимерлі заттар.

2. Картондар. Картон өндірісі үшін шикізаттар. Маркалау

3. Фольга және металл торлар (алюмининді, мысты және т.б.)

4. Шикізаттарға қойылатын талаптар.

 

Негізгі олигомерлер, полимерлер және сополимерлер.

Битумдық гидроизоляциялық және шатырлық заттардың мықтылығын арттыру үшін әр түрлі температураларға шыдау қасиетін жақсарту үшін, суға шыдамдылығын арттыру үшін битумдарды полимер қоспаларымен модификациялайды. Битум және полимер композицияларының электронды микроскопиялық және оптикалық зерттеулер көрсеткендей полимерлердің кішкене қоспасының өзінде (1-2%) битум майларында ери алады.

Битумға полимерді көптеп қосқанда битум құрамында бір – біріне байланыспайтын бөлшектерге айналады және олардың толықтырғыштардың әсеріне тең. 5-10% полимер қоспа болғанда бөлшектердің агрегациясы жүреді және олар өзара жақындайды, ал 10-15% полимер қопсыған сеткалы структураны жасайды. Ал 25% битум полимердің структуралық ұяларына еніп және фаза инверсия болады.

Битум полимерді композициялық материал ретінде қарауға болады. Мұндағы матрица орта болып битум қызметін атқарады, дисперсия фаза бұл полимер болып келеді. Бұндай битумды полимер затының қасиеттері жекелеген заттың қасиеттерінен артық болып келеді. Полимерді көбірек қосқан жағдайда битум полимер заттары қатпарлы зат есебінде өте мықты, икемді болып келеді. Олардың бұзылуы процессі әдетте кішкене жарықшалардан басталады. Содан соң жарықшаның алдында жоғары молекулалы каучукты немесе басқа полимерлі байланыстар пайда болады, кішкене жарықшалар тежеледі, баяулайды немесе тіпті тоқтайды.

Битумдардың қасиетін жақсартатын этилен пропилен каучук қоспалары әр түрлі маркада (СКЭП), битум каучуктер (БК), полихлорпрендік каучук нейриптер және басқа эластонерлер. Қазіргі уақытта олар заманауи полимер өндірісіндегі негізгі заттар болып есептеледі. Гидроизоляцияда қолданылатын негізгі термопласттармен реакцияпласттарды қарастырайық.

Полиизобутилен – каучук тәріздес термомопласт. Өндірісте төмен молекулярлы массасы 50000 төмен шығарылады. Негізінен лак, клей дайындау үшін және жоғары молекулярлы молекулалық массасы 150000- 225000 шығарылады. Қасиеті бойынша каучукке жақын түссіз жоғары химиялық мықтылығымен және су өткізбейтіндігімен, бірақ төмен атмосфераға төзгіштігі төмен. Жоғары молекулярлы полиизобутилен ароматикалық және хлорланған көмірсутектерді сероуглерота ериді. Темір мен бетонға жоғары салқын адгезиясы бар өндірісте гидроизоляциялық және кровильдік материалдардың полиизобутиленнің 2 түрі қолданылады: П – 118, П – 200.Салыстырмалы түрде үлкен ұзартылғанына қарап, су тартылуына қарап (0,05%) полиизобутилен парақ түрінде гидроизоляцияға пленка түрінде пайдаланады. Су өткізбейтін маркалар дайындау үшін қорғаныш жабулар қатпайтын герметиктер және битумдағы қоспалар ретінде пайдаланады. Битум маталарына төселген асфальт битумдар мықты, суға шыдамды және тығыз майысқыш қасиеттері жоғары болады. Полиизобутиленді мықты ету үшін оған 90% -ке дейін ұнтақ тәріздес толтырғыштар салады, тальк, бор, каолин, асбест және т.б.

Полиэтилен – жоғары қысымды (төмен тығыздықты) =0.92…0.93 г/см3 2-5 мм өлшемді түйіршікті түрінде шығарылады, қоспаларсыз (базалық маркалы) және қоспалармен бояғыштар, стабилизаторлармен. Маркасына байланысты полиэтилен төмен тығыздылықты 7,0...12,5 МПа арасында мықтылық шегі бар. Ұзартылуы 50-500%, аязға төзімділігі -700С.

Төменгі қысымдағы полиэтилен (жоғары тығыздықты). =1 г/см3 қоспаларсыз шығарылады базалық маркалары және қоспалармен – коррозияға қарсы жарық стабилизаторы бояғыштар жылу стабилизаторлар және т.б. Пленка дайындау үшін 20908-040 маркалы полиэтилен пайдаланылады, қағаз немесе матаны сыртына жабу үшін 21008-075 маркасы қолданылады. Маркасына байланысты полиэтиленнің мықтылық шегі бар 5...25 МПа Салыстырмалы ұзартылуы 200-800%, аязға төзімділігі -600С. Полиэтилен – жылу иілімді полимер, жоғары химиялық мықтылығы бар, бу, су өткізбейді, иілгіш, біраққаттылығы жоғары емес. -700С суыққа иілгіштігін сақтайды, жарыққа тез тозады, иілгіштігін жоғалтуға бейім, оттегі әсерінен ол диструкцияланады.

Полиэтиленге иілгіштігін жоғарылату үшін полиизобутилен енгізеді, әсіресе полиэтиленді пленкалар өндірісінде қышқылдану процессін тоқтату тежеу үшін фенол, амин енгізеді, ал 2-3% күйе оның жарыққа тозуы тоқтатады.

Полиэтиленнен су өткізбейтін материалдар жасайды: пленка, лента, қорғаныш жабулар, труба және т.б. Полиэтилен пленкаларды және қағаздарды 140-1800С температурада дәнекерлейді.

Хлорсульфатты полиэтилен (ХСПЭ) – полиэтиленнің молекуласына сульфохлорид тобын енгізу арқылы алады. Каучук тәрізді полимер ыстыққа шыдауы 120-2000С дейін қысқа уақыттарға шыдайды.

Полипропилен- қолданылуы мақсатына байланысты ұнтақ ұлпа түрінде және бірнеше маркалы грануль түрінде шығарылады. ПП1...ПП5 дейін маркалары бар. Олардың үзілуге мықтылығы 25МПа кем емес, салыстырмалы созылуы 100-400%. Кристалдық сатысы 90-95% молекулярлық массасы 500000 дейін, түсіз. Көптеген термопласттардан арзан. Аязға төзімділігі ПП1- 50, ПП2 және ПП3 - 100С, ал ПП4, ПП5- 150С шыдайды. Полипропилен жоғары температурада балқитынымен ерекшеленеді, 1500С дейін, өзінің формасын толық сақтап тұрады, химиялық мықтылығы жоғары және су өткізбейді. Тек қана қышқылдар оны еріте алады.

Полипропилен әр түрлі қалыптау түрлеріне жақсы келеді, дәнекерлеу және желімдеуге. Гидроизоляцияда оны пленка түрі пайдаланады, газ, бу, су изоляциясы үшін одан үлкен парақ көлемін дайындап қауіпті сұйықтықтар құятын ыдыстар дайындау үшін қолданылады. Өзінің механикалық қасиетіне байланысты бу, газ қасиеттері полиэтиленнен асып түседі. Пленкаларды 195-2000С температурада үздіксіз сығып отыру арқылы және үрлеп дайындайды.

Поливинилхлорид – ыстыққа шыдамды, аморфты полимер. Ұнтақ түрінде 2 түрі шығарылады: эмульсиялық және суспензиялық, молекулярлық массасы аз полимерлер ацетонда ериді, ал молекулярлық массасы жоғары болса хлорбензолда, циклогексанол, т.б. ериді.

Поливинилхлорид – винил суда, көмірсутектерде ерімейді. Спирттерде жоғары механикалық көрсеткіштері бар, механикалық өңдеуге оңай келеді, 80-1300С пластикалық күйіне өтеді. Осы күйінде оны әр түрлі пластмасс өнімдерде қалыптауға болады. Пластификаттарды енгізгенде поливинилхлоридте және қысыммен майысқыш түссіз пленка қалыптайды. Қалыптау кезінде пленканың қалыптылығы азаяды, ал созылу ұзарылады.

Поливинилхлоридтің бір түрі Поливинилсмаласы болып келеді. Бұл поливинилхлоридтің газ тәріздес хлормен 80-1000С хлорлау арқылы алынған өнім. Перхлорвинилхлоридтың кемшілігі бұл жарыққа төзуі төмен, суыққа ағып кетеді және нәзік. Басқа материалдардан адгезиясы төмен. Гидроизоляцияда төсеніш ретінде пайдаланды.

Поливинилацетат қатты зат, түссіз, мөлдір, усыз, жақсы адгезиялы. Поливинил ацетат күн сәулесіне шыдамды. Көптеген еріткіштерде жақсы ериді хлорлы кетонда және ароматты көмірсутектер күрделі ериді. Ол ерімейтін бензинде, керосинде, майда, скипидарда, глицеринде және т.б. суға салса поливинил ацетат шамалы ісінеді. Алу тәсіліне байланысты биссерлі эмульсиондық лакты, блокты поливинилацетат түрінде шығарылады. Оны лак, бояу маериалдарын дайындау үшін қолданылады.

Полистиролэмулсиондық, А және Б маркаларышығарылады, ұнтақ ұлпа түрінде, ақ түсті, блок тәсілімен шынғанда Д және Т маркалары шығарылады. Мөлдір қатты зат – «блок» суспензиялық түрі ПСС – ПССП маркалары шығарылады. Барлық маркалар ортақ мақсатта пайдаланды. Содан басқа соққыға төзгіш стирол және каучук композициясындағы полистирол өндіріледі. Олардың маркалары I-VII жоғары механикалық мықтылықпен және майысқышпен ерекшеленеді.

Полистирол суға минералды қышқылдарға төзімді, жарық өткізгіштік қасиеті мол механикалық мықтылығы жоғары жарыққа төзгіш. Полистирол 2300С температурада қысым астында өнімдерге оңай құйылып өнімге айналады. Синтетикалық желімдермен жақсы жабысады, оның құны басқа полимерден төмен. Оның кемшілігі отқа жаңғыштығы, нәзіктігі, ыстыққа шыдамдылығы төмен: 70-900С ыстыққа полистирол өнімдері формасын жоғалтады. Нәзіктігін қатайту үшін минералды толтырғыштар енгізеді.

Темір, бетон, асбест цемент ағаштар үшін гидроизоляциялық жабуына полистиролды пленка түрінде қолданылады. Пленка жеткілікті шамада майысқыш және иілгіш. Полистиролдан жасалған өнімдерді ыстық ауамен дәнекерлейді. Ұнтақ күйіндегі эмульсиялық полистиролды рулонсыз пластмас беттердің отымен жапсырады. Гидроизоляциялық заттарды дайындау үшін синтетикалық латекстер қолданылады. Синтетикалық латекстерді стирол мен дивинил мономерлерінің негізінде алады. Гидроизоляцияда жиі қолданылатын латекстер бұлар: СКС – 30, СКС – 50

Полиуретандаргетероцептік полимерлер: негізгі тізбекте макромолекулалар углеродтан басқа азот және оттегіден тұрады, мономерден өткен. Олар суға, аязға өте шыдамды мықты, ыстыққа ерімейді және жоғары иілімділік қасиеті бар. Осы сипаттарына сәйкес оларды гидроизоляционды пленкалар, желімдер, лак, бояулар беттерін гидроизоляциялау арналған өнімдер дайындауға пайдаланады.

Фенолформальдегиттік полимерлертермореактивтік, термопластикалық болып алынуы мүмкін.

Қолданылуына байланысты резульдік Фенолформальдегиттік полимерлерқатты немесек сұйық ашық сарыдан қызылдау түске дейін шығарады. Олар суға және химиялық беріктілігі жоғары Фенолформальдегиттік полимерлердің жақсы қасиеттерінің бірі бұл толтырғыштармен жақсы сыйысады және өте мықты ыстыққа төзгіш заттар жасауға болады. Ағашқа, қағаз, матаға, химиялық беріктігі, адгезиясы жоғары антисептикалық қасиеттері бар.

Фенолформальдегиттік полимерлерді қататын ластик лак, желім жасау үшін пайдаланады. Пластмасса өндірісінде гидроизоляциондық және кровильдік заттар дайындау үшін №17 смола пайдаланады. Бірақ олар шамалы улы болып келеді.

Полиамидтерқатты мүйіз тәріздес, мөлдір емес заттар, ақ түстен ашық сарыға дейін, жоғары температурада балқиды, микрокристалдық структурасы бар, мұнайдың әсерінен және мұнай өнімдеріне шыдай алады. Полиамидтердің кемшіліктері: иілгіштік интервалы көп емес, пластификаторлармен стабилизатормен нашар араласады. Гидроизоляция үшін пленканың полиамидтер заттарын пайдаланады. Беріктік шегі П – 68 полимид маркасының беріктігі 45-50 МПа тең, ал оның салыстырмалы созылуы 100%. Аралас полимидтер пластификаторлармен стабилизаторлар мен пигменттермен жақсы араласады. Оларды темірге, ағашқа, бетонға арналған лак, бояу, пленка өндірісінде пайдаланады. Полимидтердің көп бөлігі нилон, капрон, капролондардың синтетикалық жіптерін дайындау өндірісінде пайдаланады.

Эпоксидтік смолаларсызықтық тізбекте макромолекулалары реакционды қабілетті топтары бар. Сондықтан арнайы қатырғыштар енгізгенде сызықтық тізбектері «тігіледі» , бұдан кеңістік құрылымды полимерлер шығады. Эпоксидтік полимерлер ағашқа бетонға, темірге жоғары адгезиясы бар, суға, жылуға беріктігімен ерекшеленеді. Басқа смоллармен жақсы араласады. Бұл олардың техникалық сипаттамаларын жақсартады, компаундирленген смолалар. Олардың адгезиясы жылуға, суға беріктігі жоғары. Механикалық сипаттамаларын жоғарылату үшін эпосдтік амалдарға көп мөлшерде толтырғңыштар қосылады. Бірақ эпосидтік смолдар нәзік, оларды қатты салмақтар кезінде пайдалануға болмайды. Оларды желім, лак және герметизациялау, құбырларды жөндеуге арналған материалдарды дайындауға пайдаланады.

 

 








Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 2420;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.