Бинарлы қатынастарға қолданылатын операциялар.
Бинарлы қатынастар PÍM1хM2 (PÍM2, M1=M2=M) жиын болғандықтан оларға жиынға қолданылатын барлық амалдар орындалады. Олар:
1. Бірігу Р1ÈР2; Р1ÈР2={(a,b) | (a,b) Î P1 немесе (a,b) Î P2}
2. Қиылысу P1ÇP2; P1ÇP2={(a,b) | (a,b) Î P1 және (a,b) Î P2}
3. Айырым P1\P2; P1\P2={(a,b) | (a,b) Î P1 және (a,b) Ï P2}
4. Толықтауыш ; =U\P, мұндағы U=M1´M2 (U=M2)
5. Кері қатынас P-1; P-1 = {(a, b) | (b, a) Î P}.
P-1⇌{(y,x) | (x,y)ÎP} жиыны Р қатынасына кері қатынас деп аталады. Мысалы, Р-жас болу болса, P-1 үлкен болу, Р-баласы болу болса, P-1 әкесі болу. P (x)={y | (x,y)ÎP қандай да бір х үшін} Х жиынының Р -ға қатысты образы (бейнесі) деп, ал P-1(x) – Х жиынының Р-ға қатысты прообразы деп аталады. Мысалы, A={2,3,4,5,6,7,8} жиыны берілсін.
P={(x,y) | x,yÎA,y x-ке бөлінеді және x≤3} бинарлы қатынасына кері қатынас P-1={(2,2), (4,2),(6,2), (8,2),(3,3),(6,3)}; X-ң Р-ға қатысты образы P(x)={3,6}; X-ң Р-ға қатысты прообразы немесе P-1 ( x )= {3}.6 Бинарлы қатынастың көбейтіндісі немесе Р1 мен Р2 композициясы Р1×Р2.
Айталық А,В,С жиындары және Р1 ,Р2 қатынастары берілсін. Р1 Í АхВ және Р2 Í ВхС бинарлы қатынастарының көбейтіндісі немесе Р1 мен Р2 композициясы бар болады яғни (a,b) Î Р1○Р2 егер (a,z)ÎP1 және (z,b)ÎP2 болатындай zÎB элемент табылса; Р1○Р2={(a,b) | aÎA, bÎC және (a,z)ÎP1 .
.Дербес жағдайда, егер Р қатынасы М жиынында анықталған болса PÍM2, онда
Р○Р={(a,b) | (a,c),(c,b)ÎP}
Мысалы Р-баласы болу болса, онда Р○Р-немересі болу.
Дата добавления: 2015-08-14; просмотров: 3871;