Картондар
Негіз ретінде көптеген рулон, шатырлық және гидроизоляциялық заттарға картондар қолданылады. Картондар өзі мата болып есептеледі. Оны ретсіз және тығыз тоқылған органикалық және минералды талшықтардан алынады. Өндірістік мақсатына байланысты картондар әр түрлі болып келеді. Ал гидроизоляциялық заттарға негізінен шатырлық картон және азбесттік картон пайдаланылады.
Шатырлық картонды майдаланған 2–ші рет қайта өңделген шикізаттан текстильді, натуралды, синтетикалық заттардың қоспасынан, ағаш массасынан және макулатурадан дайындайды. Негізінен оны өндіру үшін мата, макулатура және ағаш талшықтары түрінде целлюлоза пайдаланылады. Картон құрамында неғұрлым шүберек көп болса, соғұрлым оның сапалық сипаттамалары жоғарылап, қоймалжыңды сіңіргіштігі артады, матаның жартылай фабрикаты ретінде ыңғайлығы артады.
Шатырлық картон рулонмен ені 1000, 1025, 1050мм, массасы 250–600 кг болып шығарылады.
Сіңіргіштік қасиетіне және сіңірудің жылдамдығына байланысты А және Б топтарына бөлінеді. А топтағы картонды өндіру үшін мақта тазалайтын зауыдтардың қалдықтарының шүберектері, целлюлоза, макулатура пайдаланылады. Картонның Б композициясында шүберек аз, ағаш массасы көп, целлюлоза, макалатура бар. Б картонның қасиеті А тобына қарағанда төмен. Шатырлық картонды картонның 1м2 массасына және үзілу, жыртылу мақсатына байланысты мынандай маркаларға бөлінеді: А500, А420, А350, А300, Б500, Б420, Б350, Б300. Маркадағы сан картонның 1м2 массасын көрсетеді. Картонның ылғалдылығы 6% болуы керек, өйткені 6% жоғары болса оның беріктілігі төмендайді.
Картон дайындау технологиясы шикізатты алдын ала сұрыптап, өңдеуден тұрады, оны майдалап жекелеген талшықтарға және картон массасын алып одан картон құйылады. ( сурет )
Талшықты шикізаттың қоймасы
Шүберектер Макалатура Мақта түбіті
Шүберекті сұрыптау
және майдалау
Үздіксіз ұнтаудың Сумен ерітіп Периодтық ұнтаудың
ролдары мылжылау рольдары
Коникалық диірмендерге рафинаттау
Массаны араластыру және аккумуляциялау
Құм салғыштарды тазалау
Біліктерді тазалау
Сұрыптау
Престеу
Кептіру
Картон рулондарын орау
Рулондарды кесіп, қайта орау
Картон қоймасы
Асбест картоны хризотилазбест талшықтарынан жасалады. Азбесттің жіңішке жайылған талшықтары жоғары механикалық көрсеткіщтері бар. Rраст – 600 – 900 МПа, азбест картонды өндіру үшін әдетте 4–ші және 5–ші сортты пайдаланылады, ал 1,2,3-ші сортты азбесттер азбест матасын өндіруге кетеді. Азбест картонының маркалары КАОН 1, КАОН2 азбест картоны жалпылама пайдаланылуға арналған. КАП төсеніш азбест картондары 780–760мм, қалыңдықпен 1,3.... 1,6.... 1,9... 2,5мм қалыңдықта 780*460 қағаз түрінде шағарады. КАОН 1,КАОН 2 маркадағы картондар 2 – 10 мм стандартты өлшемдегі қағаздар түрінде болады. Қағаздардың ені 600 – 1000мм, ұзындығы 900 – 1040 мм.
Гидроизоляциялық заттарды армирлеу үшін және негізі ретінде азбесттік қағаздарды пайдаланады, әйнек маталарды пайдаланылады, соның ішінде әйнек торын, әйнек джут, лень джуттық маталар және азбест, мақта, мата қағаздары және тағы басқа.
Органикалық синтетикалық талшықтардан жасалған холсттар өндірісі дамыды. Мысалы: полиэфирлік, полиамиттік, полиакрилонитрильдік және тағы басқа. Бұл холсттарды гидроизоляциялық заттар құрылыма\ында пайдаланылады. Осы мақсаттары үшін тағы да әйнек холсттар мен әйнек маталар пайдаланылады.
Әйнек талшықты заттардың құнды қасиеттері бар. Жоғары иілгіштігі және механикалық беріктілігі өте жақсы.
Алюминді фольга рулоны 10–1050мм ені, қалыңдығы 0,007–0,20 мм болып шығарылады. Фольганың беті таза, тегіс, түзу, қыржымсыз, тесіксіз алюсмин шаңысыз, тотыққан ізсіз, ешқандай мінсіз болу керек. Фольганың белгігі бір қалыңдықта белгілі мықтылығы болу керек. Үзілу кезіндегі беріктілігі 0,75МПа кем болмауы керек. Фольга жұмсақ болып шығарылуы мүмкін ( күйдірілген ) және қатты ( күйдірілмеген ). Ол мына маркалардағы алюминнен жасалады АД1, АД0, А7, А6, А5 және А0. Жою тәсілімен керек болған жағдайда бұндай рулондық заттар сбасқа металлдан жасалуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 1767;