Шпаклевкалаушы материалдар
Құрылыста панельді және ірі блокты бұйымдар үшін жоғары сапалы тегістеуші материалдар қажет. Сылау материалдары саңылауларды, тесіктерді, жарықшақтарды толтыру үшін қолданылады. Ал шпаклевкалаушы материалдар кедір-бұдыр беттердің тегіс бірқалыпты болуы үшін қажет.
Сылау материалдары үлкен тесіктерді, жарықшақтарды ұстап тұру үшін жоғары адгезиялы және қою консистенцияда болу қажет. Бұл материалдар соққыға, дірілге төзімді болуы керек.
Шпаклевкалы мастикаларды дайындау үшін табиғи шайырларды және өсімдік майын жаққаннан кейін қатты күйге айналатын синтетикалық олигомерлерді қолданады.
Эпокситті шайырлардан алынған Э-40, Э-4020, Э-4021 және Э-4022 маркалы эпокситті шпаклевкалар көп қолданылады. Мұндай эпокситті шпаклевкалар қою, қамыр тәріздес массада болады. Эпокситті шпаклевкалар құрамына: 50% эпокситті шайыр, 9% дибутилфталат, 36% толтырғыш (тальк, диабазды немесе андезитті ұн және т.б.), 2...3% органикалық ерітінді және 3% литопон қоспасы кіреді.
Бетонды және ағашты конструкцияларды өңдегенде перхлорвинилді шайыр негіздегі шпаклевкаларды қолданады. Қабырғадағы, төбедегі, ірге бастырғысындағы, терезе алдындағы және т.б. ғимараттың бөліктеріндегі жарықтарды, саңылауларды, тесіктерді жамау үшін «Карболат» шпаклевкасы қолданады. Оның құрамына: латекс СКС – 65ГП – 9,4%, карбоксиметилцеллюлоза – 0,3%, ұнтақталған тальк - 55%, карбамид - 4% және су - 100% дейін кіреді. Толық қатаю уақыты 24 сағат.
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 1452;