Гидроизоляциялық материалдар
Гидроизол дегеніміз - асбест картонға битум сіңірілген, тысталмаған рулонды материал. Ол жер астындағы гидроизоляциялау ғимараттарды, жазық жабындарды гидроизоляциялау және металл құбырларын коррозиядан сақтау үшін қолданылады. Бұл материалдың шіруге төзімділігі және ұзақ уакыттағы негізі картон материалмен салыстырғанда жоғары. Гидроизол екі маркалы ГИ-Г және ГИ-К, ал қасиеттері 3 – кестеде, көрсетілген мөлшерді, қамтамасыз өтетіндей болып өндіріледі.
3- кесте
Гидроизолдың физика-механикалық қасиеттері
Қасиеттері | ГИ-Г | ГИ-К |
Суөткізгіштігі: 5 см су бағанасы қысымына шыдамы сеткеден кем емес | ||
Суөткізгіштігі 24 сағатта, массалық % - тен жоғары емес | ||
Ені 50 мм тілімді созғанда ұзетің кұштің мөлшері, Н кем емес |
Бризол мен изол негізсіз рулонды гидроизоляциялық материалдарға жатады. Бұларда картон немесе мата сияқты негіз жоқ. Негіздің ролі бұларда битум мен ұсатылған резеңке дисперстік арматура ретінде қосылған асбест талшықтары атқарады. Ол үшін араласпаға пластификатор, т.б. үстемелер қосып оны каландрдан өткізеді.
Бризол мен изолдың айырмашылығы олардың құрамында. Бризол битум - резеңке комозитке (байланыстырғыш затқа) асбест талшықтары мен пластификатор қосып жасалынса, изол осы қоспаның минералды толтырғыш және антисептік қосып оны проқаттау аркылы өндіріледі; изол рулонының ені 800 және 1000мм, қалыңдығы 2мм. Изолдың қасиеттері негізі картон рулонды материалдардыкінен басы жоғары.-рубероидтан көрі 2 есе үзақ уақыт пайдаланылады; теріс температураларда иімділігі жақсы шірімейді, суды аз сіңіреді (1 %-тен де аспайды).
Бризол қышкылдарға төзімді жер астындағы металл конструкцияларға құбырларға оларды коррозиядан сақтау үшін битумрезеңке дайындалған мастикамен жапсырылады. Изол бассейндерді, подвалдарды (үй астын), рөзервуарларды (сүйық заттар, газдар қоймаларын) - т.б. гидротөхникалық құрылыстарды, екі үш қабатты көлбеу немесе жазық шатырларды ылғалдан сақтау және құбырларды коррозиядан қорғау үшін қолданылады. Ол изол атты суық не ыстық мастикамен жапсырылады.
Магистральды газ және мұнай құбырларлын гидроизоляциялау үшін жақын арада өндірілген пленкалар (жұқа қабаттар) ПБД (полимердегтебитумная - полимер қарамай битумды) және ПРДБ (полимеррезеңке қарамай битумды) пайдаланылады. Олар созу күшінө үлкен кедергі көрсетеді (қабыршақтың көлденөң қимасы бойынша, яғни оны былай сынағанда 1000л), коррозияға төзімді; оларды -50° -пен +60°С аралығында көп уакыт -50 жылға дейін пайдалануға болады.
Фольгоизол - аллюминийден өндірілген кедір - бұдыр немесе жазык жұқа фольганың*, астына минералды толтырғыш және антисептикпен араластырған битум - резеңке жағылған рулонды материал; рулонның өні 1м, үзындығы 10м; фольганың қалыңдығы 0,3 мм-ге дейін. Фольго-изолдың үзуге беріктігі жоғары; ол иілгіш, су жұтпайды. Фолъгоизол манызды ғимараттардың төбе жабындысының жоғары қабаты ретінде және оларды гидроизоляциялау үшін қолданылады. Фольгадан күн сәулесі шағылатындықтан одан жасалған жабынды қара түсті жабындылармен салыстырғанда аз жылжйды, үзақ уақыт өшқандай күтімді қажет етпейді.
№16 дәріс
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 3077;