Гидроизоляциялық, герметикалық және тыстамалық материалдар

Полимербетондар - полимерлі байланыстырғыш және минералды кәдімгі және толтырғыштар негізінде алынатын материал. Полимер байланыстырғыш ретінде фуранды, эпоксидті полиэфирлі және фенолформальдегидті шайырлар, яғни поликонденсация әдісімен алынатын полимерлер көп қолданылады. Минералды ұнтақ толғырғыштарға майда, бөлшектерінің мөлшері 0,15мм-ден кем түйірлер, ал кәдімгі толтырғыштарға түйірлерінің мөлшері 5мм-ге дейін құм және мөлшері 50мм-ге дейін жарықшақ тастар жатады. Полимерерітінділердің құрамында полимербетонмен салыстырғанда жарықшақ тас болмайды, ал мастикаларда полимерден тек майда дисперсті ұнтақ толтырғыш ғана болады.

Ең жоғарғы физика-механикалық қасиетті полимербетон эпоксидті шайырлар негізінде алынады. Бірак эпоксидті шайырлар қымбат және тапшы жетімсіз болғандықтан оларды қарамаймен модификациялайды; осындай құрама байланыстырғышқа соңғының мөлшері 35- 50%. Полимербетонның ең көп тараған түрі сулфоқышқылдарын қосып қатайтылатын шайыры негізінде жасалынады. Фуранды бетонның қасиеттерін жақсарту үшін оны эпоксидті шайырлармен модификациялайды.

Полимербетоның құрамы ондағы толтырғыштардың ең тығыз орналасуын қамтамасыз етіп, байланыстырғыштың шығымын мүмкіншілігінше азайтуы қажет. Бұйымдар жасау үшін әдетте «арық» 1м3 бетонға полимердің шығыны 100-200кг, байланыстырғыш пен толтырғыштардың қатынасы 1:5 - 1:І2 қоспалар араласпалары пайдаланылады.

Құбырлар. Полимер материалдардан жасалған құбырлардың басқа материалдардан өндірілген құбырлардан артықшылығы олар жеңіл, электрохимиялық коррозияға төзімді, иілімді, өткізу қабілетін өзгертпейді, жылу өткізгіштігі төмен, оңай орнатылады және қорғағыш жабындыны қажет етпейді. Кемшіліктері: жылуға төзімділігі төмен және температура әсерінен әжептәуір кеңейеді. Сондықтан, оларды сұйықтарды 60-100°С жоғары температурада тасу үшін қолдануға болмайды.

Құрылыста көбінесе полиэтиленнен, полипропиленнен және поливинилхлоридтен жасалған құбырлар пайдаланылады. Әр түрлі материалдардан өндірілген құбырлардың қасиеттері 13.8 - кестеде келтірілген. Полимер кұбырлар көбінесе экструзия (үздіксіз сығып шығару) немесе басқа әдіспен жасалынады. Олар үзындығы 6-12 м көсінділер және бухталар соралған, рулон тәрізді) түрінде жеткізіледі, құбырлардың диаметрі полимердің түріне байланысты 10-630мм аралығында. Оларды өзара ажырамайтын, біртүтас (контактілі пісіру немесе жөлімдеу арұқылы) я ажырайтын (алмалы-салмалы) өтіп үштастырады ( жалгғйды).

Полимер құбырлар су және газ жеткізу, ауа тазарту (алмастыру), вентиляция жер суландыру (ирригация), канализация жүйелерін және химия-тамақ өндірістерінде ішкі коммуникация қатынас жол құру үшін қолданылады.

№13 дәріс








Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 1839;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.