Гидроизоляциялық герметикалық және тыстамалық материалдар

Гидроизоляциялық материалдар пленка (жұқа қабық), мастика, лакталған және сырланған түрінде қолданылады. Пленкалы түрлері негізінде полиэтилен, поливинилхлорид полмерлерінен экструзия гүздіксіз сығып шыгару немесе басқа әдіспен қалыңдығы 1мм дейін болып өндіріледі. Мысалы полиэтиленді пленка рулондық ұзындығы 160 м дейін, өні 800-1400, ал қалыңдық 0,06-0,2 мм, қасиеттері 7 - кестеде келтірілген; тығыздығы 0,9 г/см3, -60 градустан +80 градустан аралығында пайдалануға болады. Поливинилхлоридті пленканың созуға беріктігі 10-І5 МПа,үзілгенде салыстырмалы үзаруы (100-300).

Пленкалар плотинаның фильтрация арқылы су өткізуіне қарсы экран (жабық) және су қоймаларының, суару каналдарының су өткізбейтін жабындығы ретінде, үйлерді ғимараттарды топрақ ылғалынан? жерасты суларынан қорғау, қатайып жатқан бетондарды ылғалсыздандырмау және қалыптарды тыстау үшін, т.б. жұмыстарда қолданылады.

Герметиктер - құрылыс бұйымдары немесе конструкциялары өзара қиылысқан жері ылғал және ауа өткізбеуі үшін пайдаланылады. Олар мастикалы, погонажды және жапсырмалы түрлі болады. Мысалы, бутилкаучукті мастика паста түрінде жапсарға өндірілгеннен соң қатайтқыш (вулканизациялайтын қоспаның әсеріне иілімді резеңке сияқты зат тұзеді. Погонажды: герметиктер әдетте көуекті немесе қуысты резеңке қоспаларынан жасалынған әртұрлі қойылымды ширақ, бұрау (пороизол), гернит т.б). Оларды қолдану тиімді болу үшін жапсарға ендіргенде олардың диаметрінің 30-50% сығылуы қажет.








Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 2569;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.