Пішінбіліктердің тілкемді қарпу шарты.
Илемдеу процесі металл мен пішінбілік беттерінің аралығындағы үйкеліс күшінің әсерімен жүзеге асады.
Қарпу кезінде тілкемге қалыпты(нормаль) күштер N, жанама күштер T, итеру күші R (басқа қапастардан, тарту құрылғысы және т.б.) және инерция күші U. Үйкеліс күші физикадан белгілі
T = N ∙ m (3.8)
Сыртқы күш пен инерция күші ерекше жағдайларда ғана орын алады және қарапайым илемдеу поцесінде олардың шамасы өте аз, сондықтан оларды ескермеуге болады.

Сурет 3.2 - Пішінбіліктердің металды қарпыған кездегі күштердің әсер ету сұлбасы
Жалпы айтқанда пішінбіліктердің металды қарпуы күштердің көлбеу жазықтықтағы құраушыларының айырмасы нөлден үлкен болғанда ғана жүзеге асады, яғни TX - NX ³ 0; m × N × Cos a - N Sin a ³ 0; m ³ tg a; m = tg b.
Осыдан tg b > tg a немесе b ³ a (3.9)
мұндағы a = 

Сурет 3.3 - Деформация ошағындағы тартылу күштерінің әсер ету сұлбасы
Сонымен пішінбіліктердің металды қарпуы жүзеге асырылу үшін қарпу бұрышының шамасы үйкеліс бұрышынан кем болуы керек. Нақтылы жағдайда қарпу бұрышының мынадай мәндерін қолдану қабылданған.
| Металл қарпылғаннан кейін пішінбіліктермен жаншитын, болат және басқа металдарды салқындай илемдеу: а) майланған жақсы ажарланған пішінбіліктер үшін б) майланбаған тегіс емес пішінбіліктер үшін Ыстықтай илемдеу: а) болат табақтарды б) алюминийді t =3500 C болғанда в) никельді t =11000 C, мельхиорды t =9500 C болғанда г) Л62 жезді t =8000 C болғанда д) сортты болат пішіндер үшін е) мысты t =9000 C болғанда ж) болат пішіндерді пішінбілік беттері кертілген, бұдырланған немесе балқытып қаптастырылған пішінбіліктер үшін | a0 3-4 5-8 18-22 20-22 22 дейін 21-24 22-24 27-34 |
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1245;
