Жаншығыш орнақтардың рольгангтері
Жаншығыш орнақтың алдыңғы және артқы жағында құймакесекті пішінбіліктерге беріп тұратын, илемделген тілкемді. Қайшыларға, блюм немесе слябингтарды қайшылардан кесілген қоймаға қарай тасымалдап тұруға арналған рольгангтері болады. Орындайтын операцияларына байланысты рольгангтерді қабылдаушы, жұмысшы және тасымалдаушы деп бөледі.
Қабылдаушы рольганг құймакесек тасығыштардан құймакесекті қабылдап алып жеткізіп беретін рольгангтерге беріп тұрады, олар ары қарай қапас аяғындағы жұмысшы рольгангтерге тасымалдап жеткізеді. Қабылдаушы рольгангтердің алғашқылары құймакесектерді аударып тастаған кезде үлкен соққы күштерді өзіне қабылдап алады, сондықтан оларды бір тұтас соығлмалы қылып жасайды. Көбінесе ролик бөшкелерінің беткі жағынан бұдырлар салынады, оны олардың құймакесекпен жақсы ілінісуі үшін жасайды.
12.1-суретте слябинг 1150 рольгангінің қабылдаушы ролиігі келтірілген. Рольганг біреуінде төрт, екіншісінде үш ролигі бар екі секциядан тұрады, жетегі топтастырылған.
Әрбір секция қуаты N = 45 кВт электрқозғалтқышпен (n=575 айн/мин) редуктормен (i=44), аралық цилиндрлі шестернялар және айналдырықтармен (ұзартылған тісті муфта түрінде) жабдықталған. Роликтер конусты мойынтіректерге отырғызылған.
Массасы 30т дейін жететін құймакесекті рольгангке құймакесек тасығыш емес, тікелей қысқыш кранмен бергенде болатын үлкен соққылы жүктемені қабылдау үшін тәрелкелі серіппелер көмегімен ролик тіреулерінің амортизациялануы қамтамасыз етілген.
Сурет 12.1 - Мойынтіректі тіреулерінде серіппелі амортизаторлары бар слябинг 1150 қабылдау рольгангінің ролигі.
Жұмысшы рольгангтерінің роликтері ауыр жағдайда жұмыс істейді, оларға құймакесекті аудару және пішінбіліктерден шыққан кезде соққы күштері әсер етеді.
Жиналғыш орнақтарда жұмысшы рольгангтерінің екі түрі қолданылады:
1) рольгангтың барлық роликтері (8-10 дана) бүйір жанында орналасқан баяу жүрісті жеке электрқозғалтқыштардан тұратын дара жетекпен жабдықталған. Айналу моменті ұзартылған біліктері бар тісті муфталар арқылы беріледі. Мұндай рольгангтер қуаттылығы жоғары бірнеше қозғалтқышты орнатуды қажет етеді және жұмыс қапасының алдымен онан кейін орналастыру үшін үлкен орынды да қажет қылады;
2) тұғырлық роликтармен қатар орналасқан алғашқы 2-3 ролик қана дара жетекті болып, қалған 6-8 ролик топтамасы жетекті болып келеді. Мұндай жетекті рольгангтер аз орын алады, электрқозғалтқыштарының қосынды қуаты аз, сонымен қатар қысқа құймакесектерді илемдегенде алғашқы өтпелер (проход) кезінде тек дара жетекті алдыңғы екі роликті ғана жүргізуге болады, ал қалған топтамалы жетек кейінгі өтпелерде, яғни илемделген металл ұзындығы өскенде ғана (>5м) қосылады (Сурет 12.2).
1-пішінбіліктер; 2-құймакесек; 3,4-тұғырлық роликтер; 5-редуктор; 6-тісті айналдырықтар; 7-тұғыр; 8-әмбебап айналдырықтар; 9-жұмысшы рольгангтер; 10-жаймалағыш рольгангтер.
Сурет 12.2 -Блюминг 1300 жұмысшы рольгангі
Блюминг рольгангінің сипаттамасы. Екі ролик тұрақты токты электрқозғалтқыштан N=135/43 (470/150 айн/мин), ҚҰ=100%, ұзартылған типті тісті муфта арқылы айналысқа түседі: роликтер жылдамдығы v=3,9 м/с. қалған алты ролик қуаты N=200 кВт (500 айн/мин), ҚҰ=100% электрқозғалтқышпен редуктор i=82/38×49/25=4,24 және паразиттік аралық шестернялар (z=37) арқылы топтамалы жетекті болып келеді. Роликтердің шеңберлі жылдамдығы 3.1 м/с. Барлық роликтер біртұтас соғылмалы болып жасалған, диаметрлері 600 мм, бөшке ұзындығы 2800 мм, екі қатарлы сфералы мойынтіректерге отырғызылған, олар динамикалық жүктемелерді жақсы қабылдай алады. Редуктордың майлануы – ағынды сұйық; тісті муфталардікі – құйылмалы сұйық; роликтер мойынтіректерінікі – қою.
Тұғырлық роликтер – бұл орнақ пішінбіліктерінің оң және сол жақтарында орналасатын алғашқы роликтер (әр жағында бір немесе екіден болады). Әдетте бұл роликтердің мойынтіректері тұғырдың өзінде қондырыла береді. Тұғырлық роликтер ұзындығы шамалы құймакесектер мен дайындамаларды илемдеуге арналған ірі жаншығыш орнақтарда және қалыңтабақты орнақтардың қаралай өңдеу қапастарында қолданылады.
Тұғырлық роликтердің көмегімен металды пішінбіліктерге оның шеңберлік жылдамдығына жуық жылдамдықпен беріп тұрады және пішінбіліктерден шыққан металды қабылдап алады. Металды қабылдау барысында роликтер металдың пішінбіліктерден шығатын жылдамдығы бірдей айналулары керек, әйтпесе оларға артық жүктеме түсіп, олардың тез тозуына және жетек бөлшектерінің сынуына себепкер болуы мүмкін.
Тұғырлық роликтер дара жетекті болып жасалады. Қозғалтқышының айналу жылдамдығы илемдеу жылдамдығына сәйкес реттеліп отырады. Тұғырлық роликтер өте қиын жағдайда жұмыс істейді. Олар массасы 40 тоннаға дейінгі құймакесектерді пішінбіліктерге беріп, одан шыққаннан кейінгі соққы күштерге төтеп беруі керек, сонымен қатар роликтер мен олардың тіреулері аса жоғары (1200-12500С) температураның әсерінде болады. Роликтер мен олардың құрылымдары өздерінің габариттік өлшемдерінің жұмыс қапасы өлшемдеріне байланысты шектеулі болатынына қарамастан өте сенімді болуы шарт.
Роликтерді құйылмалы болат қаңқаға қондырады, ол тұғырдың ішкі жағына қарай орнатылып, тәрелкелі серіппелері бар амортизаторға отырғызылады. Тұғырлық роликтердің тіреулерінде роликтің майысуы кезінде өздігінен орныға алатын сфералы роликті мойынтіректер қолданылады.
Роликтерді құрылғылау (монтаж) және орнынан шығарып алу горизонталь бағытта көпірлі кранның екі ілгегіне ілініп, ролик мойыншасына жалғанатын С-тәрізді траверса арқылы жүзеге асады.
Тасымалдағыш роликтер (жеткізіп тұратын және алып кететін). Жаншығыш орнақтарда топтамалы жетекті болып жасалады және құрылымның жеңілдетілгендігімен ерекшеленеді, өйткені олар ұзын тілкемдерді (блюмдер, слябтер) тасымалдайды, бір ролик шақ келетін жүктеме мөлшері шамалы ғана. Барлық тасымалдағыш рольгангтерде жылжып отыратын тілкемді бағыттауға арналған екі шетінде бағыттағыштар орнатылған.
Роликтері дара жетекті рольгангтер ұзын илемдерді (тілкем, қалың табақ, дайындама және т.б.) тасымалдауда қолданылады. Бұл жағдайда бір роликке шақ келетін металл массасының жүктемесі шамалы ғана. Топтамалы жетекті рольгангтерге қарағанда дара жетекті рольгангтердің құрылымы қарапайым. Әрбір ролик жеке қаңқаға орнатылған және ол оңай ауыстырмалы алады; типті роликтер бойынан әртүрлі ұзындықтағы және әртүрлі роликтердің ауымымен рольгангтер құрастыруға болады. Роликтерді айналдыру үшін екі түрлі асинхронды қозғалтқыштар қолданылады: фланецті және табандары бар. Рольганг роликтерінің жылдамдығын реттеу үшін жиілік түрлендіргіштері (10-60Гц) қолданылады. Әдетте роликтерді құбырлардан жасап, білікке отырғызылатын күпшектер пісіріліп жалғастырылады; кейбір жағдайда құбыр ұштарын цапфа үшін қысып қояды.
Роликтердің тіреулерін конусты роликті мойынтіректерге немесе (жетексіз жағынан) орамды роликті мойынтіректерге қондырылады. Роликтер қаңқасын маркасы Сr-32 шойыннан құйып6 ауыр рольгангтер үшін 30л болаттан жасайды.
Сортты орнақтарда роликтері электрқозғалтқыштан кәдімгі автомобильдік карданды білік арқылы айналдырылатын рольгангтер қолданылады. қозғалтқыш табандары ролик деңгейінен төмен жатқан тақтайшаға орнатылған, сондықтан рольгангтің электрқозғалтқышының үстінде иледі жылжытуға арналған тасымалдағыш (шлеппер) орналасуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1091;