Манипуляторлар мен аударғыштар

Манипулятор металды рольганг роликтерінің бойымен олардың бөшкесіне параллель бағытта жылжыту үшін, металдың одан кейінгі пішінбіліктерге (немесе олардың молшерлегініне) дұрыс бағытталу мақсатында қолданылады.

Сонымен қатар манипулятор сызғыштары илемделетін тілкемді (блюм, сляб, дайындама) егер олар илемдеу кезінде қисайып кетсе түзетіп отырады. Манипуляторларды тек құйшакесектерді және қалың дайындамалар мен тілкемдерді илемдегенде, яғни блюмингтерде, слюбигтерде, рельсбалкалы және ірісортты орнақтарда және қалынтабақты орнақтарда қолданады.

Илемдеу желісіндегі аударғыштар илемделетін тілкемді (құймакесек, блюм, дайындама, пішін) пішінбіліктің келесі мөлшеріне (калибріне) берер алдында оны бойлық осіне 90о бұру үшін қызмет етеді. Мұндай аударғыштарды блюмингтерде, слябингтерге, рельсбалкалы және сортты орнақтарда қолданады.

Илемді таза өндеу желісінде әртүрлі типті аударғыштар мен манипуляторлар тағайындалған міндеттеріне (қалың табақты, орамдықты, рельсті және т.б.) байланысты пайдаланады.

Блюмингтің (слябингтің) манипуляторлары мен аударғыштары. Манипуляторлар жұмыс қапасының алдынғы және артқы жағында орналастырылады. Әрбір манипулятор салмақты екі болат құйма сызғыштармен (массасы 15-40 т) жабдықталған олар жұмыс рольгангтерінің екі жанына қондырылған және олар тісті рейкалы ұзын қарнақ (штанга) көмегімен қозғалтылады.

Алдыңғы және артқы сызғыштар пішінбілік жетегі немесе жұмыс рольгангінің роликтер жетегі жағынан болсын рейкамен іліністе болатын тісті шестерня көмегімен ортақ электрқозғалтқыштан айналыс алады. Сонымен сол жақ және оң жақ сызғыш бір мезілде қозғалыста болады. Сонымен қатар оң және сол жақ сызғыштар бір-біріне қарсы қозғалып металды қыса алады және бір-бірінен алшақтай қозғала алады. Алдыңғы сызғыштар жұбымен бағытталған металл қапастың келесі жағынан артқы сызғыштар жұбымен қабылданып алынады.

Блюмингтер мен слябингтерге ілгекшелі типті аударғыштар қолданылады, олардың жұмыс принципі мынада (Сурет 14.1, а): манипулятор сызғышында (жетек жағынан) бағыттауыш ойықтар салу (әдетте төрт немесе бес) қарастырылады, онда аударушы ілгектер 1 тік бағытта қорғала алады; көтерілуі мен түсуі біліктің 2 бұралуы арқылы іске асырылады; оған ілгекпен топсалы жалғасқан рычагтар 3 бекітілген.

Білік 2 өзінің мойынтіректерімен бірге манипулятор 4 сызғышына жинақталған және қарнақтың 5 жүрісі кезінде бұралады. Бастапқы жағдайда тарақ рольганг роликтерінің аралығында болады. Аудару кезінде ілгектер 1 көтереліп құмакесектің (блюмнің) төменгі бөлігін қармап алады және оны жақ төменгі қабырғасына А қатысты бұрады (төңкереді, аударады), рольганг роликтеріне динамикалық соғылуды азайту мақсатында құймакесекті сол жақ сызғышқа аударады. Бағыттауыштың 7 жоғарғы бөлігінде еңіс қиякесік жасалған.

 

Сурет 14.1 - Блюминг 1300 ілгекті аударғышының сұлбасы (а) және манипулятор сызғышымен сұлбасы (а) және манипулятор сызғышымен блюмді (слябті) түзету сұлбасы

 

Жоғарғы қалыпта (аударғаннан кейін) ілгек тарақтары сызғыштың 8 жұмыс беттеріндегі ойыққа кіріп тұрады, осының арқасында ілгектердің бастапқы қалпына оралуын күтпей ақ құймакесекті сызғышпен қозғалтуға мүмкіндіктуады.

Ілгектер жоғарғы қалпында метал пішінбіліктер арқылы өтіп біткенше тұрады. Ілгектер төменгі қалпына металды өткізу аралығындағы үзіліс және қозғалтқыштың реверстілігі кезінде түсіріледі.

Қалың табақтардың аударғышы. Массасы 8т, ұзындығы 10-20 м болатын қалың ыстықтай илемделген табақтардың беттерінің сапасын сырттай қарап тексеру үшін әрбір табақты 1800 дейін аударып, оның сатыңғы бетін көруге тура келеді. УЗТМ конструкциясының 2800 – орнағында (Сурет 14.2) қалың табақтарды аудару, табақтарды бір рольнгтен екіншісіне ауыстырып қою кезінде екі рычагтар жүйесімен жүзеге асырылады.

Сурет 14.2 - Инспекциялық рольгангтардағы қалың табақты аударғыш

 

Бастапқы қалыпта рычагтар әртүрлі жазықтықта рольгангтардың сол және оң жақ аралығында болады. Рычагтардың бұрылуы редуктор білгінің ұшындығы екі қосиінмен жалғасқан екі бұлғақ көмегімен жүзеге асырылады және де бастапқы жағдайда қосиіндер диаметрлері бойынша қарама-қарсы қалыпта болады.

Табақты 1800 бұрышқа үшін бір айналым жасайды және оған 10с уақыт кетеді. Аудару кезінде сол қатардың рычагі мен оң қатардың рычагтары вертикальға 50 бұрыш жасай кездеседі (бұл кезде оң жақ қатардың рычагтары шеткі қалпында болады) және одан ары 100 доға бойымен бірге бұрыла отырып тік (вертикаль) қалыпқа түседі (бір-бірімен қайшы жасай қиылыспайды); бұл мезетте табақты металл сол жақ қатардың рычагтарынан оң жақ қатар рычагтарына ауыстырылып салынады. Қосиіндердің одан ары қарай айналуы барысында және бұлғақтардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысында рычагтар бір-бірінен алыстайды да электрқозғалтқышты қосқан кезде командоаппарат көмегімен бастапқы қалпына келеді.

Орағыштардағы ыстық тілкем орамының аударғышы. Үздіксіз кеңтілкемді орнақтардың орағышынан ыстық тілкемдерді (6500 С дейінгі температурада) қоймаға немесе суықтай илемдеу цехына тік қалпында (диаметрі бойынша деформацияланбауы үшін) тасымалдайды. Орамдарды орауыш атанағынан горизонталь қалпында итеріп шығарып, оны одан ары аудару үшін әртүрлі типтегі аударғыштар қолданылады.

14.3 - суретте үздіксіз кеңтілкемді орнақ орағышына қарама-қарсы орналасқан рычагты типті аударғыш конструкциясы (НКМЗ) көрсетілген. Массасы 15т дейінгі ыстық орам орағыштан жеке тіреулері бар білікке бекітілген консоль рычагқа итеріліп беріледі. Біліктің бір тіреуі жағынан бұлғақ көмегімен 1250 бұрышқа бұрылатын қосиін қарастырылған. Өз кезегінде бұлғақ иінді білікпен жалғасқан, ол электрқозғалтқыш (қуаты 41 квт, 625 айн/мин) және редуктор (І-251) арқылы айналысқа түседі.

Иінді білік тіреулері, редуктор және электрқозғалтқыш іргетасқа орнатылған. Жетекші білік тіреулері мен аударушы рычаг аралығында пневмоцилиндр соташығы (шток) арқылы рельс бойымен қозғалатын арбаша болады. Арбаша қаңқасы С – тәрізді пішінде болады, оның ашық бөлігі перпендикуляр бағытта өтетін табақшалы шынтырлы тасымалдағыш (орамға арналған) жаққа қараған.

 

Сурет 14.3 - Кеңтілкемді үздіксіз орнақ орағышының ыстық орамдықтарды аударғыш

 

Қосиіннді – бұлғақты жетек көмегімен білік пен рычаг оңға қарай бұрылады, орам горзонталь қалпынан вертикаль қалыпқа аударылып С – тәрізді арбаша қаңқасының жоғарғы бөлігіне қойылады. Содаң соң пневмоцилиндр соташығы арқылы арбаша мен орам оңға қарай жылжиды. Осы кезде қаңқаның төменгі ұзартылған болігі тасымалдағыштың жоғарғы және төменгі шынжырлары аралығымен өтеді, ал қаңқаның жоғарғы бөлігі тасымалдағыштың жоғарғы шынжырынан биіктеу өтеді. Тасымалдағыш шынжырларының аралығында орнатылған гидравликалық көтергіш орамды көтереді,сол кезде арбаша бастапқы қалпына (ортағышқа), ал орам көтергіш көмегімен тасымалдағыштың жоғарғы қабатына түсіріледі. Орамды аударуға 15с, ал арбашаны алдыға қарай қозғалтуға 7с уақыт кетеді . Толық аудару циклы және орамды тасымалдағышқа орнықтыруға шамашен 40 с уақыт кетеді екен.

Суық тілкем оралымының аударғышы. Кейбір жағдайда орамдық тік қалпында қоймада немесе улау және кесу агрегаттарының жанында сақталады. Осы қалпында көпірлі крандардың электрмагнитімен оларды тасымалдайды. Бірақ тілкемді үздіксіз улау желісіне немесе түзету мен кесу агрегаттарына беру үшін олар горизонталь қалыпқа келтіріліп берілген ыңғайлы.

Орамды вертикаль қалыптан горизонталь қалыпқа (немесе керісінше) аудару үшін секторлы Г – тәрізді аударғыш қолданылады (Сур.14.4). Толық емес шеңбер пішінді аударғыш қаңқасы 3 бүйір жақ бос жүріс роликтеріне 4 тіреледі, астыңғы жақтан қаңқаға доғалы тісті рейка бекітілген, ол электрқозғалтқышпен червякты редуктор арқылы жетектелетін тістегерішпен іліністе болады.

Тілкем орамдығы көпірлі кранның электрмагниті арқылы қаңқаның горизонталь үстеліне 2 тік қалпында орналастырылады.

Қаңқаның оңға бұрыла бастаған кезінде орам өзінің жасаушыларымен қаңқаның қаңқаның вертикаль секторындағы еңкіш роликтердің екі қатарына сүйенеді, қаңқаның 900 бұрышқа бұрылған кезінде орам аударылып, горизонталь қалыпқа түседі.

Каңқаның одан ары 3-50 бұрылуы кезінде орам еңкіш бос жүріс роликтерімен сырғып тарқатқыш бағыты бойынша рольгангке қарай түсіріледі.

 

Сурет 14.4 - Суық орамдарға арналған аударғыш

 

Әдебиеттер:нег. 1 [197-203], 2 [155-174], 3 [140-149]; қос. 2 [156-172].

Бақылау сұрақтары:

1. Манипуляторлар қандай илемдеу орнақтарында қолданылады?

2. Аударғыштар не үшін керек?

3. Қалың табақты аударғыштың құрылымы мен жұмыс принципін түсіндір

4. Суық тілкем оралымының аударғышына сипаттама бер.

5. Орағыштардағы ыстық тілкем орамының аударғышы қалай жұмыс істейді.

 








Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1689;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.