Тасымалдағыштар және тоңазытқыштар.

Илемдеу таза өндеу салқындату процестері кезінде металды ары-бері жылжыту үшін әртүрлі типті және конструкциялы тасымалдағыштар мен тоңазытқыштар қолданылады.

Дайындамалар мен ірі сортты пішінді металды цех колденеңінен орын ауыстыру үшін (жеткізгіш рольгангінен әкетуші рольганке, жинағыш қалтаға немесе цехтың көрші пролетына) арқанды немесе шынжырлы тасымалдағыштар – шлепперлер қолданылады. Шлепперлер көпшілік жағдайда металды салқындату қызметін де атқарады, содықтан оларды бұл жағдайда шлепперлі тоңазытқыштар деп атайды.

Арбашасының жылдамдығы 1-2 м/с үздіксіз реверсті жұмыс істеу барысында шлеппер аса зор ептілігімен ерекшеленді және металды бір мезгілде салқындата отырып, металды көптеп сөреге жинауға және ары-бері жылжытуға мүмкіндік береді.

Арқанды шлеппермен жабдықталған сөрелер мен тоңазытқыштардың төсеніштерімен металды жылжыту арқанға бекітілген және рельс жолымен сырғып жүретін арбашалар көмегімен іске асырылады.

Сурет 16.3 - Арқанды шлеппер (а) және шлеппер арбашасының (б) сұлбасы.

 

Арқанды шлеппер (Сурет 16.3, а) жетекті атанақтар 1 қатары мен кергіш блоктар 2 қатарының аралығында орналасқан 6-8 арқаннан түрады. Барлық арқандарда бір қатарға таяныш саусақтарды и бар шлепперлі арбашалар 3 бекітіледі. Арбашаның алдыға (солға) қарай жүрісінде таяныш саусақтар 4 металды 5-рольгангтен 6-рольгангкқа жылжытады. Арбашалар кері жүргенде саусақтар «батырылады» да металл астымен өтеді. Көптеген шлепперлі арбаша конструкциялары саусақтарды 4 рольгангтердің кез-келген жерінде көтеруге және арқандар аралығындағы рельсті төсеніш бойымен қанша дайындама немесе пішіндер болса, соншасын жылжытуға мүмкіндік береді.

Жылжымалы таянышты арбаша (Сурет 16.3, б) аунақтармен жылжиды және ол турқыдан 2 және оны жоғарыдан қапсырып тұратын таяныштап 3 тұрады. Өзінің шеткі қалпында таяныш 3 тұрқының 2 шығыңқылығында тіреліп тұрады. Арбаша артқа қарай жүргенде саусақ 4 әрдайым еңкіштік (батырылған) қалыпта болады, себебі ол таянышқа 3 сүйенеді.

Арбаша алдыға қарай жүргенде таяныш 3 алдымен орнында қалады, сондықтан саусақ бұралып барып вертикаль (жұмыс) қалыпқа енеді. Арбаша металды жеткізгіш рольгангынан алып сөрелер бойымен жылжытады. Арбашаның саусақтары мен аунақтарын өздігенен майланатын темірграфитті мойынтіректерге отырызылған жөн.

Шынжырлы шлеппер де арқанды шлеппер сияқты мақсатта қолданылады. Ыстық металды тасымалдау барысында шынжырдың арқанға қарағанда жылуға төзімділігі жоғары, бірақ олар тартқыш жулдызшалармен тек бір бағытта ғана жұмыс істей алады, сондықтан шынжырлы шлепперлер реверссіз және ептілігі төмен болып саналады.

Суықтай илемделген сортты металды рольгангтен 1 жинау қалтасына 3 тастауға арналған шынжырлы шлеппер 16.4 - суретте көрсетілген. Шлеппер 1,1 м/с жылдамдықпен қозғалатын алты шынжырдан тұрады. Қарпығыштар 2 аралығының адымы 1200 мм; шынжырлар қатары аралығының адымы 2000 мм; тасымалданатын илем ұзындығы 5-12 м; массасы 1200 кг. Алдыңғы жулдызша қуаттылығы 30кВт электроқозғалтқышымен жетектеледі.

Жеткізуші мен әкетуші рольгангтерінің арақашықтығы үлкен болғанда қосарланған шлепперлер қолданылады.

Сурет 16.4 - Сортты пішіндерді рольгангтан қалтаға тастауға арналған шынжырлы шлеппер.

 

Майда сортты орнақтарда майда сортты пішіндерді (дөңгелек, квадрат, бұрыштық, майда швеллер, тавр және т.б.) салқындату үшін төрткілдешті (реечный) типті тоңазытқыштар қолданылады. Олардың ұзындығы 100-150 м, жабдықтың салмағы 1000 т астам. Орнақтың соңғы қапасынын шыққан пішінді тілкем ұзындығы тоңазытқыш ұзындығынан асып кеткен жағдайда, тілкемді бөліктерге кесу үшін айналмалы қайшы орнатылған.

Орта сортты орнақтардың көпшілігінде пішіндерді салқындату үшін роликті тоңазытқыштар қолданылады. Роликті тоңазытқыш жеткізгіш рольганг осьіне 35-400 бұрыш жасай орналасқан диаметрі кішірек (100-200 мм) ұзын роликтерден тұрады. Роликтердің ұшында конусты тістегеріштер бар, олар ортақ трансмиссиялы білікке қондырылған конусты тістегерішпен іліністе болады. Білік редуктор арқылы электрқозғалтқышпен айналысқа түсіріледі. Барлық роликтер бір мезгілде айналғанда оның бетіндегі сортты пішіндер жеткізгіш рольгангпен әкеткіш бағытында жылжиды. Мұндай тоңазытқыштың артықшылығы илемнің бір қалыпты салқындатылуы, өйткені илем мен роликтің жанасқан жері роликтің айналуымен жаңарып отырады. Пайдалану тәжірбесі роликті тоңазытқыштардың конструкциясы төрткілдешкке қарағанда қарапайым және сенімді екенін көрсетіп отыр.

Әдебиеттер:нег. 1 [217-228], 2 [198-220], 3 [164-189]; қос. 2 [155-169].

Бақылау сұрақтары:

1. Тарқатқыштың атқаратын міндеті және типтері.

2. Екі цангалы тарқатқыштың құрылымы мен жұмыс принципін түсіндір.

3. Консольды тарқатқыштың жұмыс принципі қандай?

4. Тасымалдағыш пен тоңазытқыштың атқаратын міндеті және олардың қандай типтері болады?

5. Шынжырлы шлеппер қалай жұмыс істейді?

6. Арқанды шллеппердің құрылымы.








Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1601;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.