Білімдік – кәсіптік бағдарламаны игеру мерзімі және жүзеге асыру талаптары мен шарттары, оларды дамыту жолдары.

Кәсіби оқыту педагогының бойындағы кәсіби-жеке тұлғалық қасиеттер дегеніміз – бұл педагогтың кәсіби іс-әрекетінің қорытындысына әсер ететін, әлеуметтік- психологиялық білімнің жиынтығы болып табылатын жоғары құндылықтарды адамның мойындауы.

Оның негізгі орталық түсінігі ретінде кәсіби оқыту педагогының оқушыға деген қарым-қатынасы қолданылады, яғни ол барлық әлеуметтік рөлдердің ішінен бірінші орынға адамды қойып, балаға адам ретінде қарау, оның алға жылжуын ойлау сияқты қасиеттер ең бастысы болып табылады. Кешегі күнде балаға деген қарым-қатынас жеке тұлға ретінде емес, кішкентай өсіп келе жатқан адам, бірақ өзінің болашақ өміріне дайындалушы ретінде қарады. Яғни мұғалімдердің көпшілігінде «ол әзір адам» емес, бірақ болашақ адам деген көзқарас қалыптасты.

Ал бүгінгі күнде балаға деген көзқарас, қарым-қатынас өзгеріп, оларға адамгершілік қарым-қатынасында қарау басты орынға «адам-адам», ал екінші орынға «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы жарияланды. Ал оны әрі қарай дамыту болашақ педагогтардың қолында. Балаға деген адамгершілік қарым-қатынастың практика жүзінде орындалуы кәсіби оқыту педагогының кәсіби іс-әрекет процесі барысында жүзеге асады: педагогтың жұмысы маман ретінде, оның балаға деген қарым-қатынасын іске асыруы және педагогтың кәсіби шеберлік деңгейі де объективті түрде балаға деген қарым-қатынасымен анықталады.

Кәсіби оқыту педагогының еңбегіне деген қарым-қатынасы және оған жауапкершілікпен қараудың арқасында, педагогикалық деклорация практикалық субстанция жетістігіне жетеді. Атап айтқанда, кәсіби еңбегіне жауапкершілікпен қарау негізінде кәсіби тырысуы, кәсіби оқыту педагогы жұмысының нәтижелігі, іс-әрекет өнімділігінің сапасы арқылы жүзеге асады. Ал бұл педагогты әрќашанда өз әрекетін тәрбие мінездемесімен салыстыруға, оның салдарын талдауға және балалардың дамуы мен олардың бақыты үшін жұмыс жасауға мәжбүр етеді.

Мамандықтың мазмұнын таңдау проблемасы, оның ішінде, педагогтарды технологиялық дайындау үшін кәсіби оқыту мен осы сала маманының моделін жасау туралы соңғы жылдары Ю.К. Васильевтің, В.А.Сластениннің, В.Д.Симоненконың, Д.А.Тхоржевскийдің еңбектерінде көп жазылған.

Көзқарастардағы кейбір айырмашылықтарға қарамастан, көпшілік ғалымдар осы модель барлық жалпы орта білім беруден және техника мен технологияның перспективасын ескере отырып қазіргі заманғы жағдайынан шығуы керек деп есептейді.

«Технология» білім беру саласының қалыптасуына байланысты қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім беруде кәсіби оқыту мұғалімдерін даярлауда нақты бір қадамдар жасалып жатыр. Бұл біріншіден жалпы білім беретін мектептердегі оқытылатын технологиялардың артуына байланысты. Екіншіден, мектепте графика, көліктік және тұрмыстық техника, құрылыс пен жөндеу-жабдықтау жұмыстарымен байланысты.

«Технология» білім беру саласында біріктірілген оқыту пәндерінде қазіргі заманғы жалпы білім беру мектептерінің барлық сыныптары төменгі сыныптан жоғары сыныпқа шейін барлығы қамтылады. Ол бастауыш сыныптар мұғалімдерінің технологиялық дайындығын арттыруды талап етеді.

Мектептегі білім беру стандарттарына сәйкес мектепте техникалық және көркем-сәндік шығармашылыққа, жобалауға көп көңіл бөлінеді. Сондықтан мұғалімдерді даярлау кезінде олардың шығармашылықтарын дамытуға көп көңіл бөлу керек

Еліміздегі экономикалық қайта құрулар жас ұрпақтан жалпы білім беру орта мектептерін бітірген соң өмірдегі жағдайларға және нарықтық қатынастарға бейімделе білуді талап етеді. Бұдан келіп кәсіби білім беретін педагогтарды тиісті түрде даярлау талаптары туындайды.

Мұғалімдерді дайындау үшін берілген мерзім ішінде кең көлемдегі пәндерді оқу қажеттілігін олардың әрбіреуінің оқу мерзімін шектейді. Ол әсіресе көп уақытты талап ететін тәжірибелік дайындықта қатты көрінеді. Сондықтан әрбір студенттің жұмысты біліктілігі жоғары деңгейдегі маманнан үйреніп орындауы проблемалы болып отыр. Сонымен қатар, бұл деңгей мектепте оқу процесін сапалы түрде қамтамасыз ету үшін неғұрлым кәсіби түрде болуы керек.

Мұғалімдерді даярлаудың тиімділігін арттырудың жолдарының бірі, әсіресе көп профильді мамандықтар бойынша, дайындықтарына байланысты тудырумен оны пәндерді оқытудығы үйлесімділік пен кезектілігін таңдау үшін жалпыландыру болмақ. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттерді кәсіби техникалық білім беру жүйесінде оқытудың пәнаралық байланыстарын зерттеуге бірқатар зерттеушілердің еңбектері арналған.








Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2478;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.