ДӘРІС. «Кәсіптік білім беру» мамандығы студенттерінің оқу-тәрбие іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесі
Педагогикалық жоғары оқу орындарында оқу жұмысының мiндеттi түрлерiне лекциялар, семинарлар, лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық жұмыстар, консультациялар, коллоквиумдар, сынақтар, емтихандар жатады. Болашақ мұғалiмнiң кәсiптiк-педагогикалық даярлығы үшiн олардың пайдалылығын қарастырайық.
Студенттердiң ақыл-ойына, жүрегiне және ерiк-жiгеpiнe ықпал eтyi жағынан жоғары оқу орындарында лекция бiрiншi орын алады. Ол арнайы құрылған сол аудитория ушiн ғылым мен ғылыми-педагогикалық ойлау үлгiсiнiң жүйесiн байланыстырады. Лекция мазмұны – сол тақырып бойынша студенттер бiлуге тиicтi мұқият ipiктелген квинтэссенция. Лекция – бұл тек информация ғaна емес, оқытушы студенттер қарым-қатынасы және бiрлескен қызметiнiң әрекеті. Сондықтан да институтта лекцияны оқу жұмысының ешқандай формасымен алмастыpуға болмайды.
Лекцияны оқу және тыңдау - лектор үшiн де, студент үшiн де күрделi, әpi ауыр жұмыс. Лектор үш жақты қызмет етедi: лекцияны щығарушы, оны қоюшы және, ең соңында, орындаушы.
Лекция студентке де оңай емес. Студент лектор ойын қалт жiбермей қадағалайды, негiзгiлерiн саралап, принциптi қағидаларын сын көзiмен қабылдап, информацияны толық сезiнуге және ең қажеттiлерiн өз ақылы мен жадында сақтауға тырысады. Сонымен қоса ол неғұрлым толық түсінікті жазып үлгеруі керек.
Лекцияны оқу барысында оқытушы интеллектуалдық күш жұмсап баяндайды.
Ал студент болса бұрынғы сызықтық оқыту формасы бойынша 90 минут бойы, ал қазір 50 минут информацияны қабылдауы, талдауы және көкейiне тоқуы тиic.
Лекцияны тыңдау және түciну процесi кейде бiрқатар себептерден қиынға соғады:
1.Ақыл-ой әрекетiнiң өте тездiгi. Бiз сейлегенге қарағанда төрт есе тез ойлаймыз. Сондықтан да, бiреу сөз айтқан кезде, лекцияны тыңдаушыға көңiлiн басқа жаққа аударуға уақыты толық жетедi.
2.Зейiннiң талғампаздығы. Бала жастан айтқанның бәрiн емес, ең қызықтысын ғана тыңдау әдетi студент кезде де сақталады.
3.Басқаның ойын «жақтырмаушылық». Бiзге басқа бiреудiң айтқанын қалт жiбермей тыңдаудан гөpi, өз ойыңмен болған әлде қайда жеңiл.
4.Бiреудiң сөзiн қақпалауға әyecтік. Бiреу сөз айтқанда дереу қарсылық етуге әрекеттенемiз. Ондайда тыңдаудан қаласың.
Осындай қиыншылықтардың әсеpiнeн адамдарда лекторға зейiн қоймайтын жаман әдет қалыптасады. Бұл лектордың сыртқы келбетiне, сезiне және қимыл әpeкeтiне ерекше зейiн қоятын кемшiлiгi; сейлеушiге қарамай тыңдау әдетi; болмашы нәрсеге алаңдаушылық (аяғымен тарсылдату, жөтелу т. б.);
Лекцияда жаңа, қызғылықты ешнәрсе жоқ деген асығыс қорытынды; сөйлеушiнi тыңдаудан алдын ала бас тарту; зейiн қоя тыңдағансып, басқа нәрсені ойлау т. б.
Лекция әдетте студенттер легiнде оқылады. Пән бойынша ескерту жасауға кеткен әр минуттың езi жүздеген минутты жоғалтуға әкеп соғады. Сондықтан әрбiр студент лекция сабағын жауапкершiлiкпен және адалдықпен тыңдауы, лектор еңбегiн құрметтеуі тиic.
Лекцияға дайындалғанда: өткен лекция конспектiciн оқып шығу, тиicтi тарауды оқу құралынан қарау, негiзгi ұғымдарды қайталау қажет.
Лекцияны мiндеттi турде конспектiлеуi қажет. Кім жазып отырса, eкi рет оқып шыққаны,- деп тeriн айтылмаған. Лекцияны конспектiлеудiң ең қолайлы түpi - лекция мазмұнын өз сезiңмен ықшамдап жазып, қажеттi тұсына белгi қою.
Лекцияның бiрнеше түpi бар. Негiзгi түpi - оқу-программалық лекция, оның барысында оқу программасына сәйкес курс систематикасы баяндалады. Сондай-ақ бағыт сiлтейтiн және шолу лекциялар болады. Олар көбiнесе сырттан оқитын студенттерге оқылады.
Жоғары оқу орындарында ғылымның белгiлi бiр тараулары мен проблемаларын тереңiрек қамтуға арналған арнайы курстар оқылады. Арнайы курстың, әдетте, өзiнiң ғылыми жұмысында едәуiр натижеге жеткен оқытушылар оқиды.
Семинар сабақтың теориялық формасы ретінде – сұрақ-жауап семинары, алдын-ала берілген жоспар бойынша жан-жақты әңгіме, ауызша баяндамалар, жазбаша рефераттарды талқылау және т.б. репродуктивті және шығармашылық, лабораториялық-практикалық т.б. қарастырылады.
Семuнарлар,лекциялар секiлдi, сабақтың теориялық формасына жатады. Студенттер семинар сабағарында лекциялардан және өзiнiң дербес жұмысы арк.ылы алған бiлiмiн тереңдетiп, нығайтады, ез ceнімін тексередi және айқындайды, терминологияны меңгередi, сол арқылы еркiн оқуға уйренедi, аз көзкарасын қорғайды).
Практикада семинарды еткiзудiң бiрнеше формасы қалыптасқан:
1) сұрақ-жауап семинары,
2) студенттерге күнi бұрын берiлген жоспар бойынша жан-жақты әңгіме өткiзу,
3) студенттердiң ауызша баяндамалары, соңынан оны талқылау,
4) жазбаша рефераттарды талқылау,
5) теориялық конференция,
6) семинар диспут,
7) түпнұсқаға түciнік бере отырып оқу т.б.
Ең кең тараған формасы – студенттердiң ауызша баяндамаларын тыңдау және талқылау. Студенттер хабарламаньң сұрақтарын немесе тaқырыптарын күнi бұрын алып, сол бойынша трүпнұсқа даярланады да қорытындылайды.
Аудиториялық сабақтардың көп бөлігін лабораториялық-практикалық жұмыстар алады. Тпсырманы дербес орындауына қарай оларды репродуктивтік (рындалған тапсырманы еске түсіру) және шығармашылық (білім мен іскерлікті жаңартуды, қайта құруды,жинақтауды қажет ету) деп бөлінеді.
Лабораториялық-практикалықсабақтар ойлауды ынталандырады, терияны практикамен ұштастырады, оқу жұмысын ғылыммен жақындатады, білімдерін нығайтады. Оны орындау үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
Жұмыстың мақсаты мен міндеті мен танысу;
Алдын ала дайындалу қажет , әдебиеттер оқып;
Жұмыстың орындалу ретін жоспарлау;
Жұмыстың барысы мен нәтижесін тіркеу;
Жұмыс нәтижесінің дұрыстығына көз жеткізу.
Сонымен қатар консультация түрі де бар. Ол көмек берудің ең басты формасы.Формасы бойынша топтық, жекелей, толассыз, ал мазмұны жағынан – таныстыру, тақырыптық және емтихан алдындағы болып бөлінеді. Кейде ол әңгіме түрінде немесе коллоквиум түрінде жүргізіледі.
Консультацияда студенттер рефератқа, жазбаша жұмыстарға, қойылатын талаптар мен таныстырады.
Технологиялық, өндірістік, педагогикалық практикалар.
Кәсiптiк бастауыш және орта оқу орындарында бiлiм алушылардың кәсiби практикасын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдар
Осы әдiстемелiк ұсынымдар Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2001 жылғы 4 шiлдедегi № 539 бұйрығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 10 тамыздағы № 1621 тiркелген Кәсiптiк орта бiлiм оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру ережесiне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 463 бұйрығымен бекітілген кәсіптік бастауыш білім беру ұйымдарының қызметін регламентттейтін нормативтік-құқықтық актлерге сәйкес әзiрлендi.
Білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу “Білім туралы”, “Қазақстан Республикасының еңбек туралы”, “Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кәсіптік бастауыш және орта білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес жүргізіледі.
Меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсiптiк бастауыш және орта оқу орындарында бiлiм алушылардың кәсiби практикасын ұйымдастыру және өткiзу бiлiктi мамандар даярлаудың сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жалпы білім беру стандартарының мiндеттi талаптары болып табылады.
Кәсiби даярлық бiлiм алушының мамандығының бейiнiне сәйкес келетiн ұйымдарда (кәсiпорындарда, мекемелерде) өткiзiледi, кәсiби практиканың ұзақтығы мамандық бойынша оқу жоспарына сәйкес белгiленедi,жұмыс беруші ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы шарттар жасау негізінде жүзеге және оны асырылады білім алушылардың кәсіптік практикасы басталғанға дейін бір ай бұрын жасасады.
Кәсiби практиканың мақсаты теориялық оқыту процесiнде алынған бiлiм алушылардың бiлiмiн бекiту, тереңдету және жүйелеу, оқитын мамандығы бойынша қажеттi практикалық дағдыларды ұйрету, сондай-ақ оларды болашақ еңбекке баулу болып табылады.
Кәсіби практиканы (барлық түрлері) жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
1)негізгі еңбек функцияларын орындауға мамандарды даярлаудың толықтығы мен біртұтастығы;
2)кәсіби практиканың теориялық оқытумен байланысы және оның барлық түрлерінің сабақтастығы;
3)білім алушылардың дағдыларын дәйекті қалыптастыру және практиканың бір түрінен екінші түріне өтудегі олардың ауырлауы;
4)қоршаған орта жағдайын зерделеу, бағалау бойынша санаткерлік және практикалық дағдылар жүйесін дамыту;
5)өндірісті ұйымдастырудың жаңа экологиялық қауіпсіз технологиясымен танысу.
Кәсіби практикаға басшылық жасау үшін оқу орнынан тыс әрбір оқу тобына (15 оқушыдан астам) құрылымдық бөлімшелердің басшылары немесе бейінді арнайы пәнді жүргізетін оқытушы беріледі.
Білім алушылардың кәсіби практикасына мыналар жатады:
1)оқу практикасы (танысу немесе алғашқы кәсіби дағдылар алу);
2)технологиялық практика (мамандықтың бейіні бойынша);
3)өндірістік (дипломның алдындағы жұмыс) практикасы.
Оқу практикасының негізгі міндеттері:
1)кәсіби қызметпен алғашқы танысу және таңдап алынған мамандық бойынша алғашқы практикалық дағдыларды қалыптастыру;
2)мамандыққа деген қызығушылығын тәрбиелеу және теориялық білімді саналы түрде игеруге құлшыну;
3)білім алушыны технологиялық және өндірістік (дипломның алдындаәы жұмыс) практикадан өтуге, сондай-ақ тиісті арнайы пәндерді неғұрлым тереѕ зерделеуге даярлау.
Технологиялық практиканың негізгі міндеттеріне (мамандықтың бейіні бойынша) мыналар жатады:
1)білім алушыларды тікелей ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерда) болашақ кәсіби қызметпен таныстыру;
2)мамандық бойынша білім алушылардың бастапқы дағдыларды үйренуі;
3)ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) нақты кәсіби қызметті орындау мен зерделеу негізінде арнайы пәндерді зерделеу кезінде алынған білімді бекіту, нығайту және жүйелеу;
4)кәсіби ойлауды дамыту, өндірісте кәсіби қызметтің дағдыларын үйрену және практикалық дағдыны қабылдап алу.
Технологиялық практика (мамандықтың бейіні бойынша) ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде), сондай-ақ оқу-өндірістік және оқу шаруашылық оқу орындарында ұйымдастырылады.
Өндірістік (диплом алдындағы жұмыс) практика таңдап алынған мамандыққа байланысты нақты ұйым (кәсіпорындар, мекемелер) жағдайында мыналарды зерделеуді көздейді:
1)өндірістің жұмыс істеуі, еңбектік тиімділігі мен өнімділігін арттырудың резервін анықтау бойынша кешенді шараларды, сондай-ақ өндірістік процестерді жабдықтау, маханикаландыру және автоматтандыру;
2)өндірістің экологиялық қауіпсіз технологиясы жөніндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша жүргізілетін іс-шаралар және т.б.;
3)өндіріске жаңа технологияны енгізуді ұйымдастыру.
Кәсіби практиканы өту және орындау туралы есепке мыналар жатады:
а)кәсіби практика бағдарламаларының орындалуы туралы жазбаша есеп;
б)кәсіби практиканы өту туралы білім алушылардың күнделік-есебі;
в)практика өтіп жүрген жерден ұсынымдалатын біліктілік деңгейі көрсетілген өндірістік сипаттама.
Кәсіби практиканы ұйымдастырып, өткізуге жасалған шарттарда жұмыс орнындағы тәлімгер ретінде:
-білім алушы-практиканттармен бірге еңбекке белгілі ақы төлеумен бірге өндірістік міндеттерді орындауға оқу орны тарабынан практика басшыларын тарту мүмкіндігін көздеу ұсынылады;
-білім алушы-практиканттарды ұйым (кәсіпорын, мекеме) тарабынан өрескел бұзушылық болған жағдайда кәсіптік практиканың басқа объектілеріне ауыстырудың мүмкіндігі.
Негізгі әдебиет: 1-[183-212]; 2-[172-197]; 3-[166-182]; 4-[166-190] .
Қосымша әдебиет: 8– [19-20]; 10-[27-30].
Бақылау сұрақтары:
1.Студенттермен міндетті оқу жұмыстарының қандй түрлері бар?
2.Семинар сабақтың теориялық формасы қандай болады?
3.Технологиялық, өндірістік, педагогикалық практикалар.
Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 3186;