ДӘРІС. Кәсіпке баулу оқытушыларының кәсіби педагогикалық даярлау мазмұны
Соңғы он жылдықтағыдай адамзат тарихында ешқашан қарқынды даму болған емес. Бұл қарышты даму коғамның барлық саласын камтыды. Ғаламдану процесі әлеуметтік, мәдени және экономикалык шекараларды жоя бастады. Бұл процестердің енуі мультипликациялы (үрдісті даму) әсер туғызуда. Идеялардың ойлау жуйесінің өмір сүру тәсілдерінің алмасу карқыны білімнің қоғамдағы орны мен ролінің де унемі асуына өз әсерін тигізіп отыр. ЮНЕСКО XXI ғасырда білім саласында Дүниежүзінің деңгейде бірлікте өмір сүруге үйрену, білімді меңгеру; еңбек етуге уйрену, өмір сүруге үйрену секілді білім құндылығының негізгі карайтын төрт түрлі мәселеге ерекше көңіл бөлді.
Білім беру жуйесін реформалау мен дамыту мәселелерімен айналысып жүрген ғалым ретінде ел ішінде басталған жаңа урдістер, әлемдік тенденциялар туралы қарастырайық.
Білім беру жүйесін дамыту мәселесі еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап-ақ, Кеңес өкіметі жылдарында жинақталған жетістіктерді сақтау және елде қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, білім беру жүйесінің жаңа моделі құрудағы ізденістер негізіндегі екі үлкен бағытта жүргізілді.
Қазіргі уақытта әртүрлі ғылыми пәндерде қарым-қатынас феномені белсенді зерттеліп келеді. Адамзат қарым-қатынасының табиғатын анықтайтын көптеген философиялық және психологиялық еңбектер жазылды. Осы мәселемен айналысып жүрген ғалымдар әр түрлі теориялық бағытты ұстай отырып, қарым-қатынас феноменін классификациялап, анықтап және заңдылықтарын ашып көрсетті.
Ал болашақ жоғары білімді маман даярлау, бағыттау іс-шараларында гуманитарлық ғылымдарда қарым-қатынас мәдениетінің ролі терең зерттелмей келеді. Осы негізді жоғарғы оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениеті қалыптасуының арнайы ұйымдастыру-әдістемелік жүйесін жете зерттеу жоғарғы мектеп педагогикасында көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Әр мемлекет, әр халық басқа мемлекеттер мен халыктардың олардың тарихы, дәстурлері мен ойлау жуйесі туралы білімдерді дамыта отырып, олармен бірлікте өмір суруге уйренуі кажет. Осыған сүйене келе өзара тәуелдіктің өсу қажеттігін сезіну нәтижесі ғана бізді болашақта күтіп тұрған түрлі кауіп-қатерлерді бірге талдап, бірлесе тойтаруға, әрқилы қиыншылықтарды ақылдаса отырып бейбіт түрде шешім жасауға әрі бірлескен жобаларды жузеге асыруға мүмкіндік береді.
Тұлғаның қарым-қатынас мәдениеті жан дүниесінің дами беруіне, жігерлік пен табандылықтың сипат алуы, өндірісте міндеттерді, алдына қойған мақсатты шешуде жинақтылық көрсетер психикалық қызмет деңгейіне көтереді. Өндірістік мәселелерді шешу практикада танымдық қызмет жасайтын, ойлау дүниесінде қозғаушы күш туындатарлық ықпал жасайды.
Қазіргі таңда жаңа білім беру парадигмасы ертедегідей өндіріске емес, жеке тұлғаға бағыттайды. Білім беру сферасындағы жеке тұлғаның ролі мен орнының өзгеруіне байланысты, іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық шарттары күрделене түсті. Бұл кәсіби оқыту педагогының кәсіби іскерлік қасиеттер мен қабілеттерін қалыптастырудың моделін құруды талап етті, оның бойындағы өздігінен даму, өз бетінше ұйымдастыру, жауапты және дұрыс шешім қабылдау қабілеті дамыған болуы тиіс еді. Осыған байланысты, кәсіби оқыту педагогының кәсіби дайындығына жоғары талаптар қойылды, яғни ол арнайы білім, іскерлік пен дағдыны қалыптастырумен қатар, жеке тұлғаның бойындағы кәсіби іскерлік қасиеттер мен қабілеттер болды.
Кәсіби оқыту педагогы еңбегінің нақты мазмұнын негізгі екі көрсеткіш арқылы көрсетуге болады:
- өндірістік функция – яғни маманның осы функция арқылы белгіленген нәтижелерге жетуін көздейді;
- іс-әрекеттің түрлері – функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекеттер.
Жоғарғы оқу орындарындағы педагогтың алдында тұрған басты міндет мынада: біріншіден, тәжірибие жүйесінің негізінде мәдениет элементі ретінде кәсіби іс-әрекетті қайта құру; екіншіден, оны қабылдауға және меңгеруге жеңіл болу үшін түсінікті етіп жеткізу. Мұндай міндеттерді шешу бірнеше функциялардың түрлерін жүзеге асыру процесінде қамтамасыз етіледі. Студенттерді оқытуда, тәрбиелеуде, дамыту мен оқыту әрекетін дәлелдеуде кәсіби оқыту педагогы мамандығымен тығыз байланысты функцияларды орындау қажет.
Кәсіби оқыту педагогының көп қырлы шығармашылыққа бағытталған барлық еңбегін Шкутина Л.А. екі түрлі функция арқылы жүзеге асыруды ұсынады – мақсатты және операциялық. Мақсатты функция – бұл мамандықтың ерекше глобальды сипаты, яғни кәсіби оқыту педагогының негізгі кәсіби мақсатына жетуін көздейді, оны жалпы педагогикалық функциялар деп те атайды. Олар оқыту, тәрбиелеу, дамыту, дәлелдеу функциялары болуы мүмкін.
Білімдік – кәсіптік бағдарлама (жалпы міндетті, базалық және салалық кәсіби) мазмұны.
Өзгерістер мен белгісіздіктің үдемелі динамизм шартында әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік рөлдердің, географиялық және әлеуметтік жұмылдырудың ауысуына дайын болу талаптары: түлек өзінің кәсіптік-педагогикалық кызметінің турі мен сипатының өзгерістеріне; оқушы жастарды кәсіптік дайындау деңгейін көтеру бойынша пән аралық жобалармен жұмыс жасауға; жаңа білім беру және өндірістік бағдарламаларын дайындауға дайын болу керек. Оқу пәндерінің негізгі циклдары бойынша біліктілікке қойылатын талаптар:
- жалпы білім беру циклы бойынша маман білуі керек;
- гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық білімді дамытудың ең маңызды кезеңдерін;
- қазіргі жағдайда жеке бастың қальштасу ерекшеліктерін;
- адам өміріндегі мәдениеттің маңызы, мәдениеттің түрлері мен нысаны, маңызды тарихи мәдениет орталықтары, Қазақстан мәдениет тарихы;
- жеке меншік, шаруашылық жүргізу нысандарының - экономикалық және құықтық аспектілері;
- ұлттық табыс көрсеткіштері және экономика секторының даму негіздері;
- адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтары;
- ресейлік құқық және заң жүйесінің негіздері, құқық және құқықтылық этникалық нормаларының кәсіптік әрекет өрісі;
- енбектің заңдылық негіздері, кәсіптік қызметке қатысты нормативтік және құқық құжаттары.
Маман міндетті:
- жеке адам мен топтар арасындағы әлеуметтік қатынастар мен өзара қарым-қатынастардың мәнін түсінуге;
- қазіргі қоғамның саяси өмірін, саяси жүйесін, саяси тәртібін, мемлекеттік билікті ұйымдастыру принциптерін тусінуге;
- әлемнің негізгі ғылыми, философиялық діни суреттеріндегі адам өмірінің негізін, мақсатын және мағынасын, адам білімі нысандарының көп салалығы, шығармашылық пен күнделікті өмірде олардың этикалық кұндылықтары мен мағынасын тусінуге;
- нарықтық қатынастың түрлері мен сипаттамасына бейімделу;
- бизнесті ұйымдастыра білуге маркетинг пен менеджмент туралы білуге;
- оқытудың ауызша және жазбаша нысанда оқуына кажетті шет тілдерінің берілуінің лексикалық минимумы мен грамматикалық құрылымын қоса игеруге;
- сөздік көмегімен шет тілде әдебиет оқи білу және сөздікпен мәтінді аудара білуге;
Базалық пәндер бойынша маман келесі білім, біліктілікті меңгеру керек;
- конструкторлық құжаттартүрлерін, сызбалар мен схемаларды, сызбадағы бейнеленгендердің шарттылығын рәсімдеу бойынша ҚББЖ стандарттық талаптары;
- технологиялық құрал-жабдықтар туралы негізгі мәліметтер;
- электротехника, электротехникалық машиналар мен аппараттардың электрондық; техника негіздерін;
- металдардың, құймалардың конструкциялық материалдардың негізгі қасиеттерін және олардың қолданылуын;
- стаика, кинематика және динамиканың негізгі заңдарын;
- деформация түрлерін, конструкция элементтерін, төзімділігін, қаттылығын және тұрақтылығын есептеу тәсілдерін;
- конструкцияның негізгі өлшемдерін, жұмысқа қабілеттілік түрлсрі мен критерийлерін, типтік бөлшектерін, түйіндер мен агрегаттарын жобалау және есептеу тәсілдері;
- өзара алмастырудың негізгі мәліметтері, өлшеу құралдарының жұмыс жасау принциптері;
- маркетинг және менеджмент негіздері;
- технологиялық процестерді жобалау және жүзеге асыруда ғылыми еңбекті ұйымдастырудың негізгі талаптары;
- еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық және оттан сақтандыру ережелері мен нормалары;
- өндірісте экологиялық тазалықты және қоршаған ортаны қорғау шараларын жасау және қолдау;
- еңбек құқықтарының негіздері;
- адамның ағзасының биологиялық табиғаты мен тұтастылығы;
- салауатты өмір сүрудің негізгі принциптері;
- халықтың ерте мүгедектігі мен ерте өлімнің негізгі себебі болып табылатын ең көп таратылған аурулар, тәуекел факторлары және адам өмірінің әр түрлі кезеңдеріндегі профилактиканың негізгі әдістері;
- табиғи, техногендік және әлеуметтік бастамадағы өмір сүру ортасында болатын аса қауіпті және төтенше жағдайлар;
- өмір сұру қауіпсіздігінің құқықтық, нормативтік-техникалық және ұйымдастырушылық негіздері.
Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 3974;