ДӘРІС. Оқу сабақтарының түрлері. Педагогикалық қарым-қатынас міндеті

Педагогикалық жоғары оқу орындарында оқу жұмысының мiндеттi түрлерiне лекциялар, семинарлар, лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық жұмыстар, консультациялар, коллоквиумдар, зачеттар, емтихандар жатады. Болашақ мұғалiмнiң кәсiптiк-педагогикалық даярлығы үшiн олардың пайдалылығын қарастырайық.

Студенттердiң ақыл-ойына, жүрегiне және ерiк-жiгеpiнe ықпал eтyi жағынан жоғары оқу орындарында дәрісбiрiншi орын алады. Ол арнайы құрылған сол аудитория ушiн ғылым мен ғылыми-педагогикалық ойлау үлгiсiнiң жүйесiн байланыстырады. Лекция мазмұны – сол тақырып бойынша студенттер бiлуге тиicтi мұқият ipiктелген квинтэссенция. Лекция – бұл тек информация ғaна емес, оқытушы студенттер қарым-қатынасы және бiрлескен қызметiнiң әрекеті. Сондықтан да институтта лекцияны оқу жұмысының ешқандай формасымен алмастыpуға болмайды.

Дәрісті оқу және тыңдау - лектор үшiн де, студент үшiн де күрделi, әpi ауыр жұмыс. Лектор үш жақты қызмет етедi: лекцияны щығарушы, оны қоюшы және, ең соңында, орындаушы.

Лекция студентке де оңай емес. Студент лектор ойын қалт жiбермей қадағалайды, негiзгiлерiн саралап, принциптi қағидаларын сын көзiмен қабылдап, информацияны толық сезiнуге және ең қажеттiлерiн өз ақылы мен жадында сақтауға тырысады. Сонымен қоса ол неғұрлым толық түсінікті жазып үлгеруі керек.

Дәрісті оқу барысында оқытушы интеллектуалдық күш жұмсап баяндайды. Ал студент болса бұрынғы сызықтық оқыту формасы бойынша 90 минут бойы, ал қазір 50 минут информацияны қабылдауы, талдауы және көкейiне тоқуы тиic.

Дәрісті тыңдау және түciну процесi кейде бiрқатар себептерден қиынға соғады:

1.Ақыл-ой әрекетiнiң өте тездiгi. Бiз сейлегенге қарағанда төрт есе тез ойлаймыз. Сондықтан да, бiреу сөз айтқан кезде, лекцияны тыңдаушыға көңiлiн басқа жаққа аударуға уақыты толық жетедi.

2.Зейiннiң талғампаздығы. Бала жастан айтқанның бәрiн емес, ең қызықтысын ғана тыңдау әдетi студент кезде де сақталады.

3.Басқаның ойын «жақтырмаушылық». Бiзге басқа бiреудiң айтқанын қалт жiбермей тыңдаудан гөpi, өз ойыңмен болған әлде қайда жеңiл.

4.Бiреудiң сөзiн қақпалауға әyecтік. Бiреу сөз айтқанда дереу қарсылық етуге әрекеттенемiз. Ондайда тыңдаудан қаласың.

Осындай қиыншылықтардың әсеpiнeн адамдарда лекторға зейiн қоймайтын жаман әдет қалыптасады. Бұл лектордың сыртқы келбетiне, сезiне және қимыл әpeкeтiне ерекше зейiн қоятын кемшiлiгi; сейлеушiге қарамай тыңдау әдетi; болмашы нәрсеге алаңдаушылық (аяғымен тарсылдату, жөтелу т. б.);

Лекцияда жаңа, қызғылықты ешнәрсе жоқ деген асығыс қорытынды; сөйлеушiнi тыңдаудан алдын ала бас тарту; зейiн қоя тыңдағансып, басқа нәрсені ойлау т. б.

Лекция әдетте студенттер легiнде оқылады. Пән бойынша ескерту жасауға кеткен әр минуттың езi жүздеген минутты жоғалтуға әкеп соғады. Сондықтан әрбiр студент лекция сабағын жауапкершiлiкпен және адалдық­пен тыңдауы, лектор еңбегiн құрметтеуі тиic.

Дәрісті дайындалғанда: өткен лекция конспектiciн оқып шығу, тиicтi тарауды оқу құралынан қарау, негiзгi ұғымдарды қайталау қажет.

Лекцияны мiндеттi турде конспектiлеуi қажет. Кім жазып отырса, eкi рет оқып шыққаны,- деп тeriн айтылмаған. Лекцияны конспектiлеудiң ең қолайлы түpi - лекция мазмұнын өз сезiңмен ықшамдап жазып, қажеттi тұ­сына белгi қою.

Дәрістің бiрнеше түpi бар. Негiзгi түpi - оқу-программалық лекция, оның барысында оқу программасына сәйкес курс систематикасы баяндалады. Сондай-ақ бағыт сiлтейтiн және шолу лекциялар болады. Олар көбiнесе сырттан оқитын студенттерге оқылады.

Жоғары оқу орындарында ғылымның белгiлi бiр тараулары мен проблемаларын тереңiрек қамтуға арналған арнайы курстар оқылады. Арнайы курстың, әдетте, өзiнiң ғылыми жұмысында едәуiр натижеге жеткен оқытушылар оқиды.

Семuнарлар,лекциялар секiлдi, сабақтың теориялық формасына жатады. Студенттер семинар сабағарында лекциялардан және өзiнiң дербес жұмысы арк.ылы алған бiлiмiн тереңдетiп, нығайтады, ез ceнімін тексередi және айқындайды, терминологияны меңгередi, сол арқылы еркiн оқуға уйренедi, аз көзкарасын қорғайды).

Практикада семинарды еткiзудiң бiрнеше формасы қалыптасқан:

1)сұрақ-жауап семинары,

2)студенттерге күнi бұрын берiлген жоспар бойынша жан-жақты әңгіме өткiзу,

3)студенттердiң ауызша баяндамалары, соңынан оны талқылау,

4)жазбаша рефераттарды талқылау,

5)теориялық конференция,

6)семинар диспут,

7)түпнұсқаға түciнік бере отырып оқу т.б.

Ең кең тараған формасы – студенттердiң ауызша баяндамаларын тыңдау және талқылау. Студенттер хабарламаньң сұрақтарын немесе тaқырыптарын күнi бұрын алып, сол бойынша трүпнұсқа даярланады да қорытындылайды.

Аудиториялық сабақтардың көп бөлігін лабораториялық-практикалық жұмыстар алады. Тпсырманы дербес орындауына қарай оларды репродуктивтік (рындалған тапсырманы еске түсіру) және шығармашылық (білім мен іскерлікті жаңартуды, қайта құруды,жинақтауды қажет ету) деп бөлінеді.

Репродуктивтік оқыту әдісі: репродуктивті ойлау мұғалім берген және басқа материалдан алған мәліметтерді белсенді қабылдау мен және есте сақтаумен сипатталады. Бұл әдісті қолдану ауызша түсіндіру, көрнекілік және практикалық оқыту әдістері мен амалдарын қолдануынсыз мүмкін емес, бұлар оның материалды негізі ретінде болады. Әсіресе, оқыту материалының мазмұны ақпараттық сипаттама болса репродуктивтік әдіс тиімді қолданылады, практикалық істердің тәсілдерін жазатынын көрсетеді, оқушылар өз бетімен ғылыми ізденіс жасауы үшін өте күрделі немесе мүлдем жаңа болып табылады.

Жалпы алғанда репродуктивтік оқыту әдісі қажетті деңгейде ойлауды және әсіресе өзіндікті, ойлауға бейімділікті дамыта алмайды, оқушыларда іздену дағдысын қалыптастырмайды. Бұл әдісті өте көп қолданса білімді меңгеру процесіне немқұрайды қарауға, ал кейде жай жаттап алуға әкеліп соғады. Бір ғана репродуктивті әдіспен жеке тұлғалық, іске творчестволық қарау, өз бетінше орындау сияқты қасиеттерді дамыту мүмкін емес.

Дискуссиялық оқыту.Бүл әдіс батыс елдерінің оқу орындарында кейбір міндеттерді шешуде баска әдістерге қарағанда жақсы нәтижесін көрсеткен.

Әдістің мәні нақты мәселені шешуде көзкарастар мен пікір алмасуда тиімді. Дискуссия көмегімен окушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің пікірін бекітіп, көз қарасын дәлелдеп шығуға көмектеседі. Оқыту дискуссиясының негізгі атқаратын қызметі танымдық қызығушылықты арттырады; қосымша қызметі оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы-бақылау. Оқушылардың алдын ала немесе нақгы мазмүнда және формаларды дайындығынан бүрын, лекцияның сапалығы басты ролъ атқарады. Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты білім жинау мазмүнды дайындықгы кажет етеді. Білімді баяндау жолдарын анықтауға бағытталады.

Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмүнсыз және нақты болмай, карама-қайшылықты және шашыраңқы, алдымен оппоненттерді сендіру.

Демек мүғалім оқушылардың ойын дүрыс тұжырымдап, сүрақтар келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз етуі.

Дискуссия тек ғана гуманитарлык, пәндерді тарихты, қоғамтануды этика, эстетиканы, өнерді, психологияны, педогогиканы игеруде ғана емес, сонымен қатар берілген әдіс физика, химия, биология тағы басқада пәндерді игеруде де нәтижесін көрсетеді. Дискуссия оқушыға танымал материалдардың мзмүнын толықтырып, оны тиянақтап және бекітуге көмектеседі. Мұғалім білімнің жүйесі терең акпарат алуда, оқушылардың ойлау қабілетіне әсер етіп, әрі қарай дамытуға бағыт береді.

Дискуссия элементтері мектепте екінші бағытта практикаланып, әдіс толық мағнада жоғары мектептерде пайдаланып келеді. Оқушылар дискуссия арқылы өнермен танысады.

Кітаппен жұмыс.Мектепте кітаппен жұмыс істеу негізгі әдістердің біріне айналады. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектеледі.

Оқулық кітаптар оқу іс-әрекетін атқарады: білім алу, даму; тәрбие, ойлау, коррекциялық - бақылау.

Кітаппен өздік жүмыста, оқып шығу жеке тараулармен танысу, жеке сүрақтарға жауап іздеу, кітапты немесе текстарды рефераттау, мысалдар мен есептерді шешу, бақылау тестерін орындап, материалдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау.

Әдістің сапасы: еркін, жылдам оқып, ойдан өткізіп, түсіну; қарастырылатын сұрақгарға әдебиеттер тандай білу.

Берілген біліктердің бәрі окушының мектепке келген күнінен бастап білім алу мақсаттын біртіндеп қалыптастырылады.

Бағдарламадағы оқу кітаптары сапасымен ерекшеленеді. Оқушылар жүмыс жүргізу барысында берілген тапсырманы орындауға керекті ықпалды іс-әрекет қарастырып, дүрыс орындалғандығы туралы мағлұмат алады.

Жаңа оқу кітаптары қортынды таблицияларда, диаграмада графиктерде көрнекті модельдерде, классификасияларда, коммуникативті тұрді жинақталған материалдарда берілген.

Демек мүғалімдерге берілген ақпараттарды талдауға көңіл бөліп, окушылардың білім білігін қалыптастыру керек.

Мұғалім қызметі өзінің сипаты бойынша ғалым еңбегіне ұқсас. Сондықтан студенттің оқу процесімен қатар ғылыми зерттеу жұмысымен айналысу ұлкен орын алады. Педагогикалық зерттеулерде ең бастысы – тәрбие ықпалыынң нәтижесінде оқушыда қандай өзгеріс барын, мұғалім жұмысының қандай тәсмілдері мен амалдары оқушының белсенділігіне ықпал ететін, білім мен практикалық жұмысты терең де, тиянақты меңгертудің жолын әрқашан білуі керек.

Көптеген мұғалімдер өзі оқытатын ғылымнан зерттеулер жүргізеді. Журналдар мен жинақтарда мақала жазатын , оқу құралдары мен монографиялар шығаратын мұғалімдер де бар. Сонымен қатар педагогикалық қызметті тиімді ұштастыру да әбден болады.

Ғылыми еңбек белгілі бір қабілеттілікті қажет етеді. Шығармашылық ақыл-ой жинақталған тәжірибе арқылыұқыпыт әрі үнемді жұмсалады. Зерттеушінің құбылысты топтастыра білетін дәл анықтамасын беретін, жинақтайтын болжамы мен қиялын ойластыратын да ерекшелігін көрсеткен жөн.Зерттеуші әрдайым еңбекқор. Жаңа идеялар мен шешімдер – тынымсыз ойлаудың нәтижесі.

Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету мақсатында жоғары оқу орындарында зерттеулердің ролі арта түсуде.педагогика мен мектепт проблемаларына оқытушылармен қоса студенттер де белсене араласуы тиіс. Ол үшін ең алдымен ғылыми таным тәсілін меңгеру қажет. Кез келген ғылыми ізденіс негізі – философия ғылымы болып табылады. Студенттер ғылыми зерттеу тәсілдерін меңгеру қажет.

Байқау мен экспериментті іздеген нәрсе айқын болғанда ғана ұйымдастырылады. Зерттеудің бұл тәсілі жоспарланады және ерекше танымды ғылыми жетекшімен толық консультация алуды қажет етеді.

Студенттердің алдын ала аттестациялауды сынақ деп айтады. Сынақ пен емтихан - оқу процесінің бағдарламасын студенттердің меңгеру дәрежесін анықтайды. Емтиханда студенттердің білім, іскерлік пен дағдыларыны бағалайды. Оның нәтижесі «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деп бағалайды. Нәтижелер сынақ кітапшасына енгізіледі.

Дискуссиялық оқыту.Бүл әдіс батыс елдерінің оқу орындарында кейбір міндеттерді шешуде баска әдістерге қарағанда жақсы нәтижесін көрсеткен.

Әдістің мәні нақты мәселені шешуде көзкарастар мен пікір алмасуда тиімді. Дискуссия көмегімен окушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің пікірін бекітіп, көз қарасын дәлелдеп шығуға көмектеседі. Оқыту дискуссиясының негізгі атқаратын қызметі танымдық қызығушылықты арттырады; қосымша қызметі оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы-бақылау. Оқушылардың алдын ала немесе нақгы мазмүнда және формаларды дайындығынан бүрын, лекцияның сапалығы басты ролъ атқарады. Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты білім жинау мазмүнды дайындықгы кажет етеді. Білімді баяндау жолдарын анықтауға бағытталады.

Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмүнсыз және нақты болмай, кдрама-қайшылықты және шашыраңқы, алдымен оппоненттерді сендіру.

Демек мүғалім оқушылардың ойын дұрыс тұжырымдап, сұрақтар келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз етуі.

Дискуссия тек ғана гуманитарлык, пәндерді тарихты, қоғамтануды этика, эстетиканы, өнерді, психологияны, педогогиканы игеруде ғана емес, сонымен қатар берілген әдіс физика, химия, биология тағы басқада пәндерді игеруде де нәтижесін көрсетеді. Дискуссия оқушыға танымал материалдардың мзмүнын толықтырып, оны тиянақтап және бекітуге көмектеседі. Мұғалім білімнің жүйесі терең акпарат алуда, оқушылардың ойлау қабілетіне әсер етіп, әрі қарай дамытуға бағыт береді.

Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету мақсатында жоғары оқу орындарында зерттеулердің ролі арта түсуде.педагогика мен мектепт проблемаларына оқытушылармен қоса студенттер де белсене араласуы тиіс. Ол үшін ең алдымен ғылыми таным тәсілін меңгеру қажет. Кез келген ғылыми ізденіс негізі – философия ғылымы болып табылады. Студенттер ғылыми зерттеу тәсілдерін меңгеру қажет.

Байқау мен экспериментті іздеген нәрсе айқын болғанда ғана ұйымдастырылады. Зерттеудің бұл тәсілі жоспарланады және ерекше танымды ғылыми жетекшімен толық консультация алуды қажет етеді.

Қоғамда пікірді зерттеу үшін анкеталау, әңгіме өткізу, интервью алу, тапсырма беру әдістері арқылы тексеріледі.

Сұрақтар мен тапсырмаларды құру белгілі бір білімді қажет ететін іс. Қазіргі кезде ақпараттық технология құралдарының көмегімен эксперимент нәтижелерін алуға болады.








Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 9766;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.016 сек.