Педагогикалық міндеттердің әртүрлілігі және класы (стратегиялық міндеттер).
Білім беру жүйесінің міндеті ең алдымен білім берудің қазіргі сапасы мен мазмұнын белгілейтін өзекті құзіреттілікті қалыптастыруға жағдай туғызу. Мұнда тәрбие беру міндетін қайта қарау мен жүйелік қосымша білім беруді ұйымдастыруға жағдай туғызудың атқарар ролі зор.
Оқушыларды азаматтық және патриоттық тәрбиелеу мәселесінің де маңызы зор. Президентіміз Н.Назарбаевтың «Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды жүрегінде алып жүру» деген сөзі осы бағыттағы жұмыстардың өзегі болып саналады.
Осы тұрғыда мемлекеттік рәміздердің 15 жылдығына арналған акция : «Мен-Қазақстан патриотымын», «Бұл біздің Гимн», «Бұл біздің Жалау», «Бұл біздің Герб», «Бұл біздің Казақстан», Қазақстан халықтарының бірлігі Күніне арналып «Мен-Қазақстан патриотымын» жастар шеруінің өткізілгенін айтуға болады.
Ал, балалардың қоғамдық ұйымдары арасында «Планета лидеров» мектеп және балалар ұйымдарының Ассоцияциясы, Өскемен қаласындағы Жастар Парламентінің мектеп фракциясы игі істер атқаруда.
Патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік мемлекеттік тілді білуден басталады.
Президентіміз Н.Назарбаев егер қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білетін болсақ барлығымыз үшін айқын басымдылық болады деп бірнеше рет атап көрсеткен болатын.
Осыған байланысты біз алдымызға инновациялық технологияны білетін көптілді педагогтар даярлау міндетін қойып отырмыз.
Мектеп мұғалімдерінің қызметі соңғы жылдары едәуір өзгеріске ұшырады. Білім берудің көптеген проблемалары, «Бүкіл өмірге білімнен» «Өмір бойы білім алуға» көшу қағидалары бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникациялық технологиямен тығыз байланысты.
Тек қана талантты, білімді, білгір ұстаз ғана нағыз ұрпақты тәрбиелей алады. Ұлы Абайдың былай деп айтқаны тегін емес. «Адамдағы ең жақсылардың бәрі – Ұстаздан».
Курстық даярлық үрдісінде облыстық біліктілікті көтеру институты оқытудың интерактивті түрлерін қолданады. Бұлар – авторлық курстар, тренинг-курстар, мастар-кластар, педагогикалық шеберханалар.
Мұғалімнің кәсіби қалыптасуында жоғары оқу орындарындағы даярлық зор роль атқарады. Педагогикалық ЖОО түлектерін үлкен өмірге аттандыратын орын сол. Қазақстан Республикасында жаңа формация педагогтары мен жоғары білімді педагогтарға үздіксіз білім беру Тұжырымдамасына сәйкес білім Департаменттері мен жоғары оқу орындарының арасында Шарт жасалды. Маңызды педагогикалық проблемалар бойынша бірлесіп семинарлар, конференциялар өткізіп отыру дәстүрге айналған.
Оқушылардың танымдылыққа деген қызығушылығын арттыру бағыты көптеген ғалым-педагогтардың: С.И.Архангельскийдің, Ю.К.Бабанскийдің, В.В.Давыдовтың, Н.Ф.Талызинаның, Т.И. Шамованың, Г.И.Щукинаның т.б. еңбектерінде көрінді. Осы мәселені жоғары техникалық мектептердің жағдайында шешуге О.Сыздықов, Б.К.Момынбаев, Ш.А.Абдраман көп үлес қосты. Студенттердің педагогикалық жоғары оқу орындарындағы технологиялық дайындығы кезіндегі танымдық әрекеттерін арттыру мәселесі де жеткілікті зерттелген.
Осы мәселеге ғалымдар тарапынан көп көңіл бөлінгеніне қарамастан, қазіргі жағдайда ол әлі де болсын өзекті болып отырғанын атап өту керек. Әсіресе, атап айтқанда нақты бір технологиялық пәндерді оқыту барысында көптеген мәселелерді шешуді талап етеді.
Осы мәселелер «Кәсіби оқыту» мамандығы бойынша студенттерді технологиялық дайындау мәселелеріне қатысты. Сондықтан «технологиялық дайындық», «технологиялық даярлау» ұғымдарының мағынасын қарастырып ашуды жөн көрдік. «Технология» саласы әр түрлі технологияларды оқуды қамтиды, олардың ішінде жетекші рөлдердің бірі конструктивтік материалды өңдеуге жатады. Оның негіздерін білу жалпы білім беретін мектептерде өтетін пән бойынша жалпы еңбектік дағдысын алу қандай да бір мамандықтың технология мен кәсіпкерлік пәні мұғаліміне қажет. Одан басқа, мектептің оқу жоспарында оны оқуға көп сағаттар берілген, сондықтан осы мұғалімдер жүктемесін басқа мамандықтар оқытушыларына беруге болады.
Әдеттегі технологиялық дайындық та екі деңгейде жүргізіледі: «Материалдарды өңдеу технологиясының практикумы», «Өнеркәсіп өндірісінің негіздері, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау», «Материалдарды өңдеудің техникасы мен технологиясы» және мамандандыру пәндері.
Ұсынылып отырған технологиялық дайындықтың концепциясының ерекшелігі бірінші деңгейде (базалық) бір жағынан қаралып отырған мәселелер шеңбері қолмен және механикалық өңдеу бойынша бірнеше есе кеңейтілген, екінші жағынан осы технология облысында оны өңдеудің күрделілігі пән туралы жалпы түсінік қалыптастыру мен және одан арғы білім беру мүмкіндігі арқылы жүргізіледі (оның ішнде өз-өзінің білімін көтеру). Конструктивтік материалдар технологиясын өңдеу саласы бойынша мамандандырылатын студенттерге тереңірек білім беріледі.
Технологиялық дайындықты бұлайша ұйымдастыру мамандандыру пәніне оқу сағаттарының көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Базалық технологиялық дайындық нәтижесінде студенттер білуі керек:
- еңбекті тиімді ұйымдастырудың, қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитарияның негізгі ережелерін, сондай –ақ металл мен ағаш өңдеу бойынша оқу шеберханаларының өртке қарсы шараларын;
- құралдың сапасын анықтаудың негізгі принциптерін, жылтыр цилиндрлі біріктірулер мен құру жүйесін және бетінің кедір-бұдырын регламенттеу, бөлшектер көлемін бақылауда қолданылатын жан-жақты өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерін;
- жабдықты таңдау және құру, құралдар мен қондырғыларды, сондай-ақ оқу шеберханаларындағы материалдарды өңдеу бойынша қолмен және механикалық өңдеумен орындалатын жұмыс көлемін анықтау;
- құралдық материалдардың негізгі топтарымен оларды өз орнымен қолдану және өңдеу жағдайларын;
- бұйымды жасаудың механизациясы мен автоматизациясының негізгі бағыттары мен міндеттерін.
Студенттердің игеруге міндетті іскерліктері:
- материалды өңдеу технологиясының практикумы бойынша негізгі түсініктерді айта білу, оларды одан әрі шығармашылықпен және епті қолдана білу алған білімдерімен технологиялық цикл пәні бойынша сабақ бере білу;
- бөлшектердің көлемін анықтау үшін қажетті құралдарды таңдау және қолдану;
- қолмен және механикалық түрде көп таралған бөлшектерді өңдеу жұмыстары үшін құрал таңдап алу, кесетін құралдардың негізгі геометриялық параметрлерін анықтау;
- металл мен ағашты өңдеу мен олардан жасалған бөлшекті біріктіру үшін қарапайым қол еңбегін таңдап алу;
- жалпы білім беретін мектептерде қолданылатын темір кесетін және ағаш өңдейтін қондырғыларды басқару олармен қарапайым жұмыстарды жасай білу.
Құрастыру материалдарын өңдеуге мамандандырылатын студент базалықтан басқа арнайы технологиялық дайындықтан өтеді, нәтижесінде олар осыған қоса мыналарды білуі керек:
- бөлшектің туралық параметрі мен оны сараптаудың статистикалық әдістерді;
- бөлшекті дайындау барысындағы берілген туралыққа қол жеткізу әдістерді;
- конструкциялық материалдарды кесу процесінің заңдылықтары мен негізді;
- қондырғының кинематикалық тізбесінде қолданылатын механизмдерді;
- бөлшекті дайындаудың технологиялық процестерінің негізгі принциптерід;
- кесу режимін анықтау әдісі және өңдеуге кететін уақытты анықтауды;
- технологиялық процестердің тиімділігін арттыру жолдарын.
Бұрын қалыптасқан іскерліктерге арнайы технологиялық дайындық нәтижесінде мына іскерліктер де қосылады:
- металл және металл емес материалдарды қолмен және механикалық өңдеудің технологиялық процесін жасау;
- қондырғының паспортын қолдану, кинематикалық тізбекті айыра білу, қондырғының қосу алдындағы сынауын жүргізу, қолдану барысында кездесетін қарапайым ақауларды жою;
- қарапайым кесетін құралдарды қайрау (қолмен өңдеуге арналған құралдар, токарлық кескіштер, бұрғы т.б.) олардың геометриялық параметрлерін бақылау;
- металды және ағашты өңдеу бойынша және бөлшектерді біріктіру бойынша қол еңбегінің негізгі түрлерін орындау;
- токарлық, бұрғылау, фрезерлік, ұштау қондырғыларында жұмыс істеу;
- конструкциялық материалдарды өңдеудің оқу-материалдық базасын ұйымдастыру, қызмет көрсету және аздаған жөндеу жүргізу;
- оқушылардың кәсіпкерлік әрекеттерін ұйымдастыру;
- ең бірінші мектептегі оқу шеберханалары базасында.
Демек, білім берудің ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуын талап еткендіктен және жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріспен қоғамдық дамудың жаңару процесі тәуелді болғандықтан қазіргі таңда оқыту процесінде пәнаралық байланыс ерекше көкейкесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие болуда.
Негізгі әдебиет: 1-[153-168]; 2-[135-152];3 –[204-238];6-[125-183].
Қосымша әдебиет: 10 – [68-96]; 12 –[85-90];
Бақылау сұрақтары:
1.Кәсіпке баулу оқытушыларының кәсіби жеке тұлғалық сапасы және оны жетілдірудің жолдары.
2.Кәсіпке баулу оқытушыларының педагогикалық шеберлігін құраушылар
3.Педагогикалық міндеттердің әртүрлілігі және класы (стратегиялық міндеттер).
Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 3806;