Азақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылымы мен жалпы сипаттамасы.
Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесінің мен қоса жиынтығы.
Қазақстан Республикасында «Білім беру туралы» Заңының 22- бабына сәйкес мына төмендегі білім беру деңгейлері жүзеге асырылады ;
- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ;
- Орта білім ;
- Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім .
Бастауыш кәсіптік білім – кәіптік мектептер мен лицейлерде негізгі
жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды . Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2 – 3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде –3 жыл,кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді.
Бастауыш кәсіптік білім беру қайсы бір кәсіп саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімінде де жұмыс істей алады.
Орта кәсіптік білім – колледжднр мен училищелерде орта білім базасына кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі. Колледждер мен училищелерде оқу мерзімі 3-4 жыл . Жалпы орта білімі, не бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп салалары бойынша орта кәсіптік білімі қысқа мерзім ішінде , жеделдетілген бағдарламалар арқылы алуына болады . Колледждер мен училищелер тиісті лицензиясына сәйкес бастауыш және орта кәсәптік білім беруді жүзеге асырады.Орта кәсіптік білімі бар азаматтар болса ықшам әрі икемделген бағдарламалар арқылы қысқа мерзімде қосымша мамандық иеленуіне болады . Сондай-ақ колледждер мен училищелерде салалық мамандықтар бойынша республикалық оқу әдістемелік бірлестіктер құрылады. Бастауыш және кәсіптік білім берудің типтік оқу бағдарламалары тиісті кәсіп саласы бойынша білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырады .
Қазақстан Республикасы Президентінің 11 қазан 2001 жылғы № 1459 жарлығымен бекітілген « Қазақстан Республикасында 2005 – 2010 жыдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес бастауыш кәсіптік білім мен орта кәсіптік білім берудің бір бөлігі техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша шоғырландырылып, орта білім жүйесіне көшіріліп, еңбек нарығы сұранып отырған жаңа технологиялық талаптар негізінде жоғары сапалы мамандар даярлай бастайды. Техникалық және кәсіби білім берудің базалық денгейі – техникалық және қызмет көрсету саласы бойынша білікті жұмысшылар мен мамандар әзірлеуге бағыт алуы тиіс. Орта кәсіптік білім берууудің кейбір жекелеген бағдарламалары бойынша орта кәсіптік білімді игеруді жаңа деңгейге көтереді.
Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2991;