ГЛОССАРИЙ

Адамды қалыптастыру процесі – біздің қоғамымыздың осы міндетті шешу үшін жасаған барлық жағдайлардың бірлігімен анықталады;

Акселерация – биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, урбанизация (қалалардың өркендеп өсуі) факторы, елдің миграциялық өсуі, транспортпен байланысты қатынастың дамуы, радиотолқындардың және географиялық климаттық жағдайлардың өзгеруі

Азаматтық болмыс дегеніміз – адамдар ұрпағының еңбегі және жасампаз ұмтылысынан туындайтын қоғамдық тәжірибе.

Әдістер– мұғалім мен оқушының мазмұнды қабылдауға арналған іс-әрекеттері.

Әлеуметтік-психологиялық климат – ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара қарым-қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді.

Бакалавр, магистр – жоғары кәсіптік білімнің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже мен біліктілік.

Біліктілік – бітірушінің білімі туралы құжатында көрсетілген кәсіптік қызметті орындауға немесе білімін жалғастыруға деген кәсіби даярлығының түрі мен дәрежесі.

Білім– адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.

Білім беру– бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру негізінде жеке тұлғаның дүниеге көзқарасын, адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.

Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау– олардың тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы міндетті стандартын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатымен жүргізілетін, нәтижелері бойынша білімі туралы құжат (куәлік, аттестат, қызмет куәлігі, диплом) берілетін рәсім.

Білім беру ұйымдарын аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінде олар көрсететін білім беру қызметінің мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім.

Дағды– бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекеттерге машықтандыру.

Дистанциялық (алыстан) оқыту – оқыту нысандарының бірі, электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуына нысаналы және әдістемелі түрде ұйымдастырылған басшылық жасау.

Емтихан– оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы.

Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор.

Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу процесі.

Зерттеу әдісі– зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.

Қабылдау– адамға тікелей әсер ететін заттардың, құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі.

Қалыптасутүсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.

Кәсіп- адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.

Кәсіптік білім– маманның біліктілік сипаттамасы мен міндетті талаптарына сәйкес кәсіптік білім, іскерлік және дағдыларды игеруге бағытталған құрылу, қалыптасу және даму процесі.

Кәсіптік мектеп – жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін орта оқу орны.

Классификатор (жіктеме) – бұл бастауыш және орта кәсіптік білімнің кәсіптер мен мамандықтарының (кәсіптер мен мамандықтардың тектес топтары бойынша жіктелген дайындық бағыттарының) жүйеленген тізімі.

Қосымша білім беру– азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі.

Лабораториялық эксперимент– педагогикалық құбылысты бақылау жасанды жағдайда ұжымнан бір немесе бірнеше оқушыларды бөліп алып жүргізілетін эксперимент.

Мамандық– білім туралы тиісті құжаттармен расталған белгілі бір қызмет түрі үшін қажетті, мақсатқа сай даярлау және жұмыс тәжірибесі арқылы алынған білім, шеберлік және дағдылар кешені.

Мемлекеттік білім беру мекемесі – Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес құрылатын білім беру мекемесі.

Мұғалім- өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіретін маман. Ол адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін маман иесі.

Оқу– алдын ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырады.

Оқушылардың бірлестігі – ұжымдық еңбек әрекеті барысында – қарым-қатынасты қолданудың шарты болады;

Оқыту- ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, ақыл-ой қаблеті мен танымдық қызығушылығын дамытуға білім, біліктілік, дағды жүйесін саналы берік меңгеруге бағытталған мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің екі жақты процесі.

Оқыту әдістері оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушының қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.

Оқыту процесі–мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.

Оқытуды ұйымдастыру формалары–оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, белгіленген тәртіппен, белгілі режимде өтілетін іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.

Орта білім – тұтас үздіксіз білім жүйесінің базалық звеносы ретінде қарастырылады.

Өздігінен білім алу– бұл адамның мақсатқа бағытталған, арнайы міндет көздеген жұмысы, адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, білімін жетілдіруі.

Өздігінен білімін жетілдіру – бұл өзін-өзі дамытуға бағытталған ұрпақтар тәжірибесін меңгерудегі ұйымдастыру жүйесі.

Пәндік үйірме сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда қолайлы жағдай туғызып отырады.

Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері: сұрақ, анкета жүргізу, тестен өткізу, рейтингтік сараптау, т.б. (жылдам, әрі көп сандағы оқушыларға сұрақ қойып қойылған мәселені анықтау).

Педагогикалық бақылаубелгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі (оқушылардың зейінділігін, белсенділігін, т.б. бақылау).

Педагогикалық қарым-қатынас адамдардың қоғамдыққарым-қатынастарды жүзеге асыру барысында бір-бірінің санасына ықпал ету іс-әрекеттері арқылы олардың жүріс-тұрысын өзгерту және үйлестіру мақсатына бағытталады.

Педагогикалық менеджмент – оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, формалары, технологиясы.

Педагогикалық процесс – оқытушылар мен оқушылардың білім алу мақсатына қарай бірге қадам басқан іс-әрекеті.

Педагогикалық шеберлік - үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Педагогикалық шығармашылық– бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат тәжірибені жасау, тұтас педагогикалық процесс мәселелерін шеберлікпен шешу, оларды педагогикалық жұртшылықтың игілігіне айналдыру.

Педагогикалық эксперимент– нақты жағдайды еске алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибе (зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті);

Рейтинг– ағылшын тілінде «to rate»– «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.

Сабақ– мұғалімнің талапқа сай тиянақты сабақ кестесі бойынша тұрақты оқушылар құрамы мен мұғалімнің жүргізген оқытуды ұйымдастыру формасы.

Семинар сабағыоқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.

Стандарттау – педагогика ғылымы мен кәсіптік білім саласында, қызығушылығы ортақ барлық жақтардың қатысуымен оқытудың, үйретудің, тәрбиелеудің және оны дамытудың қайталанып келетін міндеттерін шешу мақсатында іс-әрекеттердің реттелген тәртібінің белгіленуі және қолданылуы.

Табиғи эксперимент – педагогикалық процесті зерттеу үшін бүкіл сыныпты, бүкіл ұжымда оқу-тәрбие процесін бұзбай әдеттегі жағдайларда жүргізіледі (м., саяхат т.б.).

Тәрбие дегеніміз қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға қоғамдық тәжірибені меңгерту үшін және оны белсенді іс-әрекетке ынталандыруда мақсатты және саналы түрде педагогикалық процесті ұйымдастыру.

 

Жеңісова Ақбота Жеңісқызы








Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 10826;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.