Азақстан Республикасының жоғарғы мектебі.

Қазақстан Республикасында мына төмендегі оқу орындары жоғарғы білімді жүзеге асырады. Университтеттер, академиялар, институттар мен оларға теңестірілгендер ( консерваториялар, жоғарғы мектеп, жоғарғы училище). Жоғарғы оқу орындары тиісті лицензиясына сәйкес жалпы орта білім , бастауыш және орта кәсіптік білім негізінде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыра алады. Жоғарғы оқу орнының құрамына біртұтас оқу және ғылыми өндірістік кешен ретінде қызмет атқара алатын заңды тұлғалық мәртебісі бар құрылымдар да кіруі мүмкін . Медициналық жоғарғы оқу орындарында өз алдына жеке клиникалық базасы болып , ол Қазақстан Республикасы Заңдылықтарына қайшы келмейтін қаржы көздері арқылы қызмет ете алады. Қазақстан Республикасында жоғарғы кәсіби білім берудің мына төмендегі құрылымдары белгіленген;

- жоғарғы базалық білім ( бакалавриат ) оқу мерзімі 4 жыл, оны бітірген-дерге « бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі . Жоғарғы ғылыми- педагогикалық білім алғысы келетіндер үшін оқу мерзімі әртүрлі болуы мүмкін: оқу мерзімі жоғары базалық білім негізінде – 2 жыл, арнайы жоғары білім бойынша - 1 жыл. Оларға «Магистр» академиялық дәрежесі беріледі .

-жоғары арнайы білім, оқу мерзімі 4 жылдан кем емес, қорытынды аттаестация бойынша оларға « жоғары білікті маман » атағы беріледі . Жоғары медициналық білім берудің кейбір мамандықтары бойынша, оқу мерзімі 7 жылды құрайды , оқу жылы интернатураны бітірумен аяқталады .

Интернатурадан өтпеген бітірушілер, клиникалық практикаға жіберілмейді.Университеттер мен академиялар білім беру саласы бойынша орталық атқару органдары келісімі мен жоғары кәсіби білімнің белгіленген нақты бір мамандықтары бойынша кадр дайындаумен айналысады. Орта кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп саласы не ұқсас мамандықтар бойынша қысқа мерзімде жеделдетілген бағдарламалар мен жоғарғы кәсіптік білім ала алады. Сондай –ақ жоғарғы кәсіптік білімі бар азаматтар арқылы негізде қысқа мерзімде екінші жоғары кәсіптік білім алуға мүмкіндігі бар . Көп сатылы жоғары кәсіптік білім беру мекемесінің құрылымы туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жоғарғы оқу орны өзінің ғылыми жұмыстарында Қазақстан Республикасының заңдылықтарын басшылыққа алады. Жоғарғы оқу орнындағы тәжірибе жұмыстары студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және өндірістік бірлестіктері және оқытушылар мен қызметкерлер арқылы ортақ мақсатқа жұмылдырыла жүргізіледі.

Негізгі әдебиет: 1-[125-132]; 2 –[ 146-167]; 3 –[ 151-159]; 6 –[ 184-188].

Қосымша әдебиет: 9 – [58-67]; 10 – [151-159];11–[ 58-67]; 12 – [30-52].

Бақылау сұрақтары.

1.Кредиттік жүйе бойынша негізгі түсініктер мен анықтамаларға тоқталыңыз.

2.Кредиттік жүйе бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі ережелері нені қамтиды?

3.Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған білім берудің Мемлекеттік бағдарламасынан таныса отырып, техникалық және кәсіби білім беру салалары қалай жіктелетінін, оның қандай жолдармен жүзеге асырылатынын талдаңдар.

4.Жалпы орта білімі бар жоғарғы оқу орны студенттерінің оқу мерзімі ұзақтығы неге байланысты?

5.Орта кәсіптік білім беретін оқу орны, бағдарлы және техникалық кәсіби білім беру бағдарламасын жүзеге асыра ала ма? Егер жүзеге асыра алатын болса, қандай жағдайда?








Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2092;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.