Азақстан мен ТМД елдеріндегі кәсіптік білім беру жүйесі.
Мемлекеттік жұмысшы кадрларды дайындау - әлеуметттік және ғылыми мәселе.
Казіргі кездегі Қазақстан мен ТМД елдерінің экономикалық жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты болып отыр.Саяси -әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда бәсекелестік басты орынға шықты.Қалыптасқан жағдайда халықты әлеуметтік қорғау институттары нарықтық қатынастар саласында болып жатқан өзгерістердің даму қарқынына ілесе алмай,еңбекке жарамды белгілі бір әлеуметтік топ қорғаусыз қалады.Бұл адамдар үшін басты қорғаныс қызметі, әрі кепілі – ол елдегі кәсіптік білім беру жүйесін дұрыс жолға қою болып табылады. Білім беру,оның ішінде кәсіби білім беру жүйесінің қызыметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті жалпы немесе кәсіптік білім бере аламыз. Тек қана нарық талабына лайық сұранысқа ие жоғары білікті дәрежеде дайындалған кәсіптік мектеп,коллдж не жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын толықтырып, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады.Сөйтіп, қоғамда болып жатқан экономикалық өзгерістер талабын бұрынғы білім беру жүйесі қанағаттандыра алмайды.Өндіргіш күштердің даму қарқынына ілесу үшін білім беру жүйесі мына төмендегі екі заңдылыққа сүйенуі керек;
-өндіргіш күштердін даму деңгейіне білім беру жүйесінің сәйкестігі;
-өндіріс қатынастар жагдайына білім беру жүйесінің сәйкестігі.
Бұл сәйкестігі алдыңғы қатарда болса ғана нәтиже бермек.Педагогика ғылымдарының докторы, профессорА.Новиковтың пікіріне сүйенсек, «жеке тұлғаға жалпы және кәсіби білім беру ісінің даму қарқыны өндірістің даму денгейінен асып түсіру екрек»-деген дамыта білім беру ісін басты принцип етіп ұстауымыз керек. Осы жерде жалпы бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшылар мен мамандар даярлауда тиісті білім мазмұнымен қамтамасыз етуде рөлі қандай деген сұрақ туындайды.
Жалпы Қазақстан мен ТМД елдеріне еңбеку ресурстары сапасы туралы мәселе бастауыш және орта кәсіптік білім мекемелері түсініктерінің дайындық денгейі деген мәселемен ұштасып жатыр. Атап айтқанда, мұнда тек белгілі бір теориялық білім, кәсіби билік және практикалық дағдыны қалыптастыру ғана емес, әнгіме жеке тұлғаның бойында тиісті кәсіби шеберлік пен жалпы адамзаттық құндылықтарды еңбек барысында үйренумен қатар,сонымен бірге жаңа техника мен технологияларды өндіріске тиімді өндіре білу,қажет болған жағдайда нарық пен бәсекелестік талап етіп отырған кәсіп саласы мен мамандықты қысқа мерзімде игере білу қабілеттілігі де басым болу тиіс. Көптеген дамыған елдерде әр адам өз кәсібі мен мамандығын 3-4 рет (ал,кейбір жоғары дамушы елдерде 5-6) рет өзгертіп немесе біліктіліктерін көтере алады. Қорыта келе, кәсіптік білім орындарын бітіруші түлектердің дайындық сапасына қойылатын талаптарды мына екі топқа бөлуге болады.
Біріншісі–олардың білімі,біліктілігі және дағдысын арттыру деңгейі.Қазіргі педагогика ғылымы торйялық мәліметтрді практикалық тұрғыда іске асыра білу қабілеттілігіне баса назар аударадыа.Бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелері жаңа кәсіби қызымет түріне бейімдеуді қалыптастыруы қажет.
Екіншісі–түлектердің ойында дара тұлғағалайық кәсіби шеберлік пен әлеуметтік мәні бар қасиеттерді дамытуды басты назарда ұстау қажет.
Ашығын айту керек, бізде кәсіптік білім беру мен ішекі еңбек нарығы сұраныс арасында алшақтық орын алып отыр.Қазіргі замангы кезек күттірмейтін басты міндеті –кәсіптік білім беруді ізгілендіру мәселесі.Практикалық педагогиканың да алдында тұаған қиын мәселесі. Практикалық педагокиканың да алдында тұрған қиын міндет –жеке тұлғаны кәсіби мораль негізңнде тәрбиелеу.Оны кәсіби біліктіліапен қатар жүретін қасиет, өлшем десек те қателеспейміз.Бұл мәселені шешу жаңа типтегі кәсіби оқу тәрбие мекемелерінің үлесіне тиюі керек, олар жоғары кәсіптік білім беретін мектептер және кәсіптік лицейлер мен колледждер.
Сөйтіп, қазіргі кездегі кәсіби педагогиканын басты міндеті - осы оқу орындарына арналған білім мазмұнын жаңарту болып отыр.Осы мәселерді сапалы әрі түпкілікті шешу үшін кәсіптік білім мазмұнына философиялық және әдістемелік-теориялық ғылыми негіздеме әзірлеу қажеттігі туындайды.
Оның мына төмендегідей жолдары бар:
-адамзаттың дамуы мен оның өмір сүру кеңістігінің , қызметінің ажырамас бір бөлігі кәсіби ізгілікті философияның қалыптасуы мен байланыста болуы қажет;
-жеке тұлғалардың адамгершіліктік қасиеттері оның кәсіби шеберлік деңгейінің басты көрсеткіші , негізгі алғышарттрары болып табылуы тиіс;
-қазіргі кәсіптік оқу орындарындағы кәсіби білім берудің, оқытудың түпкі мақсаты моральдық ұстанымы жоғары кәсіпкерлерді тәрбиелеу болып отыр ;
-ХХІ ғасыр кәсіби мамандарын тәрбиелеп , әзірлеудің , оларды жүзеге асыратын орталықтар болып қазіргі жаңа типтегі кәсіптік білім мекемелері , лицейлер, колледждер және кәсіби білім шеберліктерін шыңдау орталықтары болуы тиіс ;
-жаңа кәсіпкерлік философияны негізге ала отырып, кәсіптік білім мекемелері , лицейлер мен колледждердегі білім мазмұны, оның теориялық - әдістемелік негіздерін қайта әзірлеуіміз керек;
-үшінші мыңжылдыққа қадам басқан жаңа қоғамның мамандары мен кәсіпкерлерін қалыптастыратын негізгі тұлға – инженер-педагог кадрларды дайындауды , қайта әзірлеуді қолға алуымыз қажет;
-кәсіптік білім мекемелері мен оқыту орындарын басқару жүйесі тек әкімшілік емес, оның білім мазмұнына толық жауап беретін, сол саладағы ғылыми- теориялық әзірлігі бар, түпкі мақсатты болжай білетін, соған бар күш-жігерді ұжымда жұмылдыра алатын іскер басшы болуы тиіс.
Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2892;