Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі түсініктері мен анықтамалары.

Академиялық календарь (Academic Calendar) – оқу жылы бойына демалыс күндерін белгілеп оқу және бақылау шараларын жүргізу туралы күнтізбе.

Академиялық кезең (Term) – жоғары оқу орнымен үш формалардың бірін таңдап алып теориялық оқыту кезеңі: ұзақтылығымен 15апта, триместр 10 апта, квартал 8 апта.

Студенттің академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестациялау нәтижесінде құрастырылған бағдарламалық материалдар бойынша магистранттың меңгерген білім деңгейінің сандық көрсеткіші (қорытынды бақылау).

Академиялық дәреже (Degree) – қорытынды мемлекеттік аттестация нәтижесінде жоғарғы кәсіби білім бағдарламаларын меңгерегннен кейін тағайындалатын дәреже.

Академиялық анықтама (Transcript) – белгілі оқыту кезеңінде оқыған пәндер тізімнен, кредиттер саны мен бағалары көрсетілген анықталған формадағы құжат.

Белсенді таратылатын материалдар (АРМ) (Hand-outs) – тақырыпты шығармашыл меңгертуге арналған сабақта таратылатын белсенді көрнекілік материалдар (тезистер дәрістер, сілтемелер, мысалдар, глоссарийлер, өздік жұмысының тапсырмалары).

Ассистент, доцент, профессор (Assistant Professor, Associate Professor, Professor) – жоғарғы оқу орнының профессор-оқытушы қызметі.

Бакалавр, магистр, доктор (Bachallor, Master, Doctor) –жоғарғы немесе жоғарғыдан кейінгі кәсіптік білім бағдарламаларын меңгерген адамға берілетін академиялық дәреже.

Оқу пәніне жазылу (Enrollment) – магистранттың алдын ала оқу пәндеріне жазылу процедурасы.

Қорытынды мемлекеттік аттестация (Qualification Examination) - мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес білім деңгейін анықтау мақсатында жүргізіліп соның нәтижесінде білім алғаны туралы құжат (диплом) тапсыратын процедура.

Қорытынды бақылау (Final Examination) – пәнді оқығаннан кейінгі аралық аттестациялау кезінде оқу жетістіктерін тексеру үшін академиялық кезеңді аяқтағанда қойылады. Ауызша, жазбаша, тестілеу түрінде емтихан алу - қорытынды бақылау түрі болып табылады.

Кредиттік жүйе – оқу процесінің шеңберін анықтау және кредиттер түрінде білім көлемін есепке алу арқылы білім траекториясын таңдау негізінде өз бетімен білім деңгейін көтеру және жекелеп оқытуға негізделіп білімді шығармашыл меңгеруге бағытталған білім беру жүйесі.

Таңдау бойынша компонент (Electives) – кез келген академиялық кезеңде магистранттармен оқылатын элективті оқу пәндері

Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау – әр түрлі бақылау тапсырмаларын орындау негізінде білім жетістіктерін тексеру (жазбаша жұмыс, тест, практикалық жұмыс, портфолио, ауызша сұрау т.б.); ол ағымдағы, аралық, қорытынды бақылауға бөлінеді.

Офис-тіркеуші(Office of Registrar) – магистранттың оқу жетістігін тіркеумен айналысатын қызмет.

Жалпыбілім беру пәндері – ООД (General Education Requirament – GER) – әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндер циклы.

Міндетті компонент (Core Subjects) – оқыту бағдарламасы бойынша міндетті түрде оқылатын пәндер.

Күндізгі оқу түрі (Full Time Education) – оқу жоспарына сәйкес студенттің міндетті түрде қатысатын сабақтарды қарастыратын оқу түрі.

Пререквизиттер, постреквизиттер (Prerequisite, Postrequi-site) – осы пәнді оқығанға дейін және кейін меңгеруі тиіс пәндер.

Студенттер үшін пәндер бағдарламасы (Syllabus) – сабақтардың ұзақтылығы, тақырыптары көрсетілген пәндердің бағдарламасы.

Өткізу баллы (Grade Point Average – GPA) – бағдарламаға сәйкес білім жетістігін бағалайтын орташа баға (кредиттер санын қорытынды бақылаудың баллының эквивалент сомасын ағымдағы оқу кезеңінің кредитіне бөлу).

Ағымдағы үлгерімді бақылау (Midterm Examination) – белгілі бір академииялық кезеңде сабақ беретін оқытушымен қойылатын үлгерімін тексеру.

Студенттердің өз бетімен жұмысы (СРО) – өз бетімен оқуға арналған, әдістемелік қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмысы, реферат, шығармамен, есеппен бақыланатын белгілі тақырыптар бойынша жұмыс.

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өз бетінше жұмысы (СРОП) (Office Hours) – сабақ кестесінде көрсетілген оқытушының жетекшілігімен орындалатын аудиториядан тыс жұмысы.

Тьютор (Tutor) – сабақ жүргізетін оқытушы.

Ағымдағы үлгерімді бақылау – әр тақырып, бөлім бойынша оқытушымен оқу жетістіктерін бақылау жүйесі.

Студенттердің оқуы – оқу барысындағы тұлғаның даму деңгейін көрсететін білім, дағды, іскерлік пен құзыреттілігі.

Оқу жоспары (Curriculum) – оқу пәндерінің көлемін, тізімін, оқу ретін белгілейтін негізгі құжат.

Эдвайзер (Advisor) – оқу кезеңінде білім бағдарламасын меңгеруге, бағытын көрсетуге, мамандық бойынша жетекші қызметін атқаратын кафедра оқытушысы.

Кредиттік жүйе бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі ережелері

Кредиттік жүйе 050120-Кәсіби оқытумамандығына енгізілген.

Кредиттік технология бойынша дайындықтан өтетін 050120- «Кәсіби оқыту» мамандығының түлегі төмендегі тапсырмаларды орындауы қажет:

- терең, икемді және берік кәсіби білімдерін қальштастыру;

- кәсіби шеберлікті қалыптастыру;

- туынды өндіру жұмыстарын экономикалық дәлелдеу және жоспарлау іскерлігін қалыптастыру;

- техникалық ойлау мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту;

-еңбекті ұтымды ұйымдастыру бойьшша білім жүйесін жетілдіру, сәйкес іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

-арнайы, ғылыми-техникалық және анықтамалық әдебиетпен, өндірістік-технологиялық; құжаттамамен өздік жумысын орындау (интернет);

- өз мамандығына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; оқыту үрдісінде енегізілген тәрбиені жүзеге асыру; ұжымдағы қарым-қатынас пен еңбек эстетикасын калыптастыру;

- денсаулықтың физиологиялық дамуы мен нысанына әрекет жасау.

Бір кредиттің академиялық көлемі аудиториялық уақыттың 50 минутын құрайды.

Дәріс, практикалық (семинар) және студиялық сабақтардың әр академиялық сағаты міндетті түрде студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ). 2 контакт сағатпен (100 минут) жүреді

Бір оқу семестрінің академиялық көлемі 15 апта құрайды.

Академиялық сағат 1 контакт сағатқа тең (50 минутқа) дәріс, практикалық (семинар) сабақтар, немесе 1,5 контакт сағат (75 минутқа) студиялық сабақтар, немесе 2 контакт сағатқа (100 минутқа) лаборатория сабақтары, немесе 5 контакт сағатқа (250 минутқа) кез келген практика түрі.

Оқу жылының академиялық көлемін жазғы демалыс есебінен 10 аптаға дейін ұлғайтуға болады. Жазғы семестр магистранттың қажетіне қарай қосымша оқуға немесе академиялық қарызын жою мақсатымен ұйымдастырылады .

Максималды академиялық көлемінің барлығы 40 пәннен тұрады.

Қорытынды бақылау емтиханмен аяқталады.

Жеке жұмыс жоспары университеттің ғылыми жұмыстар бойынша проректорымен бекітіледі де деканатта сақталады.

Жеке жұмысты жоспарлау эдвайзердің көмегімен жүргізіледі.

Жеке жұмысты жоспарлауда оқу-әдістемелік кешенмен толтырады, әр пәнге сипаттама береді :

• Оқу жұмыс бағдарламасы (Sillabus);

• практикалық сабақтар жоспары;

• оқытушы көмегімен өздік жұмыс тапсырмаларының жүйесі;

• практикаларды өту бағдарламасы.

Кредиттік технология негізінде дайындалған маман жасай білу керек:

- кешендік сызба бейнелеу (түрлер, өлшемдер, қималар), кесілген қосылыстарды және тісті берілестерді алдын-ала шартты бейнелеуді қолдану арқылы бөлшектерді жобалау;

-агрегаттар мен машиналардың жәй бөлшектері мен түйіндерінің сапасын бақылау және басқару түрін, құрал түрін қолдану.

Маман дағдылану керек:

-бөлшектерді, түйіндерді және механизмдерді құрастыруға;

-жобалап сызуға;

-есептеу техникасын пайдалана білуге.

Профильдік пәндер циклы бойынша:

Маман білу керек:

- оқыту үрдісінің білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесі; психологиялық және педагогикалық концепциялар мен пәндік әдістемелердін дамуының тарихы мен казіргі тенденциялары туралы білім жүйесін;

- білім беру үрдісінің субъектісі ретінде адам туралы, оның жас аралық және жеке ерекшеліктері, әлеуметтік даму факторлары туралы білім жүйесін; психикалық даму заңдылықтары, тұлғалық өсуге әсер ететін факторлар туралы білім жүйесін, тұлғаны өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттайды;

-жеке адаммен және топпен қарым-қатынас және басқару тәсілдері туралы заңдылықтар жүйесін, педагогикалық қарым-қатынас жасай білу; оқыту барысында компьютерлік техниканы пайдаланудың негізгі психологиялық-педагогикалық критерийлері;

-психологиялық-педагогикалық диагностика жасай білу;

-оқыту барысында жобалау, іске асыру, баға беру және түзете білу;

-оқу бағдарламалық құжаттарды дайындай білу жә­не оқу мазмұнын құру үшін оларды пайдалана білу;

-оқу-өндірістік жұмыстардың құрылымы мен мазмұ­нын жобалау әдістерін, сабақты дидактикалық құралдармен жабдықтау тәсілдерін білу;

- оқушылардың кәсіптік дағды мен шеберлікті қалыптастыру және жетілдіру әдістерін, жеке тұлғаның тұрақты кәсіптік бағытын қалыптастыру әдісін білу керек.

Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету қызметін студенттерді дайындаушы кафедра атқарады. Оның ішінде келесілер анықталады:

• Әр пән бойынша аудиториялық жұмыстардың материалдарын, оның ішінде дәріс, семинар сабақтар т.б.;

• магистранттардың өздік жұмыс материалдары, сонымен бірге өзін-өзі бақылау материалдары: жаттығу тестері, бақылау тапырмалары, емтихан сұрақтары;

• практика өтуге арналған материалдары, оның ішінде жоспары мен бағдарламасы, есеп беру құжаттары.

Студенттердің курстан курсқа академиялық көшуі белгілі орташа өту балымен анықталады (GPA).

Қажетті кредиттер санын толық алмаған жағдайда студент қайтадан сол курсқа қалдырылады.

Қайтадан сол курсқа қалып оқуды қаржыландыру студенттің есебінен жүргізіледі.








Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 4529;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.016 сек.