ДӘРІС. Кәсіпке баулу оқытушыларының кәсіби жеке тұлғалық сапасы және оны жетілдірудің жолдары.
Кәсіби-техникалық білім беру жүйесіндегі педагогикалық кадрлар даярлауда инженерлік-педагогикалық институттар мен техникумдар ашылды, олардың түлектері қарапайым оқу орындарында даярланған түлектерге қарағанда дайындығы жоғары деңгейде болды. Сонымен қатар индустриалдық-педагогикалық және педагогикалық жоғары оқу орындардағы жалпы білім беретін техникалық факультеттер қысқартыла бастады.
Бүгінгі күні Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қайта дамуында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Бұл өзгерістер халыққа білім беру жағдайына, оның жасөспірімдерді еңбекке баулу бөлігіне әсер етпей қалмады. Біздің ойымызша қазіргі заманғы мектептерде еңбекке баулуды оқытуды ұйымдастырудың төмендегі ерекшеліктерін көрсетуге болады:
1.Техника мен технологияның өндірістің барлық салаларында және әлеуметтік-мәдени салада неғұрлым дамуы жалпы білім беретін мектеп түлектерінен нақты білімді ғана талап етпейді, сондай-ақ, нақты бір мамандықты меңгеруін де талап етеді. Еңбек іс-әрекеті түрін неғұрлым толық түрде білуін, өндірістің әр түрлі жағдайына бейім, жаңа мамандыққа қайта даярлануға әзір, политехникалық ой-өрісінің кең болуын талап етеді.
2.Алдыңғы тезистің жалғасы үздіксіз білім беру қажеттілігімен байланысты, оқушылардан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейім болуын талап етеді. Еңбек нарығындағы бәсекелестік жағдайында жетістікке тек алған білімімен және дағдысымен ғана шектелмейтін, үнемі білімін арттырып отыратын жұмысшы ғана қол жеткізе алады.
3.Білім берудің вариативтілігі жеке адамның жеке мүмкіндіктерін толық ашуына, оның қалыптасу барысына жағдай жасайды және оның жеке өзіндік талпынысына қоғамдық түр береді. Бұл жерде жалпы еңбектік және кәсіби дайындықтың ерікті түрде таңдау принципіне негізделген тиімді үйлесуіне қол жеткізу керек.
4.Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдай, нарықтық экономиканың дамуы қоғамның әрбір мүшесінен тым болмаса кәсіпкерлік әрекеттің алғашқы экономикалық білімін талап етеді.
5.Қазіргі заманғы Қазақстанның тұрғындарының көп бөлігі ауыр әлеуметтік жағдайда өмір сүріп жатыр. Сондықтан өмірге араласқан әрбір жеке адам өз өмірін құруда тәжірибесі болуы керек және мектеп оған осы білімді алуда көмек көрсетуі тиіс.
«Технология» білім беру саласы қазіргі заманғы мектептегі оқушылардың қоғамдағы осы ерекшеліктерін ескере отырып жеке өмірдегі еңбекке даярлауға бағытталған.
Оның негізінде М.Б. Павлова, Д.Барнекс пен Дж.Питтың анықтауы бойынша оқушылардың бойында жобаны талдауды қамтитын дизайн саласында қайта білім беру, нәтижесін бағалау мен оны іске асыру әрекеті жатыр. Білім беру парадигмасының “педагогикалық ортадан” бала тұлғасына ауысуы жүріп жатыр, онда білім беру қызығушылық пен оқушылардың дамуына негізделеді.
Сонымен қатар кәсіби білімі бар педагогты дайындау да қатар жүруі керек. Олар техника саласында және конструктивті материалдарды өңдеу немесе ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, басқасы үй шаруашылығы бойынша дайындалады. Осылардың қайсысы болса да экономика мен кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздерінен бірдей дайындықта болуы керек.
Жүргізілген сараптамалар нәтижесі келесі негізгі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
1.Кәсіби оқыту сабақтарын жүргізетін педагогты технологиялық оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылады және орта білім алу орындарын бітірген түлектердің бірінші кезектегі еңбекке баулу процесінде алған білімдері мен іскерліктеріне және дағдыларына негілделеді.
2.Студенттерді кәсіби дайындық бойынша арнайы психологиялық-педагогикалық және әдістемелік дайындаудың мазмұны жалпы білім беру мектептерінің оқушыларды еңбекке баулу талаптарына сәйкес келуі керек.
3.Мұғалімдерді технологиялық дайындаудың міндеттері мен мақсаттары мемлекет пен қоғамның еңбекпен тәрбиелеуге деген көзқарасының өзгеруіне байланысты және оның мақсаттары мен мазмұнына байланысты күрделі түрде өзгеріске ұшырады.
Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 3058;