Кәсіпке дайындық бағыттарын таңдаудың жолдары.

Кәсіби оқыту педагогының іскерлігінің негізгі бағыты болашак мамандардың кәсіби білімін теориялық және практикалық жетілдіру болып табылады. Кәсіби оқыту педагогының педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кәсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.

Осы алған білімдер нәтижесінде кәсіптік мектеп жүйесінде экономикалық білім беруді дамыту үшін, келесі салалар бойынша негізгі 4 міндеттобын шешу керек:

1. Өңдеу:

- кәсіптік мектепте экономикалық білім беруді дамытудың концепциясын;

- қазіргі талаптарға сәйкес «Экономика мұғалімі» педагогикалық университеттер мен арнайы «Экономикалық педагогика» университеттерінде мұғалімдерді дайындау және тәжірибелерін жоғарлату үшін оқу бағдарламаларын;

- кәсіптік мектепте экономикалық білім беру бағдарламасы мен жоспарын;

- мұғалімдер мен оқушыларға арналған тұжырымдамаға сәйкес оқу-әдістемелік материалдар жинағын.

2. Жүйелі экономикалық ойларға ие, экономика мұғалімдерін қайта даярлау және квалификацияларын жоғарлату.

3. Енгізу:

- кәсіптік мектепке арналған экономикалық білім беруді дамытудың тұжырымдамасын ;

- аймақтық және жергілікті шаралар өткізуді.

4. Ғылыми зерттеу:

- Қазақстанның дамуы ушін экономикалық білім берудің маңызын;

Қазақстанда оқушыларға экономикалық білім берудің тұжырымдамасын Қ.Ағанина, Е.М.Арын, Н.Ермеков, Т.Ермекова, Ө.Озғанбаев, С.С.Сатыбалдин өңдеген.

Егер педагог жеке тұлғаның құндылықтарын жоғары бағаласа, онда ол шығармашылық іс-әрекеті онсыз жүзеге аспайтын, яғни ол басқа педагогтармен қарым-қатынасы, олармен тығыз байланысын саналы түрде түсінеді. Өзінің әріптестеріне деген қарым-қатынасы кәсіби ынтымақтастығы – кәсіби оқыту педагогының еңбегіндегі өте маңызды, аса қажетті шарттардың бірі болып саналады, ол басқа педагогтармен тығыз байланыста болмаса, онда оның түпкі ойы, ниеті жүзеге аспайды деуге болады.

Осыларға байланысты, тағы да бір тығыз байланыстың бірі – әлеуметтік тәртіпте байқалады. Кәсіби оқыту педагогының іс-әрекеті қоғам өмірінен ажырамайтын бір бөлігі, ал баланың қоғамда толық құқылы мүшесі ретінде өмір сүруі аса қажетті тәрбие міндетттерінің бірі. Сондықтан да, педагог өміріндегі аса маңызды компоненттердің бірі – оның қоғамға деген қарым-қатынасы. Себебі, кез-келген педагог қоғамнан тыс жұмыс істей алмайды. Балалардың алдында педагог азамат жеке қоғамның мүшесі ретінде алға шығады. Осыған байланысты, азаматтық бағыт та балаларды тәрбиелеудегі педагог өмірінде аса қажетті ролдің бірі болып табылады. Азаматтық бағыт педагог ұйымдастырған әртүрлі іс-әрекет этаптарында педагог пен балалардың қарым-қатынасына әсер ететін, әрбір моменттің әлеуметтік мазмұнын қамтамасыз етеді.

Аталған қатардың ішінен ерекше орын алатын, өмірдегі жеке тұлғалық қабілеттігін бейнелейтін – кәсіби оқыту педагогының руханилығы, мұнда адам өміріндегі сұрақтар мен пайда болған мәселелер және олардың шешімін табу, бұл шешімдер өмірдің көріністеріне сәйкес болуы тиіс. Өмірдің барлық сұрақтарына жауап қайтару мүмкін емес, бірақ оны әрбір адам өз өмірінде және әлеуметтік кезеңде өмірдің мәңгі сұрақтарының мәнін түсіну процесі кезінде жасауға болады. Кәсіби оқыту педагогының рухани жұмысы тәрбие процесін тоқырау, мәселелерінен сақтайды және балалармен жұмыс жасауда төменгі деңгейге түсуіне жол бермейді.

Оқушыларда осы кәсіптік біліктілік жүйесі кәсіпкеи практикалық оқыту барысында қалыптасады. Практикалық кәсіби оқытудың негізгі міндеті – біліктілік деңгейінің талаптарына сәйкес оқушыларға іскерлік, дағдылар мен тәжірибесін қалыптастыру керек. Кәсіптің осы біліктілік деңгейіне сай іскерлік пен дағдылар көлемі мен мазмұны оның квалификациялық сипаттамасында жазылады.

Кәсіби қызмет әрекетінің осы сипатын ескере отырып практикалық өндірістік оқыту келесі элементтерден тұрады:

1.Өндірістік процесті жоспарлау тәсілін меңгеру. материал таңдау, тапсырмамен танысу,техникалық құралдармен, еңбек әрекетімен, тапсырма орындау іскерлігі мен дағдысын игеру.

2.Өндірістік процеске дайындық тәсілін меңгеру. Оған жұмыс орнына құралдар, материалдар мен дайындаманы жеткізу, жабдықты жұмысқа дайындау кіреді.

3.Өндірістік процесті жүргізу тәсілін меңгеру. Жұмыс жабдықтарының жұмыс принципіне тиісті қол аспапатармен жұмыс орындай білу іскерлігі мен дағдысын игеру, атқарылатын процестерді тежеу.

4.Өндірістік процесті бақылау тәсілін меңгеру. Өндірістік процестің барысын қадағалау, бақылау, жабдықтың жұмысын қадағалау іскерлігі мен дағдысын игеру.

5.Өндірістік процестерге қызметк өрсетуді меңгеру тәсілдері. Жабдықты, құралдарды, жұмыс орнын жұмыс қалпында ұстауды қамтамасыз ету іскерлігі мен дағдысын игеру.

Жоғарыда келтірілгендер жобамен практикалық оқытудың мазмұнын құрайды. Теориялық оқыту бағдарламаларының жетік жасалуы практикалық дайындығына әсер етеді.

Практикалық оқытуға қатысты осы себептердің әсері үлкен. Өйткені теориялық оқыту белгілі бір шекарада шеберханада мазмұны мен өндірістік оқыту техникасымен тәуелсіз атқарылады.

Негізгі әдебиет: 1-[167-212]; 2–[52-169]; 3–[66-200]; 6–[161-190].

Қосымша әдебиет: 8 –[19-20]; 12 - [27-30].

Бақылау сұрақтары:

1.Кәсіпке баулу оқытушыларының кәсіби педагогикалық даярлау мазмұны қалай болады?

2.Кәсіптік бағдарламаны жүзеге асыру талаптары мен шарттары, оларды дамыту жолдары.

3. Кәсіпке дайындық бағыттарын таңдаудың қандай жолдары бар?








Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2299;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.039 сек.