Нарықтық экономика жағдайында еңбекке және кәсіпке баулу оқытушыларын даярлау.
Кәсіптік мектепте экономикалық білім беру – қазіргі ауылшаруашылық және кәсіпорын өндірісінде экономикалық міндеттерді шешуде белсенді қатысатын оқушылардың экономикалық білім, іскерлік, дағдысының сапалы ерекшелігіне, олардың политехникалық дайындығына, қазіргі өндірістің, техниканың, технологияның ғылыми негіздері бойынша білім деңгейіне байланысты. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру мақсатында берілетін білім. Міне, осы экономикалық білімді қалыптастыру мына факторларға тәуелді: тәрбие мақсаты; мемлекеттің экономикалық саясаты, тарихи кезеңде және болашақта ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндетіне; оқушыға экономикалық білім беру жүйесіне; оқушының жас ерекшелігі мен қызығушылығына, бейімділіктеріне;мектептің бастапқы және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің матералдық базасына педагогтың шеберлігімен экономикалық біліміне; қоғам өмірімен тәрбие процесінің өзара байланысына.
Ал болашақ жоғары білімді маман даярлау, бағыттау іс-шараларында гуманитарлық ғылымдарда қарым-қатынас мәдениетінің ролі терең зерттелмей келеді. Осы негізді жоғарғы оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениеті қалыптасуының арнайы ұйымдастыру-әдістемелік жүйесін жете зерттеу жоғарғы мектеп педагогикасында көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Оқушы жастарға экономикалық білім берудің маңыздылығы мемлекеттік «Білім» бағдарламасында атап көрсетілген. Онда «Бағдарлама балалар мен жастарға экономикалық, экологиялық, құқықтық, азаматтық білім беру жөніндегі қазіргі заманғы оқу бағдарламаларын енгізу арқылы білім берудің мазмұнын жаңартуға жәрдемін тигізеді» делінген. Яғни бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі – оқушы жастарға экономикалық білім беруді жандандыра түсу болып отыр.Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі кездегі кешенді мәселелердің бірі. Сондықтан оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми– техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру керек.
Кәсіптік мектепте экономика дүниежүзілік көзқарастық сипатқа ие болуы қажет, осы кезде оқушыда өмірдің және қоғамның осы жақтарының негізгі заңды өлшемдер түсінігі қалыптасуы тиіс.
Тәуелсіз Қазақстан экономикасын нығайтар жастарды тәрбиелеп, оқытатын кәсіби оқыту педагог мамандарын даярлау деңгейін жоғарылату өте қажет. Олардың біліктілігін арттыратын қарым-қатынас мәдениеті, сонымен қатар патриоттық, рухани жаңғырту тәрбиелеуде тәлімдік маңыз алатын этномәдениет элементтері болашақ маман дайындау оқу әдістемесінде кең мүмкіндіктер береді. Рухани мәдениеті биік, кәсіби іскерлігі, қабілеті мен ақыл-парасаты жоғары, істің негізгі көзін білетін, жан-жақты жетілген мамандарды даярлау бүгінгі күнде өте маңызды мәселелердің бірі бола беретіні анық.
Негізгі әдебиет: 2–[201-260]; 7–[14-18]; 4–[4-55]; 6 – [74-103].
Қосымша әдебиет: 9 –[30-48]; 12 –[48-57].
Бақылау сұрақтары:
1.Мамандықты бітірушілердің қандай біліктілік сипаттамасы болуы керек?
2. Квалификациялық мінездеме.
3.Нарықтық экономика жағдайында еңбекке және кәсіпке баулу оқытушыларына қоғам қандай талаптар қояды?
Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2000;