Кәсіптік қызметтің типтік міндеттері

««Кәсіптік білім беру»» мамандығының түлегі төмендегі тапсырмаларды орындауы қажет:

- терең, икемді және берік кәсіби білімдерін қальштастыру;

- кәсіби шеберлікті қалыптастыру;

- туынды өндіру жұмыстарын экономикалық дәлелдеу және жоспарлау іскерлігін қалыптастыру;

- техникалық ойлау мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту;

- еңбекті ұтымды ұйымдастыру бойьшша білім жүйесін жетілдіру, сәйкес іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

- арнайы, ғылыми-техникалық және анықтамалық әдебиетпен, өндірістік-технологиялық; құжаттамамен өздік жумысын орындау (интернет);

- өз мамандығына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; оқыту үрдісінде енегізілген тәрбиені жүзеге асыру; ұжымдағы қарым-қатынас пен еңбек эстетикасын калыптастыру;

- денсаулықтың физиологиялық дамуы мен нысанына әрекет жасау.

Кәсіби оқыту педагогының кәсіби іскерлігінің мазмұны оның еңбегінің, педагогикалық және инженерлік интегралмен анықталады.

Педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педагогикалық кызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жинактығы. Педагогикалық кабинеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат алады), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере, уйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивті (оқу – тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай , жасай білу), ұйымдастырушылық (шәкірттерін әр-алуан каракет түрлеріне еліктіріп тарта білу, қатысу-шылардың, бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік(баланың ішкі жан-дүниесін ұғына білу, олардың сезімдерінен жай - күйін түсіне білу, импатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекет-тәсіл нәтижелерін болжай білу), суггестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік, иландырушылық ықпалы, нақ айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экстенсивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп, айтып жеткізе білуі, дауыс ырғағы, ым, ишара оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).

Кәсіби қасиеттер мен қабілеттердің даму деңгейі тұрақты, өзгермейтін, әрқашанда бірқалыпты болуы мүмкін емес. Кәсіби іскерлік қасиеттер мен қабілеттер мәселелерін талдау нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады: бүгінгі күнде оларды білім алу арқылы қалыптастыру және кәсіби іскерлік пен дағдыны алуда қосымша, яғни жанама қорытынды ретінде қарау қажет. Тек қана оқыту процесі барысында кәсіби іскерлік қасиеттерді тікелей қалыптастыруға болмайды, олардың бірте-бірте уақытөте келе қалыптасатынын ескерген жөн. Демек, болашақ мамандарды даярлауда тек техникалық мағынада емес, психологиялық және педагогикалық тұрғыдан да зерттеуді қажет етеді.








Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2591;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.