Терминдер сөздігі

Академиялық күнтізбе- демалыс күндерін көрсете (каникул және мереке күндері) отырып ағымдағы оқу жылында оқу бақылау іс-шараларын өткізу күнтізбесі.

Студенттің академиялық рейтингісі – аралық аттестациясы қорытындысы бойынша оқушының оқу бағдарламасы материалдарын меңгерудің сандық көрсеткіші.

Базалық оқу жоспары –жалпы білім беру пәндері, базалық пәндер, кәсіби пәндер сияқты үш блок бойынша арнайы кафедра құрастырған оқу жоспары (білім алудың барлық кезеңіне құрастырылады).

Жеке оқу жоспары –студент таңдайтын курстарды есепке ала отырып базалық оқу жоспары негізінде (әр оқу жылына құрастырылады. 1 жылға жеке оқу жоспарындағы кредит саны 40 тан кем болмау керек.

Кредит –студенттің оқу жұмыс көлемінің жүйелік бірлігі. Бір кредит бір аптадағы бір академиялық сағатқа (50 мин.), академиялық кезең (семестр) бойына 15 -18 апталығы сәйкес келеді. Студенттің бір өзіндік жұмысы екі сағатқа (100 мин) сай келеді.

Оқытудың кредиттік технологиясы –өз бетімен білім алу және шығармашылық білімін шыңдау, оқу үрдісінің регламенті шеңберінде білім траекториясын таңдау және білім алу көлемін кредит түрінде есептеудің индивидуалдықнегізіндебілім беру технологиясы.

Негізгі курстар –әр мамандық бойынша типтік жопарда қамтылған, барлық студенттер оқитын міндеті курстар.

Дипломға қосымша –білім беру курстары бойынша ақпарат беретін және түлектердің таңдаған, сондай-ақ сәтті тапсырған курстары жөнінде жоғары білім туралы дипломға қосымша ретінде берілетін құжат. Дипломға қосымша (дипломдар, дәрежелер, сертификаттар т.б.) академиялық және кәсіби біліктілікті қамтамасыздандырады.

Ортақ балл – таңдау бағдарламасы бойынша студенттің орта салмақтағы баға деңгейінің жетістігі (ағымдағы оқу мерзімі ішінде қамтылған кредиттің жалпы санына пән бойынша алған қорытынды бағаны кредиттердің сандық балама баллына қосу барысында алынған сан - ортақ баллы).

Өздік жұмысы –курс оқытушысынан алған тапсырмалар бойынша студенттің кітапханада компьютерлік сыныпта, медиатекадағы өздік жұмысы.

Типтік оқу жұмысы –әр мамандық бойынша міндетті түрде оқытылатын, семестірлер және бақылау түрлері көрсетілген пәндер тізімін анықтайтын ҚР БҒМ – нің мемілекеттік құжаты.

Бағалар транскриптісі (сынақ кітапшасы) – кредитке ауыстырылған сынақ және баға және тыңдалған курстар маөмұнының тізімін қамтитын құжат.

Емтихандық сессия –2 – 3 апта аралығында теориялық курс аяқталғаннан кейінгі кезең. Бұл кезде студенттер (семестрне 5 емтиханға дейін) емтихан тапсырады.

Эдвайзер –білім алу траекториясында таңдауға және оқу мерзімі кезеңінде білім алу бағдарламасын меңгеруге көмектесетінтәлімгер қызметін атқаратын арнайы кафедра оқытушы.

Элективті курстар –ұсынған тізімнен студенттер таңдай алатын курстар.

Халықтың өмір сүру деңгейі мен өмір сүру әлеуеті көп жағдайда қала тұрғындарының білімі мен мәдениетінің деңгейіне, олардың дүниетанымдық бағдары мен рухани дамуына, қажетті ақпаратты жүйелі түрде алуы мен пайдалануы мүмкіндігінің болуына байланысты анықталады. Осы факторлар қала қоғамдастығының өңірлік, ұлттық және әлемдік прогрессивтік дамудың жалпыадамзаттық процестеріне тартылуының дәрежесін айқындайды. Білім беру барысында қазіргі заманғы қажеттіліктерге жауап беретін ілім-білімге ие болу, ортақ мәдениет және тұрғындар арасында ең көп таралған адамгершілік қасиеттер, аумақтың ақпараттық әлеуеті қаланың рухани және зияткерлік өмірінің сапа өлшемдеріне қызмет етеді. Сондықтан қалада білім беру мен тәрбиенің перспективалық жүйесін қалыптастыру, мәдени және ақпараттық саясат Астананың жалпы стратегиялық орнықты дамуындағы аса маңызды стратегиялық міндеттер болып табылады.

Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы қабылданған.

Қазақстанда халықаралық ұйымдардың қатысуымен осы заманғы ғылыми орталықтар мен “технологиялық парктер” құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үдерісіне қолдау көрсету мен кадрлардың білігін бағдарлаудың икемді жүйесін қалыптастыруымыз керек.

Ғылыми әлеуетті дамыту қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске мейлінше жақындатуға бағытталуға тиіс.

Көш басында жүрген академиялық институттар мен орталықтарды Қазақстанға тарту үшін тиісті алғышарттар жасау қажет. Бұл үшін бізге Қазақстанда халықаралық оқу орындарын бірлесе дамыту үшін “инкубациялық жобалар” үлгісіндегі құралдарды пайдалануымыз керек.

Негізгі әдебиет: 1 – [3-27]; 2 – [6-102]; 3 –[10-16]; 4–[4-19]; 7–[ 9-16].

Қосымша әдебиет: 12 –[9-12]; 13 – [13-27]; 10 – [22-89].

Бақылау сұрақтары:

1. Білім беру институттарының даму тарихына тоқталыңыз.

2.Жоғары оқу орындарына сипаттама беріңіз.

3.Жоғары оқу орындарында оқу үрдісін жоспарлаудың қандай құжаттары бар?

4. Мемлекеттік міндетті білім стандарты.

5.Оқу жоспары нені қамтуы қажет?








Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 3182;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.