Мамандықты бітірушілердің біліктілік сипаттамасы.

Дидактикалык, ғылыми және оқу - әдістемелік әдебиеттерге жасалған талдаулар мұғалім шығармашылығын қалыптастыру, дамыту педагогиканың басты мәселесінің бірі екенін көрсетіп.

Педагогикалық шығармашылық - оқу-тәрбие процесінің үнемі өзгеріп тұратын жағдайында, балалармен карым-катынаста мұғалімнің оңтайлы және ұтымды педагогикалық шешімдер тауып, жүзеге асыруы. Педагогикалық шығармашылық педагогтың терең, әрі жаи-жақты білімдігі, теориялық және әдістемелік қағидаларды педагогикалқ іс-әрекетке ұштастыру шеберлігі, мол тәжірибесі жаңа жағдайда қолдана білетіндігін және педагогикалық кемел шеберлігін көрсетеді.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында үкіметтің ұтымды жұмысы өзара байланысты үш факторға: құрылымдық, стратегиялық және кадрларды даярлау деңгейіне сүйенетіндігін көрсеткен болатын.

Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайына байланысты, яғни нарықтық қатынастарға көшу жолында кәсіби оқыту педагогтарының кәсіби іскерлік қасиеттері мен қабілеттерін қалыптастыру, олардың білім беру жүйесіне әсер етуі, оның сапасын, қажеттілігін, маңызын көтеру мен оларды дамыту және олардың қоғамдағы алатын орны, атқаратын ролі сияқты мәселелердің жағдайы көтерілуде.

5В012000- «Кәсіби оқыту» мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі қызметіне койылатын талаптар:

- ұрпақтан-урпаққа берілетін мәдениеттің трансляциясын камтамасыз ететін әлеуметтік-мәдени тәжірибесінің ерекше сапасы ретінде бұйым туралы біртұтас түсінігі болуы кажет;

- гуманитарлық іскерліктің ерекше саласы ретінде білім саласы туралы біртұтас тусінігіне ие болу; психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының ғылыми негіздерін білу;

Физика, электротехника және радиоэлектроника саласындағы дайындық мақсаты - аталған пәндер бойынша білімнің қалыптасуы және олардың профильдік пәндерге негіз ретінде қолданылуы болып табылады.

Еңбек психологиясы мен психодиагностика бойынша дайындық мақсаты - алынған мәліметтерді оңдеу бойынша және тұлғаның кәсіби қажетті сапаларын диагностикалау әдістерін қолдану мен өңдеу бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру болып табылады.

Сызу және сызба геометрия курсын оқу мақсаты - мамандандыру профилі бойынша конструкторлык-технологиялық құжаттаманы орындау бойынша білімнің калыптасуы болып табылады.

Машинатанудың теориялык негіздері курсының мақсты-машинаның әр түрлі бөлшектері мен машиналардың есен пен өңделуі бойынша білімді калыптастыру болып табылады (теориялык механка, материалдардың кедергісі пәндері бойынша және т. б.)

«Оқу іскерлігінде стандарттау мен лицензиялау» пәнін оқыту максаты-оқу іскерлігін стандарттау мен лицензиялаудың тәртіптері мен принциптері бойынша білімді қалыптастыру болып табылады.

«Салалық материалтану және конструкторлык материалдар технологиясы» пәнін окыту мақсаты - машиналардың дайындамасын алу және өңдеу тәсілдері мен әдістері, материалдарды құруы туралы білімдерді қалыптастыру болып табылады.

«Материалдарды өңдеу технологиясының практикумы» курсын оқыту мақсаты - әр турлі материалдарды ендеу техноло­гиясы бойынша білімдер мен дағдылардың қалыптасуы болып та­былады (металл, ағаш, мата, тері және т.б.)

«Өнеркәсптік өндіріс, еңбек және қоршаған ортаны корғау негіздері» курсын оқыту мақсаты - еңбек және қоршағап ортаны корғаудың өндірісі, әдістері, тәсілдері және ку-ралдарыньщ негізгі турлері бойынша бштмнщ калыптасуы болып табылады.

«Мамандыққа кіріспе» пәнін оқытуда студенттерді болашақ кәсіптік қызмет іскерлігінің түрлерімен, функцияларымен, тапсырмаларымен және мәселелерімен таныстыру мақсаты бар.

Жалпы және кәсіби педагогика бойынша дайындаудің кәсіби оқыту мекемелерінде педагогикалык үрдіс бойынша білімді калыптастыру максаты бар.

Кәсіби педагогикада ғылыми зерттеулер саласында дайын­даудың мақсаты - педагогикалык эксперимент мәліметтерін өңдеу статистикасын ұйымдастыру, жүргізу бойынша біліммен іскерлікті қалыптастыру болып табылады.

Әдістемелік дайындықтың мақсаты – кәсіби және жалпы білім беретін мектептерде сабак жүргізу мен ұйымдастыру бойын­ша біліммен іскерлікті қалыптастыру болып табылады.

«Білім беру жүйесіндегі басқару негіздері» курсы бойынша дайындау мақсаты басқару қызметін іскерлігін ғылыми түрде ұйымдастыру, оқу саласында менеджмент бойынша білімді қа­лыптастыру болып табылады.

Нарықтық экономикаға көшіп, саяси–экономикалық бағыты мүлдем өзгерген яғни әрбір адам өзінің экономикалық жағдайын өзі жасауға мүмкіндік алып отырған қазіргі кезеңде «оқушыларға кәсіптік бағдар мен экономикалық білм беру ісін қалай жүргізуіміз керек?» деген заңды сұрақ туындайды. Бұған жауап: оқушыларға кәсіптік бағдар мен экономикалық тәрбие беру мәселелерін біртұтас қарастырып, яғни жас жеткіншектерді белгілі бір кәсіп түрімен таныстыра отырып, сол кәсіппен айналысу барысында қандай және қалай пайда табуға болатынын ескерту керек, басқаша айтқанда оқушыларды кәсіпкерлікке баулу ісін жүргізген абзал. Ал оны қалай жүргізуге болады дегне мәселеге келсек, бүгінгі таңда оқушыларды кәсіпкерлікке баула ісін оқу процесі барысында жүргізуге мүмкіндік болып отыр.

Осындай кешенді жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде білім берудің мақсаты мынадай міндеттердішешеді:

- оқушыларды экономикалық таңдау жасауға үйрету;

- оқушыларды базалық экономикалық түсініктерді түсінуге үйрету;

- оқушылардың экономикалық маңызды қасиеттерін және іскерліктерін дамыту;

- оқушыларды қазақстан қоғамы және тұтас дүниежүзілік бірлестіктегі экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру;

- оқушыда экономикалық білім және кәсіпкерлік дағды қалыптастыру;

- өзі және өзінің отбасы үшін еңбек етіп, өмір сүретін, сол арқылы қоғамға пайда келтіретін азамат етіп тәрбиелеу;

- еңбекті сүюге тарту, қоғамның экономикалық белсенді мүшесі және өз Отанының патриоты болуға көмектесу;

- кәсіпкерлік дағдысын тәрбиелеу, кәсіпкерліктегі жалпы адамзаттық құндылыққа бағдар беруді жүргізу, болашақ кәсіпкерлердің жалпы мәдениеті мен шығармашылықынталығын дамыту;

- қоршаған ортаға материалдық құндылықтарға, еңбек заттарына саналы көзқарас қалыптастыру;

- уақытты тиімді пайдалану және оны үнемдей білу дағдыларын оқушы бойына сіңіру;

- оқушыларды Қазақстанда және халықаралық аймақта жүргізілетін экономикалық заңдылықтардың негізгі ұстанымдарымен, еңбек, отбасы, әкімшілік, салық кодекстерімен таныстыру және тағы басқа.








Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2736;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.