Жоғары оқу орындарында оқу үрдісін ұйымдастыру.

Оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері

Оқытушы-профессорлық құрам және студенттер мобильдігін қамтамасыздандыру, ұлттық білім беру бағдарламасын халықаралық деңгейде мойындау мақсатымен Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне кредиттік технология енгізіледі.

Кредиттік технологияның негізгі айырым белгілері:

· оқу жоспары бойынша пәндерді таңдауда студенттерге үлкен еркіндік беру;

· әр студенттің өзіндік оқу жоспарын құруда қатысуы;

· сынақ бірліктерін – кредит жүйесіне енгізу.

Оқыту бағдарламасы

1. Оқу үрдісінде студенттер екі топ пәндерді оқиды:

· белгілі бір семестрде міндетті оқытылатын пәндер тобы (Қазақстан тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шет тілі, экология, информатика, әлеуметтану, саясаттану, экономика теориясының негіздері, құқық теориясы);

· студенттің өз таңдауы бойынша оқытылатын пәндер тобы;

· тәжірибенің барлық түрлері және дене шынықтыру қосымша білім беру шеңберінде жүзеге асырылады және кредиттің жалпы санына қосылмайды.

2.Бакалавриат бойынша білім алуды аяқтау барысында студент алатын теориялық білім 128 кредиттан кем болмауы қажет, оның ішінде 86 кредитке дейін міндетті компонент пәндері, ал қалғаны таңдау компоненттері бойынша болуы міндетті.

3.Оқу пәндері көлемі (аптасына 1, 2, 3, 4) кредиттің тұтас санын құрайды. Әр пән бір семестр бойы оқытылады және емтиханмен аяқталады.

4.Бір семестр бойында күндізгі бөлім студенті 8-16 кредит жинауы қажет. Семестірдің оқу жоспарын орындамаған студент деканның ұсынысы бойынша ректор бұйрығымен оқудан шығарылады.

5.Әр оқу жылына студент үшін жеке оқу жоспары құрастырлады және оны факультет деканы бекітеді, содан кейін студентте және деканатта сақталады.

6.Оқу үрдісі мынадай формаларды жүргізіледі: Аудиториялық сабақ: дәріс, тәжірибешілік сабақ (семинарлар, коллоквиумдар), практикумдар (лабораториялық жұмыстар)Аудиторияда тыс сабақ: жеке кеңес, медиатекадағы сабақ, өздік жұмысы.

7.Білімдерің тексеру мынандай формада жүреді:

· аралық атесттатия (бақылау жұмыстары, сала бойынша тестер, курс жұмыстары бойынша есеп, практикумдарды қорғау);

· ағымдағы аттестация (пән бойынша қорытынды аттестация, жазбаша және ауызша емтихан);

· қорытынды аттестация (бітіру жұмыстарын қорғау, пән аралық емтихан);

· оқу тәжрибесін жүргізу

8. Факультет деканаты оқу үрдісін келесі тұрғыда ұйымдастырады: 1 курс студенті факультет деканатынан оқу жоспарын алады және сол оқу жоспарына (декан және эдвайзермен кеңескеннен соң) 10 қыркүйекке дейін өзіндік түзетулер енгізе алады. Содан кейін жеке оқу жоспарына жыл бойында басқадай өзгерту енгізуге болмайды. Екінші және жоғарғы курс студентері келесі оқу жылына өз жеке оқу жоспарын құрастырады, оған қол қояды, құрастырылған күнін жазады және 20 маусымнан 5 шілдеге дейінгі аралықта деканатқа өткізеді. Оқу жылының 10 қыркүйегіне дейінгі мерзімде студент (жалпы кредит санынан 10 пайыздан артық емес) оқу жоспарына өзгеріс енгізе алады, ондай жағдайда деканатқа өзгеріс енгізгені туралы жазбаша талап хат беріледі.

9.Оқу бөлімімен бірге отырып факультет деканаты таңдау пәнін енгізу үшін әр пән бойынша ең төменгі мөлшерде студенттер тағайындайды. 5 шілдеге дейінгі мерзімде берілген пәнге жоспарланған студент санынан кем студенттер жазылса, ол пән жұмыс жоспарына енгізілмейді. Ол туралы деканат ақпараттық қабырға газетінде хабарландыру жазады, сондықтан бұл пәнге жазылған студенттер 10 қыркүйекке дейін жеке жоспарларына өзгеріс енгізу туралы деканатқа талапхат береді.

10.Егер келесі курсқа ауыстырылған студент тиісті мерзім ішінде деканатқа өз жеке оқу жоспарын тапсырмаса, деканат оны оқытуда типтік оқу жоспарын негізге алады.

Студенттердің білімін бақылау жүйесі, үлгерімі мен академиялық рейтингісі

1.Студенттің әр пәнді меңгеруін бақылау аралық және ағымдық аттестацияны ескере отырып рейтинг-баллдық жүйе шеңберінде жүргізіледі.

2.Ағымдық аттестация нәтижесі бойынша студентке:

· Пәнді меңгеруде еңбексіңімділігін сипаттайтын жалпы кредит-бірлігі (1, 2, 3, 4) бойынша сынақ қойылады;

· Студенттің меңгерген білімінің сапасын сипаттайтын дифференциалды баға қойылады.

3. Курстан курсқа көшіруге деканат әр курсқа өтілім баллын ( ) бекітеді және ағымдағы оқу мерзімі ішінде қамтылған кредиттің жалпы санына пән бойынша алған қорытынды бағаны кредиттердің сандық балама баллына қосу барысында алынған сан - ( ) ортақ баллына сүйенеді.

4.Әр курс бойынша аралық бақылау қорытындысы бойынша деканат студенттің академиялық рейтингісін құрастырады. Жоғары рейтинг студентке жеңілдіктер (төлем ақы бойынша, жеңілдік жұмысқа орналасуда, магистратура және аспирантурада оқуда және т.б.) алуға мүмкіндік береді.

5.Студент деканаттан және пәнді жүргізуші оқытушыдан өзінің академиялық рейтингісі туралы дәйекті мәлімет деректер ала алады.

6.Егер мемлекеттік грант немесе білім беру кредиті бойынша оқитын студент тиісті кредит саның жинай алмаса, онда сол курсты төлем ақы негізінде қайтадан оқуға құқысы бар. Мұндай жағдайды өз қаражатымен оқитын студенттерде пайдалана алады.

7.Өзінің қалауы бойынша және факультет деканының келісімі бойынша студент сол курсқа қайтадан оқуға кіруге рұқсат ала алады. Ондай жағдайда ол жеке жоспары бойынша қажетті кредит мөлшерін «жинай алады».

8.Студент өзінің жылдық жоспарын 40 – тан кем кредит санымен қалыптастыра алады (және алуға құқысы бар). Мұндай жағдайда ол өзінің оқуын оқу мерзімін ұзартады. Жеке жоспар факультет деканымен бекітіледі.








Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 4577;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.