Курстың тақырыптық жоспары
«Мамандыққа кіріспе» пәнін оқып-үйрену міндетті дәрістік (1 кредит) және студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ және СОӨЖ) тұрады. Мұндай комплексті сабақтар курсты меңгеруді қамтамасыз етеді және студенттердің мамандыққа қатысты алғашқы білім алуына көмектеседі.
Пәннің тақырыптық жоспары тақырыптардың атауымен және білімнің барлық түрінің (тақырыптары бойынша) академиялық сағаттарының саны 5 кестеде көрсетілген.
Дәріс сабақтарының конспектілері
ДӘРІС. Кіріспе. Жоғары оқу орындарында болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін қазіргі жағдайда даярлаудың ерекшеліктері.
Педагогика – тәрбиелеуші, жетекші - жеке адамды тәрбиелеп қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие, білім беру туралы ғылым саласы. Педагогиканың негізгі категориялары - жеке адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру, білім беру, оқыту. Педагогиканың оқу-тәрбие жүйесінің салаларын зерттейтін бірнеше дербес атаулары бар. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, принциптері мен әдіс-тәсілдерін карастырумен окытуды дидактикалық теориясы айналысады.
Мемлекетімізде бұл мәселе «Қазақстанның 2030 жылдарға дейінгі дамуының президенттік стратегиясында» және «Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында» ерекше айтылып көрсетілген. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізудің бір жолы әлемнің алдыңғы елдерінде қалыптасқан білім берудің мол тәжірибесін зерттеу арқылы ұтымды жақтарын алу болды. Сол ұтымды жақтардың бірі - оқытудың кредиттік жүйеге көшуі.
Лиссабон конференциясының «Еуропа аймағында жоғары білім мамандықтарын мойындау туралы» шешімін Қазақстан Республикасының қабылдауы республика жоғары оқу орындарының студенттеріне басқа елдердің оқу орындарында оқуларын жалғастыруға немесе бітіріп шығуларына мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қатар республика оқу орындарының кредиттік оқыту жүйесіне көшуі жастардың өзіндік білім деңгейлерін көтерулеріне және өз беттерімен білім алуларына, оқу орындарын таңдауларына және білім көлемдерін кредит түрінде есепке алуларына әсерін тигізуде. Осыған байланысты XXI ғасырдың өзекті талабы халықаралық өзара қарым-қатынас құралы болып саналатын шетел тілдерін еркін меңгеру. Шетел тілдерін оқу, үйрену бүкіл дүниежүзілік нарыққа шығу, бүкіл дүниежүзілік мәдениетке араласу мақсатында әрбір тұлға үшін маңызды және болашақта адамдар шетел тілін өздерінің кәсіби іс-әрекеттерінде батыл қолданатын болады.
Көп жылдар бойы білімді кәсіптік білімнің негізгі көрсеткіші деп бағалау теория мен тәжірибе жұмысы дайындығы арасындағы табиғи байланысқа мән берілмеуіне, мамандарды кәсіпке дайындауда білім қорының жеткілікті болмауына әкеліп, кейбір студенттердің оқуға, одан кейін болашақ кәсібіне деген біліктілігінің төмендеуіне әсерін тигізді. Жоғары мектептің білім беру барысындағы осы мәселені шешу жолының бірі - студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қайта бағдарлау арқылы оларды таңдаған кәсібі саласында өз білімдерін, іс-тәжірибелерін, мақсаттарын толықтай жүзеге асыруға тұлғалық құлшыныстарын ынталандыру. Кәсіби біліктілік - ол маманның таңдаған кәсібі алдындағы талаптарды, міндеттерді және оған сәйкес көзқарастарды, пікірлерді, нұсқауларды барынша қабылдау деген сөз.
Еліміздің болашағы бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақты іскер де тапқыр етіп тәрбиелеу мектеп пен қоғам алдында тұрған міндет.
Н.Ә. Назарбаев “Қазақстанның болашағы – бүгінгі жас ұрпақтар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол дегейде болады”, - дейді мұғалімдерге. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына оның іс-тәрбиесінің қалыптасын шыңдалуына байланысты.
Мұғалім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушысы маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұмтылдырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптастыруында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Өнер – білім халқының сауаттылығы қай елдің болсын баға жетпес байлығы. Халықтың рухани-мәдени дәрежесін көтеру, жаңа өзгеріс, жаңа технологияны пайдаланып, жастарды білімге, биік адамгершілікке баулу - әрбір педагогтың басты міндеті.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында ”мектеп оқушылары бойында адамгершілік қасиет және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қабілетін айқындау, сонымен қатар Қазақстанның білім беру жүйесінің үлгісін дамытуға жағдай жасау туралы баса айтылған. Заңда халқытң барлығы бірдей білім алу мүмкіндігі, әлеуметтік көмекке қажет етітіндердің отбасыларға, балаларға жеңілдіктер де қарастырады. Ауыл балалары үшін мемлекеттің олардың орта білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында шағын мектептер мен интернаттар жұмыс жасайды. Бұл азаматтардың тегін орта білім алуға деген конституциялық құқығын пайдалануға мүмкіндік береді.
Отандық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерімен кездесуде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев олардың сұрақтарына жауап бере отырып: «Біз экономиканы өрлетуді бастаған қазіргі шақта әлеуметтік саламен шындап айналысатын кез келді. Шешім күткен мэселелердің қордаланып калғаны да осы жерорта жэне жоғарғы білім берудегі реформаларды жеріне жеткізу керек» - деп атап көрсеткен еді.
Білім беру жуйесін реформалау мен дамыту мәселелерімен айналысып жүрген ғалым ретінде ел ішінде басталған жаңа процестер, әлемдік тенденциялар туралы қарастырайық.
1993 жылы тұңғыш рет ғалымдардан, білім жүйесі басшылары мен тәжірибелі мамандардан құралған үлкен топ «Білім беруді қолдаудың Ұлттық мемлекеттік бағдарламасының» жобасын, ал 1996 жылы «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» жобасын жасады.
2000 жылы ҚР Президенттің Жарлығымен 2005 жылға дейін кезеңде білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын «Білім» атты Мемлекеттік бағдарлама бекітілді.
Соңғы он жылдықтағыдай адамзат тарихында ешқашан қарқынды даму болған емес. Бұл қарышты даму коғамның барлық саласын камтыды. Ғаламдану процесі әлеуметтік, мәдени және экономикалык шекараларды жоя бастады. Бұл процестердің енуі мультипликациялы (үрдісті даму) әсер туғызуда. Идеялардың ойлау жуйесінің өмір сүру тәсілдерінің алмасу карқыны білімнің қоғамдағы орны мен ролінің де унемі асуына өз әсерін тигізіп отыр. ЮНЕСКО XXI ғасырда білім саласында Дүниежүзінің деңгейде бірлікте өмір сүруге үйрену, білімді меңгеру; еңбек етуге уйрену, өмір сүруге үйрену секілді білім құндылығының негізгі карайтын төрт түрлі мәселеге ерекше көңіл бөлді.
Қазіргі уақытта әртүрлі ғылыми пәндерде қарым-қатынас феномені белсенді зерттеліп келеді. Адамзат қарым-қатынасының табиғатын анықтайтын көптеген философиялық және психологиялық еңбектер жазылды. Осы мәселемен айналысып жүрген ғалымдар әр түрлі теориялық бағытты ұстай отырып, қарым-қатынас феноменін классификациялап, анықтап және заңдылықтарын ашып көрсетті.
Ал болашақ жоғары білімді маман даярлау, бағыттау іс-шараларында гуманитарлық ғылымдарда қарым-қатынас мәдениетінің ролі терең зерттелмей келеді. Осы негізді жоғарғы оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениеті қалыптасуының арнайы ұйымдастыру-әдістемелік жүйесін жете зерттеу жоғарғы мектеп педагогикасында көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Әр мемлекет, әр халық басқа мемлекеттер мен халыктардың олардың тарихы, дәстурлері мен ойлау жуйесі туралы білімдерді дамыта отырып, олармен бірлікте өмір суруге уйренуі кажет. Осыған сүйене келе өзара тәуелдіктің өсу қажеттігін сезіну нәтижесі ғана бізді болашақта күтіп тұрған түрлі кауіп-қатерлерді бірге талдап, бірлесе тойтаруға, әрқилы қиыншылықтарды ақылдаса отырып бейбіт түрде шешім жасауға әрі бірлескен жобаларды жузеге асыруға мүмкіндік береді.
Ал болашақ жоғары білімді маман даярлау, бағыттау іс-шараларында гуманитарлық ғылымдарда қарым-қатынас мәдениетінің ролі терең зерттелмей келеді. Осы негізді жоғарғы оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениеті қалыптасуының арнайы ұйымдастыру-әдістемелік жүйесін жете зерттеу жоғарғы мектеп педагогикасында көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Тұлғаның қарым-қатынас мәдениеті жан дүниесінің дами беруіне, жігерлік пен табандылықтың сипат алуы, өндірісте міндеттерді, алдына қойған мақсатты шешуде жинақтылық көрсетер психикалық қызмет деңгейіне көтереді. Өндірістік мәселелерді шешу практикада танымдық қызмет жасайтын, ойлау дүниесінде қозғаушы күш туындатарлық ықпал жасайды.
Негізгі әдебиет: 1 – [3-27]; 2 – [4-96]; 3 –[10-16]; 4–[4-19]; 7–[ 9-16].
Қосымша әдебиет: 11 –[9-12]; 12 – [13-27].
Бақылау сұрақтары:
1. Жоғары оқу орындарында болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін қазіргі жағдайда даярлаудың қандай ерекшеліктері бар?
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының мәні.
Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2157;