Филипп Б. Кросбидің сапаны көтеру бойынша 14 сатылы жоспары
1. Сапа идеясына басшылықтың ұстамдылығын нақты анықтаңыз.
2. Ұйымның барлық мүшелеріне сапа туралы ақпарат беру үшін сапаны жақсарту жұмыстары бойынша командаларды пайдалану.
3. Сапаны өлшеңіз және сапа жөніндегі ағымдық және потенциалды мәселелерді ашыңыз.
4. Сапа құнын есептеңіз.
5. Жұмыскерлерге сапасыз жұмыс қанша тұратындығын айтыңыз.
6. Түзетуші әрекеттерді орындаңыз.
7. Нөлдік ақау бағдарламасымен жұмыс істейтін арнайы комитет құрыңыз.
8. Нөлдік ақау бағдарламасын енгізетін персоналдарды оқытыңыз.
9. Мекемеде бұл бағдарламаға жаңаша қарайтын фактіні көрсететін және бағдарламаны түсіндіретін «нөлдік ақау күнін» өткізіңіз.
10. Жақсартылған сапаға бағытталған мақсаттарды орнататын персоналды бекітіңіз және қолдаңыз.
11. Ақаусыз жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін мәселелер туралы жұмыскерлерге түсіндіріңіз.
12. Қойылған мақсаттарға жетіп, жұмысын өте жақсы орындаған қызметкерлерге алғыс білдіріңіз.
13. Бір-бірімен тұрақты хабарласып тұратын командалар басшылары мен профессионалдардан тұратын сапа кеңестерін ұйымдастырыңыз.
14. Бұл әрекеттерді берілген бағдарлама аяқталғанға дейін қайталаңыз.
Осы принциптерді бірлестіре отырып, американдық ғалымдар Джон Рэббит пен Питер Бергх оларды жеті сапа факторларына біріктірді:
1. Тұтынушыға назар аудару;
2. Процеске және оның нәтижелеріне назар аудару;
3. Жұмысқа қатысу мен нәтижеге жауапкершілікті басқару;
4. Барлық процестердің үздіксіз жақсаруы;
5. Жұмыскерлерге байланысты туындайтын проблемалар кәсіпорынның барлық проблемаларының 20%-нан аспауы тиіс;
6. Барлық сатыдағы сапалы метрологиялық бақылау;
7. Сапаны жақсарту бойынша тұрақты әрекет ететін өтпелі функционалдық кеңестер.
TQM жүйесі. TQM – бұл бір ғана бағдарлама емес, бизнесті жүргізу тәсілі. Оны енгізу мекеменің барлық қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілетін үлкен ұзақ жұмысты талап етеді.
9000 сериялы ИСО стандарттарына сәйкестікке берілетін сапа жүйесінің сертификаттау тұтынушының мекемемен серіктестік қатынас жасау мүмкіндігі негізінде тек минималды талаптарға сәйкестігі туралы ғана куәландырады. Тәжірибе көрсеткендей, табысты жұмыс үшін бір ғана сапа жүйесінің сертификаттау жеткіліксіз, ұзақ мерзімді табысқа жету үшін TQM әдістері мен принциптеріне негізделе отырып, бұл жүйені құрастыру және дамыту қажет.
TQM принциптеріне сәйкес басқару жүйесін даярлауға мекеме қызметкерлерінің көп бөлігі тартылады. Ал жүйені толығымен жүзеге асыру заманауи технологияны (басқарушылық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және т.б.) пайдалану арқылы жүргізіледі. Бұл процесс ұйымның барлық әрекетін қайта құруды, барлық құрылымдық бөлімшелердің сәйкес жұмыс істеуін, сондай-ақ енгізу мен реттеудің ұзақ уақыттық кезеңін талап етеді.
Тәжірибеде көрсеткендей, TQM әдістемесін біліктілікті пайдалану мыналарды қамтамасыз етеді:
1. Клиенттердің өнім мен қызметке қанағаттану деңгейін көтеру. TQM шарттарында барлық клиенттерді қанағаттандыру, сондай-ақ олардың күткен нәтижелері мен сұраныстарын ескеру бойынша қосымша жұмыстар жүргізу міндетті болып табылады.
2. Фирманың имиджі мен репутациясын жақсарту.
3. Еңбек өндірістілігін арттыру. Қызметкерлер TQM енгізуі бойынша серіктес болғаннан кейін ол автоматты түрде жүргізіледі.
4. Пайданы көбейту.
5. Өнім мен қызметтің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
6. Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын, сондай-ақ ресурстардың барлық түрін рационалды пайдалануды қамтамасыз ету.
7. Басқарушылық әрекеттердің сапасын арттыру.
8. Техника мен технологияда жаңа жетістіктерге қол жеткізу.
Принциптер. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО-да TQM–ның негізгі принциптері қолданылған (мысалы, жүйелік басқару, жетекшілердің рөлі, фактілерге негізделген шешімдер қабылдау, жұмысшыларды тарту). Сапаны басқару әдістерін дайындау мен дамыту бойынша кәсіпорынның мақсаттары 50-жылдары туындай бастаған. Бұл АӨД (ақаусыз өнім дайындау) жұмыстарын алғаш жүйеге келтірген Саратов машина жасаушылары. Содан кейін оның өзгертілген львовтық түрлері АЕЖ (ақаусыз еңбек жүйесі) жарық көрді, КАНАРСПИ (сапа, сенімділік, бірінші ұсыныстан кейінгі ресурс) горькийлік жүйесі, ярославльдік жүйесі НОРМ (моторесурсты көтеру бойынша жұмыстардың ғылыми ұйымы), КС УКП (өнім сапасын кешенді басқару жүйесі) құрылды. КС УКП КСРО Мемстандартының ҒЗИ жүйесімен бірге ярославтік кәсіпорынның жанында, ғылыми-тәжірибелік эксперимент нәтижесінде құрылған жүйе. Бұл жүйе бұрынғы КСРО-дағы өнеркәсіптердің көптеген салаларында сапаны басқарудың базасына айналды.
Егер мекеме бірыңғай жүйе ретінде қарастырылса, онда менеджменттің бүкіл жүйесі жақсы жұмыс істейтіні дәлелденген. Бұл жағдайда іс-әрекеттің әсерлілігін жоғарылату үшін және процестерді оптимизациялау үшін TQM-нің негізгі принциптерін орындау қажет.
Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 2648;