Гиперсілтеме бойынша ауысу
Форматтау тәсілдерін меңгеру үшін Блокнот және Іnternet Explorer программаларынан өзге Интернеттен немесе кітаптардан сканер арқылы көшіріліп алынған суреттік файлдар: жан-жануарлар (мысық, ит) суреттері – cat01.jpg, cat02.jpg, dog01.jpg, dog02.jpg, dog03.jpg, Қазақстан елтаңбасы (гербі ) – gerbRK.gif мен туы – znamjaRK.gif болуы тиіс. Уақытты үнемдеу мақсатында суреттерге, басқа файлдарға гиперсілтемелер арқылы көшуді ұйымдастыру арқылы алдын ала дайындалған программалық мәтіндер де форматтау тәсілдерін меңгеруді жеңілдетеді.
1. Гиперсілтемелерді құрған кезде HREF=”...” атрибуты міндетті түрде қажет. Оның мәні сол сілтеме көрсетіп тұрған файл атынан немесе оның Интернеттегі URL-адресінен тұрады. Сілтеме мәтін  мен  тәгтерінің арасына орналасады. Сілтеме сөз броузерде бейнеленген кезде көбінесе оның асты сызылып, көк түспен бейнеленеді. Сол сілтеме сөздің үстіне курсорды қойып тышқанды шерту көрсетілген файлға немесе желі бойындағы URL-адреске көшуді қамтамасыз етеді. Гипермәтіндік сілтемелер адрестен өзге кез келген файлды немесе адреске сәйкес Web-парақты (немесе Web-тораптағы кез келген файлды) көрсетуі мүмкін. Мысалы, мына жол:
экранға көк түспен боялған файл сөзін бейнелейді, сол сөзді тышқанмен шерту Менің құжаттарым (оны көрсетпесек, ағымдағы) бумасы ішіндегі CEPІK.HTM файлына көшу әрекетін орындайды. Одан қайтып оралу үшін броузер аспаптар тақтасының КЕРІ ҚАРАЙ (НАЗАД) батырмасын шерту керек немесе тағы гиперсілтеме құру керек. Төмендегі жол:
ит
экранға ит сөзін шығарады, оны шерту ағымдағы бумадағы сурет салынған dog.jpg файлына көшу ісін атқарады.
Егер сілтеме көрсетіп тұрған Web-парақ басқа бір Web-торапта орналасқан болса, онда HREF= ... атрибуты мәні ретінде сол құжаттың толық URL-адресі пайдаланылады, оның ішіне хаттаманың атауы мен Web-тораптың адресі де кіреді. Осындай сілтемелер сыртқы сілтеме деп аталады. Мысалы, мынадай жол:
Mіcrosoft
экранға Mіcrosoftсөзін шығарып, оны шерту Интернет желісіндегі Mіcrosoft компаниясының web-парағының алғашқы бетіне көшуді қамтамасыз етеді. Егер сілтеме сол Web-тораптың басқа парағын көрсететін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолын беруге болады. Мұндайда ішкі сілтеме құрылады. Ішкі сілтемелерді пайдаланған қолайлырақ, себебі Web-торапты басқа серверге ауыстырған кезде, жеке құжаттар адресіне өзгеріс енгізу талап етілмейді.
2. Гиперсілтеме ретінде сөз тіркесін ғана емес, суреттерді де пайдалануға болады. Суреттер мәтін сияқты сілтеме бола алады. Бұл үшін <ІMG ...> тәгі сілтемелерді анықтайтын  және  тәгтерінің ортасында тұруы тиіс. Суреттік сілтеме көк түсті қоршаудың ішіне орналастырылады. Осындай суретке курсорды алып барсақ, ол курсорды сілтеме мәтінге бағыттаған кездегідей түрге келеді. Осы тәсіл арқылы Web-парақтарда олардың бірінен біріне ауысудың графикалық батырмалары жасалады. Мысалы:
<ІMG SRC="dog.gіf">
жолында <ІMG SRC="dog.gіf">тіркесі гиперсілтеме ретінде кішкене ит суретін береді де, оны шерту иттер туралы мәлімет беретін dog.htm файлына ауыстырады (ІMGтуралы кейінірек айтылған).
3. Егер файл басы емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын ала анкер (белгіленген сөз) орнатамыз. Сонда гипермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орынды көрсетуі мүмкін. Анкер құруда да  және  тәгтері қолданылады, бірақ мұндайда HREF= ”#....” атрибутына қосымша NAME= ”...” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс (қазақ) әріптерін де ала береді. Мысалы:
ААА анкеріне көшу
Көшу орындалды
жолдары 2.htm файлындағы ААА сөзіне көшіреді. Ал егер көріп отырған мәтін ішіндегі басқа бір 1.1 тіркесіне көшу үшін:
1.1 анкеріне көшу
қатарларын жазу қажет.
Ескерту. Орнатылған анкерге сілтеме жасау үшін, URL адресінен кейін # таңбасымен бөлінген анкер атауы көрсетілуі керек. Бір құжат ішіндегі анкер алдына адрес жазылмайды. Мысалы (3-1 мысал):
3-1 мысал
3.1-ге көшу
1.1. Бірінші абзац
Егер файл басы емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын ала анкер орнатамыз. Сонда гипермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орынды көрсетуі мүмкін.
2.1. Екінші абзац
Егер сілтеме сол Web-тораптың басқа парағын көрсететін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолын беруге болады. Мұндайда ішкі сілтеме құрылады.
3.1. Үшінші абзац
Мұндайда HREF= ”#....” атрибутына қосымша NAME= ”...” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс, қазақ әріптерін де ала береді.
Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 3445;