ДӘРІС. Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие және оқу үрдістерін ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бiлiм беру саласындағы бюджет саясаты көп деңгейлi үздiксiз бiлiм берудің әлемдiк білiм беру кеңiстiгiне бiрiктiрiлген әрi тұлға мен қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратын ұлттық моделiн қалыптастыруға, сондай-aқ ғылым мен өндірісті біріктіруге бағытталады.
Осы мақсаттарда аталған бағыттағы негізгі стратегиялық мiндеттердi көздейтін білім берудi дамытудың 2015 жылға дейiнгі мемлекеттiк бағдарлама әзiрленуде.
Mәселен, орта мерзiмдi кезеңде жоғары сатыдағы оқушыларды кәсiптiк оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Білім беру ұйымдарында оқитындардың бiлiм сапасын жоғарылату мақсатында 2004 жылы білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрамдастарының бiрi - ЖОО-ға қабылдау емтихандарымен бiрiктiрiлген оқып жатқандарды қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысаны ретiнде ұлттық бiрыңғай тестілеудi құру жөнiндегi жұмыс басталды. Бұл iс-шараны енгiзу білім беру санасын объективті бағалау әрi жоғары және орта кәсіптiк бiлiмге қол жетімділіктің әлеуметтік әдiлдiгi үшін бiрыңғай өлшеу материалдарының көмегiмен бiлiм беру сапасын мемлекеттiк бақылауды және басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру жақсармайынша, бiлiм сапасын жоғарылату мен оны әлемдiк ақпараттық бiлiм беру кеңiстiгiне бiрiктiру мүмкiн емес.
Қазіргі уақытта мемлекеттiк деңгейдегі ақпараттандыру бiлiм берудiң тек бір деңгейін - орта бiлiм берудi ғана қамтыған. Осы уақытқа дейiн мектепке дейінгі тәрбие мен бiлiм беруде, жоғары кәсiптік және ЖОО-дан кейiн кәсіптiк білім беруде ақпараттандыру бойынша мақсатты жұмыс жүргiзiлген емес, оқыту процесінде қолданылатын ақпараттық технологиялардың мониторингi жүзеге асырылмаған.
Бастауыш және орта кәсіптiк бiлiм беретiн оқу орындары жүйесiн ақпараттандыру бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде компьютерлік техникамен қамтамасыз етiлу республика бойынша орта есеппен бiр компьютерге 64 оқушыны құрады және ТМД елдерi арасында eң жоғарғы көрсеткiш болып табылады.
Компьютерлендiрумен қатар мектептердi "Интернет" ғаламдық жүйесiне кезең-кезеңмен қосу процесi жүзеге асырылды. Бүгiнгi күнi 3495 мектеп немесе жалпы мектептер санының 44%-ы Интернетке қосылды, мұның 2208-i ауылдық мектеп болып табылады.
Алайда, ауыл оқушыларының сапалы бiлiм алудағы бастапқы мүмкiндiктерiн теңестiру үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдерi 2004 жылы телефондандыру жүргiзеді және 2971 мектептiң Интернетке қосылуын қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауына сәйкес 2005 жылы 75%-дан кем емес мектептердi Интернетке қосу қамтамасыз етіледi. 2005 жылы жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердi Интернет желiсiне қосуға және оның трафигін төлеуге 0,5 млрд. теңге сомасында қаражат көзделедi.
2008-2010 жылдары барлық деңгейдегі бiлiм беру стандарттары қайта әзiрленедi, ғылыми-педагогикалық және педагог кадрлардың жаңа буынын даярлау басталады, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi жаңарту процесi жалғасады, менеджмент пен сапаны бақылау жүйесi енгізiледi, бҮкiл бiлiм беру жүйесiн одан әрi демократияландыру жүзеге асырылады.
Осы жылдары бiлiм берудiң әлемдiк стандарттарының талаптарына сәйкес келетiн, бiлiм сапасын кешендi емтихандар арқылы бағалауға, оқушылар мен бiлiм беру ұйымдарының даму серпiнiн байқау үшiн бiлiм сапасының мониторингiн жүзеге асыруға, түйiндi құрамдауыштары оқушылардың оқу жетiстiктерi болып табылатын бiлiм сапасын үнемi байқаудың кешендi жүйесiн құруға мүмкiндiк беретiн барлық деңгейдегi бiлiм беру сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесi енгізiледi.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беруде Қазақстанның Болон процесiне қосылуы және кадрлар даярлаудың (бакалавриат - магистратура - докторантура) тұтас жүйесiне толық көшу, аспирантурадан, дәстүрлi докторантурадан кезең-кезеңмен бас тарту, тиiстi халықаралық аккредитациясы бар шетелдiк алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен бiрге алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары базасында РhD даярлау бағдарламасын ашу жүргізiледi.
Жалпы білiм беретін және кәсiптiк мектептердiң, бiлiм беру жүйесiнiң қызметкерлерiн қайта даярлаудың республикалық және өңiрлiк институттарының материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңмен жаңартуды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік бюджеттен 4,1 млрд. теңге бөлу ұйғарылып отыр. Осыған байланысты, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдерi мектептердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған өңiрлiк бағдарламаларды қабылдауы тиiс.
Қалалар мен облыс орталықтарында аса маңызды бiлiм беру объектiлерiн салуға 2005-2007 жылдары республикалық бюджеттен жыл сайын 2,5 млрд. теңге бөлу ұйғарылып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғаған.
Білім беру саласыныңбасты міндеті – 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.
Ол құжаттарда бірінші, білім және ғылым министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын делінген.
Министрлік басшылары жоғары оқу орындарының құрылтайшыларымен оңтайландыруға байланысты бірнеше мәжілістер мен кездесулер өткізді. Және оқу орындарын жабу, біріктіру немесе қосу, студенттерді оқытуды әрі қарай жалғастыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2737;