Пәннің мақсаты мен міндеттері
Қазіргі заманғы бакалавр кәсіптік оқыту мамандықтарына толық жалпы көлемді мамндыққа қатысты мағлұмат беретін білім керек. Ал осы білімнің негізгі теориялық базасын «Мамандыққа кіріспе» курсы беруі керек. «Мамандыққа кіріспе» пәнін оқытуда студенттерді болашақ кәсіптік қызмет іскерлігінің түрлерімен, функцияларымен, тапсырмаларымен және мәселелерімен таныстыру қажет.
«Мамандыққа кіріспе» пәнінің мақсаты студенттерді өзі таңдаған мамандыққа баулу және соған қызықтыру, инженер-педагогтің ролін көрсету, Қазақстан Ресупбликасындағы жоғары оқу орындарының жүйесімен, университетімізбен, институтпен және мамандыққа баулитын кафедрамен таныстырудан басталады.
«Мамандыққа кіріспе» пәнінің міндеті:
1.Студенттерге мамандыққа қатысты алғашқы түсініктер қалыптастыру;
2.Кәсіби біліктілік тұрғысынан инженер-педагог бойында болуы қажет дағдыларды білу;
4.Жастарды өз мамандығының шебері болуға тәрбиелеу;
5.Ұрпақтан-урпаққа берілетін мәдениеттің трансляциясын камтамасыз ететін әлеуметтік-мәдени тәжірибесінің ерекше сапасы ретінде бұйым туралы біртұтас түсінігін білу;
6.Гуманитарлық іскерліктің ерекше саласы ретінде білім саласы туралы біртұтас тусінігіне ие болу;
7.Психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының ғылыми негіздерін білу;
8.Нағыз кәсіби маманның бойынан көрінуі қажет қасиеттерді жадына сіңіру.
Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 3753;